Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2848 0 пікір 19 Қыркүйек, 2011 сағат 06:55

Ардақ Құлтай. Абайдың ақындық айналасы туралы не айтасыз?

Роза Рымбаева, әнші, Қазақстанның халық әртісі:

- Абай десе, Шәкәрім Құдайберді­ұлының шығармашылығы ғана алдымен еске түседі. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» трагедиясын жақсы білесіздер. Сол үлкен трагедиялық, өлең сөзбен жазыл­ған поэмасының Кебек туралы жырын орындаймын. Бұл әнді 1979 жылдан бастап қазірге дейін орындап келемін. Өз репертуарымдағы ең жақсы әндердің қатарында екенін айта аламын.

 

 

Роза Рымбаева, әнші, Қазақстанның халық әртісі:

- Абай десе, Шәкәрім Құдайберді­ұлының шығармашылығы ғана алдымен еске түседі. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» трагедиясын жақсы білесіздер. Сол үлкен трагедиялық, өлең сөзбен жазыл­ған поэмасының Кебек туралы жырын орындаймын. Бұл әнді 1979 жылдан бастап қазірге дейін орындап келемін. Өз репертуарымдағы ең жақсы әндердің қатарында екенін айта аламын.

 

 

Аманхан Әлім, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері:

- Оның шәкір­ті деп Көкбай ақын­ды, Әріп Тәңірбер­ген­ов­ті, «Абай жо­лы» ро­манындағы Шұбарды айтуға болады. Абайдың өз балаларынан бас­тап бүгінгі күнге дейін жалғасқан ақындарды шәкірті деп айтуға болады. Мәселен, Қадыр аға Мыр­залиев. Жалпы, философиялық ой-пікірді поэзияға айналдыру, ол - не­кен-саяқ талант иелерінің еншісінде. Абай - соның басы. Басшысы болғанда да, ол өз заманында, өз уақытында ке­луі­мен басы болып отыр. Өйткені Абай - оған дейін де қазақ поэзиясындағы философиялық түйіндерді жазба стиль­ге көшірген тұлға. Оның Шәкәрім қажы­ға ықпалын айтсақ, ол - өзінше бір төбе әңгіме. Сондықтан да Абай - жаңа кезең­нің, жаңа заманның басында тұр­ған қазақ жазба әдебиетінің тілін қалып­тастырған ақын. Мен бір жолы Абайды бас ақын, басты ақын емес дегенімде, кейбіреулер түсінбеді. Абай­ды жоққа шығарып отырғандай болып маған соқтыққандар табылды. Бұл Абайды жоққа шығару емес, егер біз бар поэзияны Абайдан бастасақ, онда оған дейінгі ақындарымыз бен жырау­лары­мызды жоққа шығарғанмен бір­дей боламыз. Абай болмаса, біз ұлт ре­тінде өмірге ештеңе де бермеген болып шыға келеміз. Абайды жаңа кезең­нің бас ақыны деп қабылдау ке­рек. Ал кейбір сыншыларымыз осыны ескермейді. Абай шәкірттері де сол жа­ңа кезеңнің жемісі және дәстүр жалғас­тырушысы. Мәселеге осы тұрғыдан келуі керек. Мағауия, Шәкәрім, Әріптерді айтқанымызбен, Абайдың шәкірті деп Абайдан кейінгі барлық ақындарды айтуға болады. Себебі Абай - біз үшін поэтикалық ірі тұлғалықтан бұрын ұлт ақыны ретінде қабылданатын тұлға. Менің бір айтқаным бар «халық ақыны көп, ал ұлт ақыны некен-саяқ» деп. Сондықтан бас-басымен айтып, оның бәрін де Абайдың шәкірті дей беруге де болмайды. «Абай шәкірті» деген сөздің өзіне аса ыждаһаттылықпен ойланып, байқап қарауымыз керек. Кім Абайға қай жағынан шәкірт, міне, осыны ұғып алайық. Бұл әңгіме төңіре­гінде үлкен «ревизия» жасалуы керек. Шын мағынасындағы шәкірті кім деген сұ­рақты кеңінен талдап, талқылау ке­рек. Біздің сын әлі соған жауап берген жоқ.

