Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1821 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 05:30

Қуандық Шамахайұлы. Тәуелсіздік кепілі - инвестиция емес (Жалғасы)

Біз бүгінде шетел инвесторлеріне жағдай жасаудан әлемде алға шығып кеткенімізді мақтан етіп, БАҚ арқылы шулаймыз да жатамыз. Оның қырына үңіліп, ақырғы нәтижесі не боларына ден қояр емеспіз.

 

Инвестиция - игілік пе, иттік пе?

 

Өкінішке қарай, ел экономикасына инвестиция енгізудің көлеңкелі тұстары қылың беріп жатыр. Мысалы, Латын Америкасындағы  мына бір жайтты тарихи ащы сабақ деуге болады. Елдің ауыл шаруашылығы саласына жарияланған тендер бойынша оған шетел инвестициясын тартуға тиым салынған арнайы ереже енгізілген екен.  Алайда, бірлескен компанияның инвестициясына рұқсат беретін заңдық құжат бар. Оны шетелдік компания асқан шеберлікпен пайдалана білген. Оффшорлық тіркеудегі бірнеше қожайыннан құралған секілді етіп бірнеше  ұжым бірлескен компания құрады да тендерде жеңіп шығады. Елдің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласында басты ойыншыға айналады.  Ресми түрде бірнеше компания жұмыс жүргізіп отырғандай көрінгенімен іс жүзінде артында бір ғана қожасы бар ұйымның тұрғаны кейін белгілі болады. Компанияның көп жыл бойы жүргізген саясаты мен атқарған іс қызметі елдің экономикасына қыруар шығын әкеліп залалын тигізген.

Біз бүгінде шетел инвесторлеріне жағдай жасаудан әлемде алға шығып кеткенімізді мақтан етіп, БАҚ арқылы шулаймыз да жатамыз. Оның қырына үңіліп, ақырғы нәтижесі не боларына ден қояр емеспіз.

 

Инвестиция - игілік пе, иттік пе?

 

Өкінішке қарай, ел экономикасына инвестиция енгізудің көлеңкелі тұстары қылың беріп жатыр. Мысалы, Латын Америкасындағы  мына бір жайтты тарихи ащы сабақ деуге болады. Елдің ауыл шаруашылығы саласына жарияланған тендер бойынша оған шетел инвестициясын тартуға тиым салынған арнайы ереже енгізілген екен.  Алайда, бірлескен компанияның инвестициясына рұқсат беретін заңдық құжат бар. Оны шетелдік компания асқан шеберлікпен пайдалана білген. Оффшорлық тіркеудегі бірнеше қожайыннан құралған секілді етіп бірнеше  ұжым бірлескен компания құрады да тендерде жеңіп шығады. Елдің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласында басты ойыншыға айналады.  Ресми түрде бірнеше компания жұмыс жүргізіп отырғандай көрінгенімен іс жүзінде артында бір ғана қожасы бар ұйымның тұрғаны кейін белгілі болады. Компанияның көп жыл бойы жүргізген саясаты мен атқарған іс қызметі елдің экономикасына қыруар шығын әкеліп залалын тигізген.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері түпкілікті қожасы беймәлім, ақырғы жауапкершілікті жүктеуге келмейтін оффшорлық  компанияларды мемлекеттің стратегиялық маңызды салаларына жолатпайды. Ал, біз бүгінде шетел инвесторлеріне жағдай жасаудан әлемде алға шығып кеткенімізді мақтан етіп, БАҚ арқылы шулаймыз да жатамыз. Ал, оның қырына үңіліп, ақырғы нәтижесі не боларын пайымдауға мұршамыз болар емес. Қысқасы, мақтанудан қолымыз босайтын түрі жоқ.

Экологиялық жаулауды ескеріп жүрміз бе?

 

Экологиялық соғыстың өзінде екі бағыт айқындалған екен. Біріншісі, экологияның тұрақты балансын технологиялық тәсілмен бүлдіру болса, екіншісі, экологиялық құрылымды экономикалық фактормен қирату. Алғашқысы, қарсы жақтың экологиялық жүйесінің тепе-теңдігінен айыру белгілі бір елдің экономикасын күйретудің таңдаулы тәсілдердің бірі дегенді сарапшылар ескертіп келеді. Экологияның тұрақты балансын технологиялық тәсілмен бұзу мәселесі көп жағдайда кездейсоқ тұрпатта іспетті көрініс табады екен. Ал, кей жағдайда сирек болса да әдейі қасақана бүлдіру, ластау технология да қолданылады.  Кездейсоқ тұрпатта секілді жасалатын қастандықтың тәсілі белгілі бір технологияны жүзеге асыруға қабілетсіз адамдарға істің тетігін әдейі ұстатып қояды. Сосын, әдейі біреудің қолымен от көсеуге кіріседі. Ғылымда экологияға еш нұқсан келтірмей жұмыс жүргізу технология әзірше шығарылған жоқ. Дегенмен,  табиғатқа келтіретін залалы мейлінше аз озық технологиялар жоқ деуге тағы болмайды.

