Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3862 0 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 16:41

Ақтөбеде Абайды жатқа білетін ауыл бар...

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Абай деп аталатын ауыл бар. Ол ауылдың әр тұрғыны ақын өлеңдерін жатқа айтады екен. Жергілікті Aqtobe.tv. арнасы солай деп жатыр. 

Жуырда ғана аталған ауылда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты байқау өткен екен. Онда Хәкім Абай шығармалары мен әндері ғана айтылып қойған жоқ. Сайысқа қатысушылар ақынға арнаған өз өлеңдерін де оқыған.

Екі кезеңнен тұратын байқауға қатысқан ұстаздар мен шәкірттердің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалапты.

Жалпы, Абай ауылында ақын шығармаларын жаттауды, қара сөздерін бойларына сіңіруді оқушылардан ғана талап етпейді екен. Мұғалімдерінен бастап, мектеп директорларына дейін, ойшылдың өлеңдерін жатқа айтатын көрінеді. Жиынға арнайы қатысқан аудан басшысы да, сөзін ресми баяндамамен емес, Абай өлеңімен өрнектеген.

Абай ауылында атқарылатын шаралар бойынша облыс әкімінің негізгі тапсырмалары бар. Ол бойынша, Абай атымен аталатын ауылдар, мекемелердің бәрі қамтылады. Мәселен, биыл баласынан басшысына дейін Абайдың шығармаларын жатқа білетін Абай ауылының орталық көшесіне жол салынбақ. Жолға бөлінетін қаражат туралы облыс әкімінің тапсырмасы бар. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді жөндеп, футбол алаңын салу да жоспарланған.

;feature=youtu.be&fbclid=IwAR1JQtffl4vvUjUTkmiz5gJxQNSY0zMDi_nSAhmAzemAZJZ_rQtKG6bVxFg

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292