Кәне, қайсы Алдар?
1. http://denisovka.info сайтына пікір жазған бір адам Алдар Көсені осындай деп таниды.
2. Қазақстан Ұлттық банкінің «Қазақстан халқы ертегілері» сериясы бойынша шығарған күмістен жасалған «Алдар Көсе» монетасы.
3. Аруна LTDбаспасы шығарған «Алдар атануы» деген кітапта Алдар Көсе осылай бейнеленген.
1. http://denisovka.info сайтына пікір жазған бір адам Алдар Көсені осындай деп таниды.
2. Қазақстан Ұлттық банкінің «Қазақстан халқы ертегілері» сериясы бойынша шығарған күмістен жасалған «Алдар Көсе» монетасы.
3. Аруна LTDбаспасы шығарған «Алдар атануы» деген кітапта Алдар Көсе осылай бейнеленген.
4.Белгісіз автор http://mirbiznesa.kz/prodvinutiy/biznes-master/istorii-biznesa/biznesmen-aldar-kose/ сайтында бизнес жайында мақала жариялаған, мақала авторының ойынша Алдар Көсенің бейнесі осындай болған.
5. Алматы қаласы, Қабанбай батыр және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы қарағай саябағындағы халық аңыздарының қаһарманы - Алдар Көсеге арналған ескерткіш.
6. 1976 жылы шығарылған «Как Алдар Косе перехитрил тигра» атты мультфильмдегі Алдар Көсенің бейнесі. Режиссері: Иван Сон-И-Сон.
7. 1982 жылы Жалын баспасынан шыққан «Улыбка хитрецов» деген кітап мұқабасындағы Алдар Көсе бейнесі.
8. 1975 жылы Қазақфильмде шығарылған Алдар Көсе мультфильмі. Режиссері: Иван Сон-И-Сон
9. "Azia Animation" студиясының Алдар көсесі аяқ киім жарнамалайтын плокатта. 2007 жыл
10. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегі кітап мұқабасындағы Алдар Көсенің бейнесі.
11. 2004 жылы «Анимастер» студиясында режиссері Татьяна Жаримбетова түсірген анимациялық фильмде бейнеленген Алдар Көсе.
12. http://tengrinews.kz/opinion/143/ сайтының мамандары Алдар көсенің бейнесін осылай деп таниды.
13. Аруна LTDбаспасы шығарған «Алдар Көсе және Жартыбай бай» деген кітапта бейнеленген Алдар Көсе.
14. Аруна LTDбаспасы шығарған «Алдар Көсе және қу бала» деген кітаптағы Алдар Көсе.
15. Аруна LTDбаспасы шығарған «Как Алдар Косе подружился с чертями» деген кітаптағы Алдар Көсе.
16. Аруна LTDбаспасы шығарған «Осел Алдара Косе» деген кітапта бейнеленген Алдар Көсе.
17. Мектеп баспасынан шыққан ертегі кітабының мұқабасындағы Алдар Көсе бейнесі.
18. Қыдырәлі Болмановтың Бал-Бала фирмалық дүкенінің сатылымға шығарған қазақша сөйлеп, өлең айтатын Алдар Көсе қуыршағы.
19. Алдар Көсенің бұл бейнесі марка жинаушы Дмитрий Карасюктың сайтынан алынды.
20. «Краус» ЖК 2007 жылы шығарған «Қойшы бай» деген кітап мұқабасындағы Алдар Көсе бейнесі.
21. 2005 жылы 11 тамызда Қазпошта «Қазақ халық ертегілері» сериясымен Алдар Көсе маркаларын шығарды. Алдар Көсе бейнесін салған суретші Д. Мухамеджанов.
22. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен 2010 жылы шығарылған мультфильмдегі Алдар көсе бейнесі.
23. Юлдашев Атабек деген шебердің 2009 жылы ағаштан ойып жасаған Алдар көсесі.