Айталық, цианит натри деген улы зат бар. Егер оның техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, дұрыс қолдана білсек экологияға тигізетін зиянын азайтуға болады. Ал, оны білмейтін, қолдану тәртібінен бейхабар адамдарға әдейі берсе немесе сатса одан келетін қауіптің салдарын алдын ала болжаудың өзі қорқынышты.

Қоршаған ортаны қасқана бүлдіру технологияларға энергетикалық станциялар, ядролық қуат күшін пайдаланатын ұйымдар, өндірістер, құрылыс трестері жатқызылады. Экономикалық өндірістік жүйелі саясат жасалмайынша аталмыш технологиялар ұлттық қауіпсіздікке және тұрғындардың денсаулығы мен  гендік қорына залал төндіретін фактор ретінде қала береді. Осындай іс әрекеттерден шығатын кері салдарларды біле тұра оған әдейі қолдау көрсетуді, қаржыландыруды, ұйымдастыруды да экологиялық соғыстың бір түріне жатқызуға болады.

Экологиялық құрылымды экономикалық факторлар арқылы бүлдіру ел экономикасын тұралатып қана қоймайды. Сонымен қатар қоғамдық-саяси  құрылымды да орасан түрде зақымдайтындықтан ең қауіпті технологияға жатқызылады. Мал шаруашылығын құлдыратып күйрету стратегиялық саясат бізде кеңестік дәуірден бастап қолға алынған. Тәуелсіздік жылдарында оған өзіміз де қомақты үлес қосып келеміз. Экожүйені бүлдірудің салдарынан судың тапшылығын тудыру, жайылымды талқандап, мал жаятын өрісті тарылту көшпенділердің дәстүрлі шаруашылғын құртудың ең таңдаулы тәсілдерінің бірі.  Қу тақырға айналған далада шығын көбеймесе мал басы өспесі анық.

Су ресурстарын құртудың тағы бір амалы орман, тоғайларды отау үшін көрші елдердің бірі ағашты жоғары бағамен импорттау стратегиялық саясат жүргізсе жеткілікті. Жерасты қазба байлықтарын пайдалану саласына мол көлемде инвестиция енгізудің өзі судың тартылуына, жердің азып-тозуына, жайылымдарды құнарсыз етуге әкелетін ең оңтайлы тәсіл. Ал, оны ескеріп жатқан біз жоқпыз.

«Ауру астан» немесе генетикалық соғыс

 

Әлем ғалымдарының салыстыруларына қарағанда, 1910 жылы бір алма жегенде адам бойына даритын темірдің көлеміне 2010 жылы 5 кг алма жегенде ғана зорға жететіндігі анықталған. Қазіргі таңда генетикалық кері әсер көрсетуі ықтимал технологияны қауіпті үрдіске жатқызып отыр. Ғалымдар генетика әсерін, мутациялық қаупі жоғары технологияны биологиялық, химиялық қару қолданудан да зор залал төндіреді деп санайды.  Генетикалық және мутациялық залал әкелетін технологияны ішінара қысқа және ұзақ мерзімде әсер ететін, кері ықпалы жылдам немесе баяу анықталатын, салдарынан арылуға болатын және болмайтын деп бірнеше бағытқа бөледі. Елімізге төнетін генетикалық технология қауіпі ең алдымен азық-түлік, мал жемі арқылы таралу ықтималдығы басым.

Азық-түлік қауіпсіздігі әрбір ұлттың ең басты қорғаны болғандықтан аталмыш салада ең жоғарғы талап пен стандарт, заң ережелер қызмет етуге тиіс. Осы саладағы саясат ақсаса, генетикалық қауіптің бұлты басымызға үйірілмек. Олай болса, бұл мәселе қауіпсіздіктің бірнеше саласын қамтымақ. Атап айтқанда, жер қыртысының, мал жайылымдары мен су көздерінің ластануынан сақтау секілді құқтық және қадағалаушылық кешендердің аясында қарастырылады. Жалпы аталмыш салаға белгілі бір жаңа технологияны енгізу үшін де жіті зерттеп, жылдар бойы тәжірибеден өткізіп барып өндіріске енгізеді. Біз фермерлік шаруашылықты дамытамыз деп шулап жүрміз ғой. Оған байланысты да туындауы ықтимал субъективтік құрбандықтар болатын көрінеді.

Фермерлік шаруашылықтың артықшылығы еңбек өнімділігінің жоғарылығы мен экономикалық тиімділігінің басымдығы екендігін бәріміз білеміз. Алайда, сүт пен етке сіңетін табиғи нәрлілік пен пайдалы витаминнің құрамы мен сапасы 5-85 пайызға дейін кеміп кететіндігін біле бермейміз. Оны азайту үшін мал жеміне түрлі комбикорм, биокормдарды пайдаланып жатады.

Ауа райының ерекшеліктері, экологиялық тарихи эволюцияға сай ұлтымыздың гендік қоры да өзгеріске түсті. Жылдың төрт мезгілінің ауыспалы маусымына сай қазақ баласының  гендік қоры да соған лайықталған. Сапалы әрі витаминға бай экологиялық таза өнім түрлерін тұтынып келген қазақ ұлтының дене организмі аумалы төкпелі ауарайының құбылмалы өзгерістеріне төтеп бере алған. Малдан алынатын барлық өнімдерді ұқсатып пайдаланудың арқасында халқымыздың өсіп өнгені тарихи шындық.  Ал, енді фермерлік шаруашылыққа түбегейлі бет бұрған жағдайда өркениетті елдердің стандартын ұстануымыз керек болады. Ал, ондай экономикалық қалыптасқан база бізде жоқ.  Аталмыш технологияны стандарт бойынша жүзеге асыру үшін ондаған жылдар мен қыруар қаржы керек. Американың Миссури штатынан бірнеше сиырды ұшақпен тасып әкелумен мәселе шешіліп кетпейді. Стандартқа сай келетін фермерлік шаруашылық құрылмағаннан кейін, табиғи жемді сапалы комбикорммен алмастырмаған соң азық-түлік сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Оның салдары халықтың гендік қорына нұқсан келтіреді.

Фермерлік шаруашылықтың мүлде қажеті жоқ деуден аулақпыз. Тек оны елдегі дәстүрлі мал шаруашылығымен дұрыс үйлестіріп, дамыта алсақ туындауы ықтимал кереғарлықтың алдын алуға болады дегенді айтқымыз келеді.

Геостратегиялық сыртқы саясат қырғи қабақ соғыс заманы аяқталғаннан кейін көптеген жоғары дамыған елдердің басты ұстанымдарына айналды. 1973 жылы Чилиде болған оқиғаны  коммунистік лагердің қаупі ретінде идеологиялық қалқан етіп,  астыртын жаулағандары секілді өзге елдерге өз ықпалын ұлғайтуды көздеушілік белең алып отыр. АҚШ-тың көмегімен  Августо Пиночет билікті алғаннан кейін Чили елінің мыс нарығындағы саясат  американың геосаяси жүрісінің аясында шешіліп келді. Кезінде АҚШ Августо Пиночетті қолдау саясаты мен ресми түсініктемесі арасында елеулі алшақтық болды.  Бір жағынан Салвадор Альенде билігінің ірі мыс қорыту орындарын мемлекет меншігіне өткізуін АҚШ өз азаматтарының жеке мүлкіне қол салу деп қабылдады.  Ол тұста Чилидің ірі кәсіпорындары американдық жекеменшік компанияларының иелігінде болған. Осынау «майшелпектерден» қапияда айырылып қалу АҚШ экономикасының дамуына соққы болып тигендіктен олар құпия қызметтерінің тікелей араласуымен Августо Пиночетке биліктің тізгінін ұстатқаны бүгінде зерттеушілер үшін басы ашық әңгіме.

Мұның бәрі бізге тарихи сабақ алу, ірі державалардың мүдделерінің, құрлық асыра жеткізетін саясатының ықпалына түспеу, ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Бұл әрине, бір-екі адам, азын-аулақ мекеме, ұйымдардың ғана айналысатын шаруасы емес.  Дәл қазіргідей, «алдымен экономика, сосын саясат» - деп, арқаны кеңге салуға болмайтынын әлемде өтіп жатқан оқиғалар өзінен өзі ескертіп тұрғандай. Айналып келгенде, қоғам өміріндегі барлық іс әрекет саясаттан тыс тұра алмайтындықтан оны айналып өту мүмкін болмасы да белгілі.

 

«Абай-ақпарат»

(Соңы)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475