Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2212 0 пікір 17 Қыркүйек, 2011 сағат 12:37

Сүлеймен Мәмбет. Абай ұрпақтарына құрмет

Жақсыдан қалған жақсыға құрмет көрсету, ілтипат таныту, көңілге медеу болатын мұрасы болса, оған сергек қарау кейінгінің парызы деп білеміз. Сондай бір әдемі іске жақында Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық мұражайы ұйытқы болған еді. Ұлтымыздың ұлығы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының талантты баласы Ақылбай Абайұлының 150 жылдығы мен оның кіндігінен жаралған талант Әубәкір Ақылбайұлының 130 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш соның дәлелі деп білеміз.

Иә, Абайдың асқар биігін, баға жетпес асыл мұрасын шәкірттерінің шығармашылығы да толықтырып отырғаны тарихтан мәлім. Оның айналасында Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет, Уәйіс, Бейсенбай, Әубәкір, Кәкітай, Әбіш сияқты жас талап ақындармен қатар, Мұқа, Мұхаметжан, Әлмағамбет ертекші, Баймағамбет тәрізді әнші-күйшілер жүрген екен.

Ақылбай (1861-1904) Абайдың тұңғыш ұлы әрі талантты шәкірті. Ол ата дәстүрімен үлкен әкесі Құнанбайдың бауырында тәрбиеленген. Жақсының тайтұяқтай ұлынан қалған поэмалары әдебиетіміздің алтын қазынасына қосылуымен бірге, өзге жұрттарға да танылған. Оған ағылшын жазушысы Генри Райдер Хаггардтың Ақылбай шығармаларымен танысуы мысал болса керек. Ал ән өнеріндегі айтулы туынды саналатын «Ақылбайдың әнін» бар нақышымен Жәнібек Кәрменов, Жұмабек Қамбаров, Келденбай Өлмесеков орындап, ел арасына танытты.

Ал Әубәкір Ақылбайұлы (1881-1934) текті тұқымнан та-раған дарынның бірі еді. Ол да атасы мен әкесі секілді өлеңнен өрнек салған ақын.

Кеште мұрағат қорынан алынған Ақылбай Абайұлы мен Әубәкір Ақылбайұлының өміріне қатысты құжаттар, ұрпақтары жайлы деректер, тарихи суреттер көрсетіліп, өмірі мен шығармашылығы жөнінде сөз болыпты. Ақылбайдың ұрпағы Л.Баймағамбетова сөз сөйлеп, мұражай ұжымына алғысын білдірді.

Абайдың мемлекеттік тари-хи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайында ұлы ақынға арналған тағы бір шара «Абай және өнер» деп аталған. Онда ұлы тұлғаның қазақ өне-ріне қосқан шығармалары жан-жақты сөз болған. Осы бас қо суда мұражай директоры Жандос Әубәкір, профессор Арап Еспембетов, белгілі композитор Тұрсынғазы Рахимов ұлы ақынның ән өнері туралы ой өрбітті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520