Көпбалалы аналарға қарайласудың басқа формасын ұсынар едім
Өз басым көп балалы отбасыларына қайыршы құсатып, үкіметтен тамтұмдап тиын тебен ұстатқанға қарсымын. Тіпті қомақты қаржы бергенді де құптамаймын. Әркім баланы өзі үшін туады, өз бақыты үшін табады. Оның орнына мемлекет тарапынан қарайласудың басқа формаларын ұсынар едім.
1. Көп балалы отбастарын коммуналдық төлемдерден толықтай босату;
2. Мектеп жасындағыларды оқу құралдарымен және мектеп киімімен мемлекет есебінен қамтамасыз ету;
3. 6 баладан көп отбасыларына әкімшілік тарапынан көлік (микроавтобус) бекіту;
4. 4-5 баласы бар отбасына қоғамдық көлікте тегін жүруге рұқсат беру;
5. Отбасы мүшелері ауырған жағдайда тегін медициналық
көмек ғана емес, сонымен бірге дәрі-дәрмектердің кез-келген түрін мемлекет есебінен қамтамасыз ету;
6. Жылына бір рет отандық курорттарда (Алакөль, Бурабай, Сары-Ағаш т.б.) отбасымен демалуға мүмкіндік қарастыру;
7. Төрт пен беске оқыған балаларын қалаған жоғарғы оқу орындарына емтихан мен ҰБТ-сыз грантқа қабылдау.
8. Орташа не нашар оқыған балаларды кәсіби колледждерде тегін оқыту;
9. Тиімділігі дәленденген бизнес-жоспары бар отбастарына ақшалай грант немесе үстеме ақысыз кредит бөлу;
10. Жеке кәсіпке бейімі жоқтарды жұмыспен қамтамасыз ету;
Осындай нақты шаралар жүзеге асырылғанда ғана кез келген көп балалы отбасы мемлекеттің шынайы қамқорлығын сезетін болады. Ал қолға тиын-тебен ұстата салу, ол мемлекеттің ондай отбасынан ақша беріп құтылуға асыққандай болып көрінеді.
Мұхтар Түменбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz