Әкімдер мен министрлерді халық сайлау керек
Әкімдер мен министрлерді халық сайлау керек. Ол процесті қалай жүзеге асырған дұрыс?
Бүгінгі дамыған технология заманында, тым болмаса, он-лайн дауыс беру жүйесі арқылы эксперимент жасап көруге болады. Ол оп-оңай. Әкім не министр болғысы келетін кандидат өз бағдарламасын e.gov және e.halyk жүйелерінің "Дауыс беру" бөліміне жариялайды. Сол бағдарламасымен танысқан соң, халық өзі қалаған кандидатқа он-лайн дауыс береді.
Мысалы, бүгінде "рейтинг акимов" дейтін түкке тұрғысыз жобалар бар ғой, әкімдердің рейтингін өтірік анықтайды, яғни, қай әкімнің жағымпазы, пысық менеджерлері көп, солар дауыс жинап береді.
Немесе, "халық сүйіктісі" дейтін далбаса жоба бар. Далбаса дейтінім, қатысушылар "маған дауыс берші" деп жалынып отырады.
Сол сияқты, онлайн жүйеде халық дауысы арқылы сайлау өткізсе, онда халық өз ықыласымен жаппай қатысып, іскер адамға дауыс берер еді. Бір адам бір-ақ рет дауыс бере алатын ереже, бағдарламасын дұрыстап, сауатты жасаса, жетіп жатыр. Компьютерді білмейтін жас-кәрілер ЦОНға барып, оператордың көмегімен дауыс беретін болу керек...
Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz