Ерлан Қарин. «Желтоқсан - Азаттық хабаршысы»
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен азаттық жолында жандарын құрбан еткен ерлердің, түрлі атаулы оқиғалардың мерейтойларының сәйкес келуі тегіннен тегін емес. Мен мұны жиі айтып жүрмін. Тарихта кездейсоқтықтар болады, бірақ дәл биылғы жылғыдай жаппай сәйкестікті кездейсоқтық дей алмаймыз. Бұл тарихи заңдылық. Тіпті тарихи әділдік десек те артық кетпеген болар едік. Себебі, азат ел болуға деген ұмтылыс кез-келген ұлттың жүрегінің түбінде сақталатын, мәңгілік арманы болған ұлы аңсар. Сол сияқты 1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсар екендігі сөзсіз. Бүгінгі конференцияның «Желтоқсан - азаттық хабаршысы, тәуелсіздік таңы!» деп аталуының өзі біздің осы сөзімізді дәйектей түседі. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып соң Кеңес елінің түпкір- түпкірінде сан түрлі толқулардың болғандығын, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегенін Сіздер жақсы білесіздер. Кездейсоқтық па, әлде жаңағы тарихи әділдік, Кеңес империясының ақырғы тағдыры да осы Алматыда, бүгінгі конференция өтіп жатқан Достық үйінің ғимаратында шешілді. Дегенмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысты түйіні шешіле қоймаған әлі бірнеше мәселенің де бар екендігін атап өту керек.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен азаттық жолында жандарын құрбан еткен ерлердің, түрлі атаулы оқиғалардың мерейтойларының сәйкес келуі тегіннен тегін емес. Мен мұны жиі айтып жүрмін. Тарихта кездейсоқтықтар болады, бірақ дәл биылғы жылғыдай жаппай сәйкестікті кездейсоқтық дей алмаймыз. Бұл тарихи заңдылық. Тіпті тарихи әділдік десек те артық кетпеген болар едік. Себебі, азат ел болуға деген ұмтылыс кез-келген ұлттың жүрегінің түбінде сақталатын, мәңгілік арманы болған ұлы аңсар. Сол сияқты 1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсар екендігі сөзсіз. Бүгінгі конференцияның «Желтоқсан - азаттық хабаршысы, тәуелсіздік таңы!» деп аталуының өзі біздің осы сөзімізді дәйектей түседі. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып соң Кеңес елінің түпкір- түпкірінде сан түрлі толқулардың болғандығын, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегенін Сіздер жақсы білесіздер. Кездейсоқтық па, әлде жаңағы тарихи әділдік, Кеңес империясының ақырғы тағдыры да осы Алматыда, бүгінгі конференция өтіп жатқан Достық үйінің ғимаратында шешілді. Дегенмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысты түйіні шешіле қоймаған әлі бірнеше мәселенің де бар екендігін атап өту керек.
Біріншіден, біз 1986 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында болған оқиғаларды әлі күнге ортақ бағалау мен атау жоқ. Негізгі қалыптасып қалған, ол Желтоқсан оқиғасы. Мына бүгінгі жиынның бағдарламасында да солай жазылып қалған. Ал бұл атау сол 80 жылдары ресми бекітілген атау екенін де еске салған жөн. Желтоқсан оқиғасы деген формулировкамен совет газеттері мен партия құжаттарында суреттеледі. Кейін, ресми құжаттарда да осындай атау бекітілді, мысалы КСРО Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің 1990 жылғы 18 мамырдағы қаулысына байланысты қалыптасқаны өздеріңізге мәлім. Кеңес билігі әу баста Алматыда болған оқиғаларды «қазақ ұлтшылдығының көріністері» деп бағалады. Орталық Комитеттің қаулысынан соң ғана біз Алматыда болған жайларды «желтоқсан оқиғасы» деп атап кеттік. Ал шын мәнінде «оқиға» деген не? Негізі Желтоқсан көтерілісіне оқиға деп баға беру қазақтың азаттық жолындағы шешуші әрекеттерінің бірі және бірегейінің бағасын түсіретін сияқты. 2008 жылы жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде оқиғаға былай баға берілген - Оқиға-болып өткен іс, елеулі құбылыс.