Жәди Шәкен, жазушы:

- Бүкіл қалам ұс­таған қауым - Абай­дың шәкірті ғой! Абай мектебін өне­ге тұтпаған ақын жоқ. Ол - ақыл­дың, лирика­ның кәусар бұлағы. Сол бұлақтан су­сын­даған жазиралы құрақ бар десе, мұның барлығы да - сол Абайдың қа­ла­ған еңбегі. Абай өлеңдерімен, өне­г­е­сі­­мен, лирикалық сезімталдығымен, ерек­ше әуезділігімен, қазақ поэзиясына әкел­ген жаңа формасымен бізге мол бай­лық сыйлағаны анық. Өз басым Абайдың бір­ден-бір шәкірті ретінде Шың­жаң қазақ­та­ры қоныстанған Бая­н өлгей, Қобда өңі­рі­не кеңінен танымал, қазірде Алтайдың ар­ғы жағында жатқан мәшһүр ақын - Ақыт Үлім­жіұлын айта аламын.

«Бізден бұрын ақындар өтті талай,

Соның бірі - Құнанбай, баласы - Абай», -

деп келетін өлеңі де бар. Мен бір жаңа­лық айтайын, Абайдан бұрын, 1890 жылдары кітап бастырып үлгерген ақын­дар Абай өлеңдерінің тереңдігін түсініп, ол туралы пікірлер көп айтқан. Оны ұстаз тұтқан. Ақыт ақын Абайға арнап бір дәптер өлең жаз­ған. Абай бағытымен 90 өлең жазған ақын да осы - Ақыт Үлімжіұлы болатын. Абай 1845 жылы туса, Ақыт 1868 жылы ту­ған. Осыншалықты тұстас адамдар болса да, Ақыттың Абайды ұстаз тұтқаны белгілі. Абай өлеңдері 1909 жылдары жарыққа шықса, ал Ақыттың жинағы 1890 жылдары жарық көрді. Ал 1898 жылы орыстың Николай Котанов деген үлкен ғалымы Ақыт шығармашылығына тоқталған. Міне, сонда Абайдан бұрын шығарма жариялаған Ақыт Абайдың соншалықты биік екенін мойын­дап, өзіне ұстаз еткені белгілі болды. Және өзін Абайдың шәкіртімін деп есепте­ген.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері:

- Абайды ұстаз тұтатын қазақтың бәрін де Абайдың шәкірттері деуге бо­лады. Бертіндегі Уәйіс, Шәкәрім, Әсет­­терді айтамыз ғой, ал бірақ кім Абайдың тағылымын, поэзиясын оқып, содан нәр алса, оны, әлбетте, Абайдың шәкірт­тері деп айтуға болады. Абайдың жа­нын­да Шәкәрім, Көкбай, Мүрсәлім секіл­ді адамдар аз болмаған. Оның барлығы да - оның заңды шәкірттері. Зерт­теуге келсек, Шәкәрім зерттеліп-ақ жатыр, ал Әсет Найманбайұлының шы­ғар­машылығы әлі де зерттелінбей келе жатқаны өкінішті, әрине. Көкбайды болса, онша ақын ретінде айта алмай­мын. Қарап отырсақ, Абайдың өзі де, оның шәкірттері де жыраулар поэзиясы­нан нәр алған. Абайдың теңдесі жоқ ақын екеніне ешкімнің дауы жоқ, десек те, сол Абайдың өзі жыраулардан сусындап, солардан үлгі алған. Осылай айтуға толық негіз бар. Себебі бәрі де дәстүрлі қазақ поэзиясының жалғасы екенін теріске шығаруға болмайды. Дулат жыраулардың нақ өзі болса, Абай - сол Дулаттардың жалғасы. Бірақ ол қанша дегенімен Құнанбай қажының баласы ғой. Абай - шығыс, батыс әде­биет­терінен де сусындаған адам. Оның шәкірттеріне оралсақ, шынын айтқанда, шәкірттерінің барлығы да сол Абайдың көлеңкесінде қалды ғой бәрі. Абайдың молданы сынаған жерін бүкіл мұсыл­ман­ды сынағандай етіп көрсеткен заман болды, байды сынаған жерін бүкіл қо­ғам­ды сынағандай етіп көрсетті. Мұның өзі де бір үлкен тақырып екенін түсін­гендеймі

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522