24. Алдар көсе туралы 1951 жылы жасалған диафильм. Суретшісі А. Орлов
Жас бала аппақ парақ сияқты зердесіне жазылғанды қабылдайды. Бұрынғыдай әжесі мен атасының қойнында жатып ертек тыңдайтын бала жоқ бүгін. Бар болса да сирек. Қазір барлық баланы электронды ақпарат құралдары тәрбиелеп жатыр. Ондағы қазақ мәдениеті мен тілінің жағдайын мен айтпай-ақ білесіздер. Шетелдерден келген бастары төртбұрышты, үшбұрышты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түрлі құбыжық кейіпкерлерді кез келген қазақ баласы қайдан көрсе де тап басып, түсін түстеп айтып береді. Мынау Шрек, Naruto, Спанчбоб, Кун Фу Панда, Скуби-ду, Смешарики... деп шұбартып ала жөнеледі. Өйткені Тәуелсіз Қазақстан аумағында тұрып электронды құралдардан көзін ашып көргені, аузын ашып таңырқап көңілі сүйіп ұнатқаны өзіміздің халық ауыз әдебиетіндегі сан түрлі кейіпкерлер - желаяқ, көлтаусар, таусоғарлар емес, осы мәні жоқ құбыжықтар. Өйткені олар алдымен бала санасына тәуелсіз экраннан талғамсыз беріліп жатқан мультфильмдер арқылы сіңеді. Содан кейін танымал болған әлгі құбыжық кейіпкердің бейнесі сурет, фигура түрінде шығарылып сауда жүйесімен таратылады. Соларды мысалға алып үлгі ұстаған түрлі-түсті шағын кітапшалар шығарылады. Тіпті Қазақстанда шығатын балалардың тағам өнімдерін жарнамалайтын шаралардың өзінде әлгі құбыжық кейіпкерлер жапсырма түрінде таратылады. Оларды қазақ баласы сабақ дайындайтын үстелінің маңайына немесе өздерінің жатын бөлмесінің көрнекі жеріне әспеттеп жапсырып қояды. Сөйтіп әлгі кейіпкер баланың піріне айналады.
Ал, біздің халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық тәрбиеге берері ұшан теңіз керемет кейіпкерлері балалар санасына жетпей том-том болып шаң басып оқылмай, ашылмай мұражайдың қол тигізбейтін нәрсесіне ұқсап сөрелерде жиналып тұра береді.
Не істеу керек? Оларды жетектеп әкеліп бала күнде қолданатын электронды құралдарға енгізу керек. Берісі, ертегінің сюжеттерін монитордан көретіндей етіп аудио жинақтар шығару , арғысы, қазақ ертегілері желісімен мультфильмдер жасау керек. Ертегінің кейіпкері мультфильмде де, ертегі кітаптарда да, ойыншық-фигураларда да, оқулықтарда да бір кейіпте бір образда болуы тиіс. Яғни ең алдымен әр кейіпкердің портреті жасалуы керек. Ол үшін Мәдениет министрлігі тиісті мамандарды (этнографтар, филологтар, суретшілер және т.б.) жинап комиссия құрып, ертегі кейіпкерлерінің образдарын бекітуі керек. Оларды оқулық жинақ, мультфильм түрінде шығаратын шығармашылық топтар осы образдан ауытқымау керек. Сонда қазақ баласы өз кейіпкерін қайда көрсе де жазбай танитын болады. Мәселен, қазір жоғарыдағы суреттерден байқайтынымыздай, қазақ ауыз әдебиетіндегі халық арасында көп тараған ұнамды күлдіргі кейіпкер - Алдар көсеге қатысты бірнеше туынды (мультфильмдер, кітаптар, қуыршақтар) бар. Өткен бір тарихымызда өмір сүрген ақылды да айлакер, тура да тапқыр, жарлы - жақыбайдың қамын жеген әділ адамның жиынтық бейнесін қалай болса солай бұрмалағанымыз (әзірше 24 түрлі) біріншіден, рухани құндылықтарымызға жанымыздың ашымағаны болса, екіншіден, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру барысында инновациялық әдістерден мақұрым қалғанымызды көрсетеді.
Бұған не кедергі? Мәдениетті руханиятты заманауи үлгіде дамытуға қаржы жоқ па? Бар! Оны жүзеге асыратын оқыған білімді азаматтар тапшы ма? Жетерлік! Сонда бүгінгі күнгі тірлігіңнің ажырамас бөлігіне айналған электронды құралдарда қазақтың иісін шығаруға не жетпей тұр? Білгенің бар болса, ортаға салшы, ағайын.
Б. Қапалбеков
Филология ғылымдарының кандидаты