Егер осы тұрғыда қарастырар болсақ 86-жылғы жастардың алаңға шығуын «оқиға» деп атау арқылы біз оны кез келген әрекетпен, керек болса тұрмыстық деңгейдегі немесе шағын қоғамдық резонанс тудырған жаңалықпен қатар қоя аламыз. Бірақ, әрине жалпылай алғанда Желтоқсан көтерілісі дейтін болсақ, көтерілістің өзі де оқиға болып саналады. Бірақ, оқиғаның да түр-түрі бар. Жақсысы да, жаманы да бар. Ал бұқараның бас көтеруін қанша дегенмен нақты атаған дұрыс. Әрине, кеңес билігінің 1990 жылы Желтоқсан көтерлісін ашықтан-ашық «көтеріліс» деп мойындауға дәті бармағаны белгілі. Егер Коммунистік партия алып империяның іргесін шайқалтып кеткен бас көтеруді «көтеріліс» деп ашық мойындаса идеологиялық тұрғыда өздерінің қате қадам жасағанын мойындағанымен тең болар еді. Екіншіден, мәселеге бірден «көтеріліс» деп баға беру Алматыда болған жағдайдың саяси бағасын тіптен арттырар еді. Халықтың көз алдында азаттықа деген ұмтылыстың бағасын арттыруды кеңес билігі қалған жоқ. Бірақ, Қазақстан тәуелсіздік алған соң 86-жылғы жастардың кеңес билігіне қарсы шығуын дұрыс атап, дұрыс бағасын бергеніміз дұрыс болар. Сол себепті, біреуміз көтеріліс, біреуміз оқиға деумен келеміз. Енді оқиғаға не себепті «көтеріліс» деп баға берген дұрыс дегенге тоқталайық. Сөз жоқ, бұл жерде ең елдымен бұл ұғымның мәнін ашып алу керек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көтеріліс, ереуіл, қозғалыс ұғымдары да түсіндіріледі.
Көтеріліс-Халық бұқарасының яки белгілі бір көпшілік топтың саяси, әлеуметтік мәні бар құралды күресі, қарулы ереуілі
Ереуіл-жаппай дүрлігушілік, дүрмек, екінші мағынасы, саяси, ұйымдасқан түрде жұмысқа шықпай бас көтерген қозғалыс.
Қозғалыс-халықтың жаппай наразылығы
Егер осы айтылғандардан өрбітсек қозғалыс болу үшін халық жаппай наразылық танытуы керек. Ереуіл де солай. Көтеріліс болу үшін қолда құрал, қару-жарақ болу және бастысы ұйымдастырушысы мен басшысы керек. Бұл жалпы қалыптасқан әдіс. Алайда, Альберт Эйнштейн институты «азаматтық көтеріліс» немесе «күш қолданбау көтерілісі» деген ұғымдарды енгізді. Мұндай жағдайда көтеріліс жасаушылардың қолға қару алуының да қажеті жоқ. Демек, бізге Желтоқсан көтерілісін «Азаматтық көтеріліс» немесе «Демократиялық қарсы шығу, толқу» - «Демократическое выступление» деп те айтуға болады.
Екіншіден, зерттеушілер мен оқулық авторлары да бірізділікке түсуі тиіс. Біз жас ұрпақты отансүйгіш етіп тәрбиелейміз десек, желтоқсан көтерілісіне қатысқан азамттарды үлгі етеміз десек алдымен көтеріліске дұрыс және ортақ баға берген абзал. Өкінішке орай, әзірге біз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз. Тіпті, оқулықтарымызда да әлі күнге дейін бірінде Желтоқсан оқиғасы, ал екіншісінде Желтоқсан көтерелісі деумен келеміз.
Мәселен, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында (оқулық авторлары М.Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Қ.Жүкешев. Алматы «Мектеп» баспасы, 2009 жыл. Екінші басылған нұсқасы). «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары» деген тақырыппен жүрсе, жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында (авторы Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, 2007 жыл. «Мектеп» баспасы). «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары- ұлт азаттық қозғалыстардың жалғасы» деген тақырыппен берілген.
Бір қызығы дәл осы 11-сынып оқулығында 1986 жылғы жастардың баскөтеруі «Желтоқсан оқиғасы» деп аталса, 1989 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларды «Жаңаөзен көтерілісі» деп бағаланған. Ал, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптарға арналған оқулықта «1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі» деп жазылыпты. (М.Қойгелдіиев бастаған авторлар тобы, 2007 жыл, «Мектеп» баспасы). Бірақ, онда Жаңаөзен көтерілісі туралы айтылмаған.
Міне, мұның өзі Желтоқсан көтерілісіне ортақ жүйелі баға беруге кедергі жасап келеді. Біздің оқушыларға бұл көтеріліс туралы ала-құла мәліметтер беріп отырғандығымызды көрсетеді. Бұдан соң тарихтағы оқиғаларыдң тәрбиелік-идеологиялық мән-маңызы туралы айту да орынды бола қоймас. Сондықтан, бүгінгі конференция Желтоқсан көтерілісін дұрыс атап, дұрыс баға беру үшін тиісті шаралар қолдануға мұрындық болуы тиіс.
Үшіншіден, желтоқсан көтерілісі бір сәтте, аяқ астынан болған жоқ. Біз әлі күнге желтоқсан көтерілісін ұзақ жылдардағы үзілістен соң, халықтың іштей тынған ашу-ызасының бір-ақ күнде бұрқ ете түскен сәті ретінде бағалаймыз. Әдетте көтерілістің басталуына түрткі болған соңғы оқиға ретінде 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР-ін ұзақ жылдар бойы басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынып, орнына Мәскеудің шешімімен Геннадий Колбиннің тағайындалуын атаймыз. Ал, көтерілістің басталуына себеп ретінде ұзақ жылдар бойы қордаланған күрделі ұлттың, мәдени, әлеуметтік мәселелерді жүйелеп айтпаймыз. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлттық мүддесі табанға тапталған үстіне таптала түскені анық. Тың игеру жылдарынан басталған руханиятқа, тілге деген шабуыл ұлтты әбден ашындырған еді. Кеңес империясы алғаш құрылған жылдары ұлт зиялыларының, соның ішінде алаш қайраткерлерінің белсенді қызметінің нәтижесінде көптеген қазақ мектептерін, театрлар ашып, ұлттық мәдениетті дамытуға түрлі сипаттағы мүмкіндіктер берсе, өткен ғасырдың 60-70 жылдары бұл мүмкіндіктер қайта жойыла бастады. Қазақ мектептері жабылды. Ұлттың салт-дәстүрі мен діні ұмыт қалды. Оның үстіне Қазақстан шикізат өндіруші ел ретінде қалып қойды. Іс жүзінде елді Орталық басқарды. Мұның бәрі халықтың ашу-ызасын туғызды. Бұл Желтоқсан көтерілісіне бастаған негізгі себептердің қатарына жатады. Бірақ, қалың бұқара әлі күнге 1986 жылғы жастар алаңға тек Колбиннің тағайындалуына қарсы болып шықты деседі. Ал шын мәнісінде, 86-жылға дейін де, 60-70 жылдары Қазақстанда кеңестік саясатқа үлкен қарсылық болып отырды. Студенттік жастар, ұлт зиялылары қазақ мектептерінің жабылып жатқанына, қазақ ұлты өкілдерінің жоғары мемлекеттік лауазымдардан шеттетіле бастағанына наразылықтарын жасырмады. Оның бір дәлелі, мысалы 1965 жылы 23 желтоқсанда КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Семичастный КОКП Орталық Комитетіне жолдаған хатында Қазақ КСР-інде жекелеген топтардың кеңестік саясатқа қарсылық ұйымдастырып жүргенін, және бірқатар азаматтардың қазақтарды тәуелсіз мемлекет құруға үндеп жүргенін жазған.
Мұның өзі қазақтың азаттықа деген ұмтылысы ешқашан тоқтамағанына нақты дәлел болады. Осы тұста бір атап өтер жай 1960 жылдары студент болған жастардың біразы 80-жылдары жоғары оқу орындарында дәріс оқыса, біразы кәсіпорындарда, мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істегені сөзсіз. 60-жылдардағы зиялылардың бірқатары, олардың шәкірттері, бәрі де қоғамдық өмірге белсене араласқаны анық. Демек, Желтоқсан көтерілісі кездейсоқ оқиға емес, ол ұзақ уақыт бойы қоғам ішінде қордаланған наразылықтардың бетке шығуының нәтижесі. Кенесарыдан бері бірде лаулап жанған, бірде шоқтай болып ақырын ғана маздап жанған азаттық рухы, еркіндікке деген ұмтылыс екендігін көрсетеді. Сондықтан, Желтоқсан бұл Тәуелсіздікке жол ашқан ұлт тарихындағы шешуші меже болды десе болады.
«Абай-ақпарат»