Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА: МЕНІ ЖАЙЫМА ҚАЛДЫРЫҢДАР!
Астанада Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы басталды. Бесінші рет өткізіліп отырған байқау алыс-жақын шетелден мәртебелі мамандарды жинап, жас әншілердің бағын ашпақ. Шараның бас «жұлдызы» - КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік еңбек ері, халық еркелететін «бұлбұл»... Бибігүл Төлегенованың сахнаға сіңірген еңбегінде шек жоқ, халық алдындағы абыройын да азырқана алмаймыз.
Жақында ғана қоғамды дүр сілкіндірген «138-дің хатында» Б.Төлегенованың есімі де жарқылдап жүрген. Бірақ «орыс тілін статустан айырады екен» деп, талағы тарс айрылған орыстілді басылымдар хабарласқанда, ыршып түскендердің алғашқысы «алаштың ардақтысы» деген апамыз болды.
Астанада Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы басталды. Бесінші рет өткізіліп отырған байқау алыс-жақын шетелден мәртебелі мамандарды жинап, жас әншілердің бағын ашпақ. Шараның бас «жұлдызы» - КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік еңбек ері, халық еркелететін «бұлбұл»... Бибігүл Төлегенованың сахнаға сіңірген еңбегінде шек жоқ, халық алдындағы абыройын да азырқана алмаймыз.
Жақында ғана қоғамды дүр сілкіндірген «138-дің хатында» Б.Төлегенованың есімі де жарқылдап жүрген. Бірақ «орыс тілін статустан айырады екен» деп, талағы тарс айрылған орыстілді басылымдар хабарласқанда, ыршып түскендердің алғашқысы «алаштың ардақтысы» деген апамыз болды.
«Мен қол қойған жоқпын, ешқандай «қатаң шаралар» туралы естіген емеспін» деп шегіншектеп еді әншіміз. Жарайды. Бас тартқан көптің арасынан ол кісіні байқамай да қалар ек. Жо-о-оқ, қандай түлен түрткенін, Бибігүл Ахметқызы елден ерекшеленгісі келіп, пресс-конференция өткізді.
«Если на то пошло, у меня очень большая интернациональная семья, порядка 10 народностей: отец - казах, мать - татарка» деп әңгіме бастаған Бибігүл апай мемлекеттік тілдің мәртебесін ғана ойлаған бейбақтарға: «Енді маған өз отбасыңнан бас тарт деп тұрсыңдар ма?» деп ашынды. Сосын «былықтырып» жүрген Шахановты шымши кетті: «Немножко тут, конечно, перебрал наш Мухтар Шаханов... Моя политика - это искусство. И Шаханова я призываю к тому, чтобы он писал свои стихи на таком уровне, чтобы люди, которые не понимают языка, захотели бы его выучить». Шахановты қойшы, апамыздың қызды-қыздымен қазақтың тіліне шүйліккені қызық болды. «Сам язык еще не адаптирован. Вот вы мне переведите: "Снижение цен на 50 процентов". Правильно, "50 пайыз жеңiлдiк". Я читаю - мне стыдно. Что такое "жеңiлдiк"? "Облегчение". Когда человек получает облегчение? Вот вы смеетесь, а я каждый раз говорю: вам не стыдно такие вещи писать? Мы себя еще должны обучить казахскому языку, мы сами его толком не знаем, а что-то требуем от русскоязычного населения!».
Бұл әңгімеден түсінгеніміз, қазақтың халық әнін құйқаңды дірілдетіп, құйқылжыта төгетін лирико-колоратуралық сопрано алпыснешеме жылдан бері (қазақ тілін Алматыға оқуға келгенде ғана үйренгенін ескерсек) баба тілін бір кісідей меңгермеген екен. Әйтпесе, апамыздың «жеңілдік» деп меңзеп отырғаны не? Қазақ ешқашан дәретке барып келіп, «жеңілдедім» деп сөйлемейді. «С облегчением» деп бас салып құттықтамайды бір-бірін. (Әрине, «скидканың» қазақшасы «жеңілдік» деп жабысып отырған біз жоқ). Сөйтіп отырып, «сам язык еще не адаптирован» дегенді қалай ұғынуға болады?
Ең қызығы, осы кезде сол хатқа қол жинаған Нұржан Ошанбеков залда отырған болып шықты. Шыдамай кетті білем, дауыстап тұрып: «Мен сізге телефон соғып, хатты оқып бердім, сіз «егер мұндай кісілер қол қойса, мен неге қоймаймын» дедіңіз. Орысша айтқанда, «не соответствует действительности» деп салды. Халық әртісі мұндайды күтпеген болуы керек, қарап тұрмай: «Нечего меня обвинять, я вообще на пляже лежала» деді.
Орнынан қайта тұрып, журналистерге бұрылған Ошанбеков, қайдан есіне түсіп кеткені, Желтоқсан оқиғасын сөз етті. «Мен біреуді екіжүзді дегім келіп тұрған жоқ. Бірақ естеріңізде болса, 25 жыл бұрын... Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздігіміздің бесігі болды. Осы шара да сол кезеңді еске түсіреді» деп әлденеге меңзеді.
Ал көңілі жабырқаған әнші апамыз: «Мен қарсымын. Бітті. 37 жылы әкемді де жазықсыздан жазықсыз атып тастаған. Жайыма қалдырыңдар...» деді.
Әрине, егде жасқа келген, бүкіл халық жақсы көретін еңбекқор, талантты, парасатты әншіні, қазақтың маңдайындағы жұлдызды ел алдында осылай тұқырту кісі қызығатын қылық емес. Бірақ. Бибігүл Ахметқызы да қазақтың көңіліне қарап жатыр ма? Оны «халық жауы» атандырып, «жазықсыздан-жазықсыз» атып тастайын деп жатқан ешкім жоқ қой! Б.Төлегенова кезінде Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, Е.Рахмадиевтің «Алпамысындағы» Гүлбаршын секілді алаштың аяулы қыздарының бәрін кейіптеген. Бірақ осы образдар жиылып келіп әнші үшін «Снегурочканың» тырнағына да татымай қалғаны өкінішті...
Неге?.. Бүгінгі қазақ зиялылары неге туған халқын «сатып» кетуге даяр тұрады осы? Оларға «қол қойыңыз» десе, қазақтың зиялысы деп қолқа салды. Орыс халқының мәселесі шешіліп жатса, ешкім шақырмас еді. Сонда да, неге екені, олар қалың қазақтың сүйіспеншілігінен гөрі орыстың алдындағы арзан беделді артық көреді. Халықтың киесінен қорқу керек қой...
Д.МӘКЕЖАН