Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2298 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 04:32

Әбдіуақап Қара. Ең соңғы Түркістан легионері бақилық болды

ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ АҚИҚАТЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ, БЕЛГІЛІ ТАТАР ЖАЗУШЫСЫ ШЫҢҒЫС ДАҒШЫ ДҮНИЕ САЛДЫ

Лондонда тұратын белгілі жазушы Шыңғыс Дағшы 2011 жылы 22 қыркүйек күні 92 жаста дүние салды. 1919 жылы, 9 наурыз күні Қырымның Гурзуф қалашығында өмірге келген Дағшы ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес армиясы қатарында соғысқа қатысқан және неміс фашистеріне тұтқынға түскеннен кейін Түркістан легионында болған. Оңың 30-ға жуық еңбегі 1956 - 2005 жылдары арасында Ыстамбұлда түрік тілінде жарық көрді.

Шыңғыс Дағшы - соғыстан кейін "бізде тұтқын жоқ, сатқын бар" деген Сталиндік биліктің шеңгеліне түспеу үшін Лондонға барып паналаған еді. Осыдан кейін ол қалған өмірін соғыс пен тұтқын лагерлерінде қаза тапқан достары туралы роман және естеліктер жазып, олардың есімдерін өшірмеуге арнады. Оның қаламынан туған көптеген романдарда өзі мен достарының бастан кешкен оқиғалар баяндалады. Дағшы соғыс туралы естеліктерін болған оқиғалардың ізі суымастан, соғыс бітпей жатып Берлинде, қала бомбаланып жатқан кезде, жаза бастады. Сондықтан жазған дүниелері аса құнды.

Дағшы 1944 жылы жаза бастаған естеліктерін 1955 жылы аяқтады. Оның үстіне Дағшы соғыстан бұрын да әдебиетке етене жақын болғандықтан естеліктерін роман түрінде жазды. Бұл - свастика мен қызыл жұлдыз секілді бір-біріне кереғар екі күштің арасында қалған бір әскердің қандай ой-сезім жетегінде қалғандығын суреттеп көрсетуі тұрғысынан үлкен мәнге ие. Сондықтан ол легиондағы түркі текті әскерилердің сол бір сұмдық кезеңде қандай қиын таңдау мен ауыр азап ішінде болғандығы туралы көбірек тоқталып, жан-жақты суреттейді.

Оның 30-ға тарта жарық көрген романдары ішінде,  әсіресе, «Сұрапыл жылдар», «Жұртын жоғалтқан жан» және «Біз бұл жолды бірге жүріп өттік» атты романдары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бастан өткен күндеріне арналған. 1998 жылы естеліктері де жарық көрді.

Біз Дағшының еңбектері және басқа деректерге сүйене отырып, 2006 жылы Ыстамбұлда жарық көрген Түркістан легионы және Шыңғыс Дағшы туралы жазған кітабымызда мынадай қорытындыға келген едік. «Бүгінгі таңда көптеген адам фашисттерге қызмет еткен сатқын адамдар ретінде жаңсақ бағалаған Түркістан легионында болғандар шындығында неміс свастикасы мен Совет қызыл жұлдызы арасында жанталасқа түскен адамдар еді. Өйткені большевиктер секілді фашисттердің де көздеген мақсаты - Кеңестік түркі тілдес елдерді отарлау болған. Оның үстіне немістер бұл істі орыстардан да тезірек әрі дөрекі түрде жүзеге асырмақ болды. Қорытындылай айтқанда, Кеңестер Одағындағы түркі халықтары үшін неміс билігі тек «қожайын» ауыстырудан басқа ештеңе емес еді.

Шыңғыс Дағшы еңбектерінде осы жағдайды саясатқа бармастан, фашизм мен коммунизмді ауызға алмастан, тек әдеби шығармашылық тұрғысыннан жаза білген шебер қаламгер.

Өкінішке қарай, ол тірі кезінде бағаланбады. Тіпті бір кезде оны орысқа, Кеңес Одағына қарсы адам ретінде көрсетуге тырысқандар болған. Алайда, Дағшы ешбір романында орыстарға деген дұшпандық пиғылды мақсат тұтпағанын айтады.  2001 жылы түрік журналисі Кемал Чапразға берген сұхбатында «Кейбір кісілер Шыңғыс Дағшыда орыстарға деген дұшпандық сезім бар дегенді тілге тиек етеді. Ал негізінде ондай нәрсе жоқ. Мен тек ақиқатты жаздым» дейді. Расында да оның шығармаларында не немістерге, не орыстарға деген дұшпандық пиғылдағы сөздер ұшыраспайды. Керісінше, жазушы естеліктерінде, әсіресе, орыстарға іш тартатындығын, оларға деген жақындық сезімі бар екендігін айтып өтеді. Мұны орыс мәдениетімен, орыс әдебиетімен сусындап өскендігімен түсіндіреді. Дағшы өз туындыларын саналы түрде, ал кейде өзі де байқамастан орыс әдебиетінің ықпалында қала отырып жазғанын білдіреді.

Оның ойынша, шығармаларында жазған мәселелерді өзінен бұрын орыс жазушыларының бұдан да әсерлі, әрі шебер түрде жазуы тиіс. Мұның орыс халқына пайдасы болмаса, зияны тимес еді.

Дағшы романында өзінің тірі қалып, жолдастарының қаза тапқанына тоқтала келе былай дейді: «Олардың  өмірлері менің өмірімнен де қымбат. Егер оларды тірілте алсам, бүкіл болмысыммен Умань тұтқын лагерінің сұмдық шыңырауында қалып қоюға да разы болар едім. Тек бар болғаны олар жер басып жүрсе, олар өмір сүрсе болды. Олар тірі жүрсе, жан-дүнием теңіздердің түпсіз терең тұңғиығында да жай табар еді».

Дағшының пікірінше, отандары Түркістанның азаттығы үшін жандарын пида еткен жандар туралы естелікті Түркістанға жеткізу - соғыстан аман-сау шыққандардың қасиетті парызы болатын. Дағшы Түркістан легионында әскери тәлім алған түркістандық әскерлерге қарап ойға шомған, роман кейіпкері Садық Тұранның сөзімен былай дейді: «Бәлкім, елдерінің шекарасына жетпестен, көпшілігі жолда жан тапсырар. Бірақ ол түк емес қой! Барлығы Түркістан үшін жасалынып жатқан жоқ па?! Түркістан қайтадан өз қолымызға өтеді емес пе? Топырағы, тау-тасы, ауасы-суы, аспаны, мешіттері, барша жері біздікі болады ғой! Енді біз үшін тек қана екі қастерлі ұғым бар: «Түркістан» және «азаттық»! Осы жолда, осы қасиетті мұрат жолында қасық қанымыз қалғанша күресеміз. Осы асыл мұрат жолында қаза табатын ерлер қандай бақытты! Өйткені тірі қалғандар келешекте олар туралы естеліктерді аяулы отандарына жеткізетін болады. Бұл униформаларды осындай ойлармен киген едік».

Аяулы қаламгер Шыңғыс Дағшы, сен жолдастарынның аманатын, олардың басынан өткен жағдайларды толық баяндап,  ақиқатты ашу туралы уәдеңді орындадың. Топырағын торқа, барған жерін ұжмақ болсын!

Әбдіуақап Қара

Шоқайтанушы, ғалым

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407