Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 9155 45 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 11:30

Сенатор көтерді. Кеңес мүшесі қолдады. Парламент не дейді?

Өткенде Парламент Сенатында көші-қон мәселесіне арналған алқа-қотан жиын өтті. Жоғарғы палата депутаттары Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы мәселе көтеріп, дабыл қақты. Сенатор Нұртөре Жүсіп шетелдіктерге азаматтық беру ісін қайта қарастыру керек екенін алға тартып, құзырлы министрлік өкілін сұраққа алды.

Картинки по запросу "нұртөре жүсіп"

Нұртөре Жүсіп, ҚР Сенат депутаты:

– Өткенде Алматы облысының елді мекендерін аралағанда мынау Еренқабырғаны жайлаған елден келіп, біздің қазақ қыздарына үйленіп, азаматтық алып жатыр деген мәселе өте өткір қойылды, қатты айтылды. Осындай жолмен қанша шетелдік азаматтық алды? Осының тізімі мен нақты саны бар ма? – деді сенатор.

Ал, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шет елдіктердің қазақ қызына үйленгеннен кейін азаматтық алуына тыйым салатын заң жоқ екенін айтты.

Марат Қожаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

Бізде тыйым салатын заң жоқ. Енді біздің қыздарымыз тұрмысқа шыға ма, жоқ па, ол жеке бастың шешімі ғой. Біздің есебіміз бойынша, шетінен барлығы шығып жатқан жоқ. Иә, арасынан кездеседі, – деді Қожаев.

Оның сөзінше, қазақ қызына үйленген шетелдік бес жылдан кейін Қазақстан азаматтығын ала алады. Оның туыстарына да сондай мүмкіндік беріледі.

Ол жақын туыстарына ғана қатысты. Иә, белгілі бір уақыттан кейін ондай мүмкіндік беріледі, – деді комитет өкілі.

Сондай-ақ, Қожаев Қазақстан азаматтығын алған шетелдіктердің нақты санын жазбаша түрде беретінін айтты. Себебі, ол мәліметтерді Әділет министрлігінен алу қажет екен.

Ал, сенатор Мұрат Бақтиярұлы Біріккен Араб Әмірліктерінде азаматтық мүлде берілмейтінін айтып, мәселенің саяси жағына мән беру керектігін ескертті.

Картинки по запросу "Мұрат Бақтиярұлы"

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Сенат депутаты:

Біріккен Араб Әмірліктерінде азаматтықты мүлдем бермейді. Бұл – үлкен, көкейтесті мәселе. Біздің көршіміз ғой. Сондықтан абайлау керек, зерделеу керек. Саяси жағы да бар, – деді сенатор.

Тақырыпты талдау. Қазақстанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» арнайы заң бар. 1991 жылы қабылданған заң.

Соның 16-бабының 1) тармағында «Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады» деп жазылыпты.

Ал аталған баптың 2) тармағында «Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады» деп, жазылған.

Демек, ұлтына қарап жатқан ешім жоқ, «бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары» бір туысы болса болғаны, Қазақстан азаматтығын тұру мерзіміне қарамай-ақ ала береді екен.

Шекараның шетінде жүрген қаны бір қандастарымызды шақырып бола алмай жатқанда, заңның шетелдік өзге ұлт өкілдеріне мұнша дархандық танытуы көптің көңілін күпті еткені жасырын емес.

Abai.kz ақпараттық порталы құрылған осы он жылдың ішінде күн тәртібінен түсірмей келе жатқан екі тақырып болатын болса, соның бірі - қазақ көші-қоны. Ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек Abai.kz ақпараттық порталында қандастарға азаматтық беруді жеңілдету керектігін айтып, күні бүгінге дейін 100-ден аса мақала жазды. Қандастардың азаматтық алуына қатысты парламенттегі заң жобаларының талқылауларына қатысты. Жұмыс тобында жүріп бірнеше маңызды ұыныстар енгізуге көп күш салды.

Осы ретте біз ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекке хабарласып, әрі-беріден соң мемлекетішілік қауіпсіздікке қатер төндірерлік бұл мәселенің мән-жайын сұрадық.

Beisen Akhmetuli Bukarbay суреті.

Ауыт Мұқибек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Бұл жерде тек Қытай азаматтары деп бөлшектеуге келмейді. Шет ел азаматтары деп барлығын бірақ айту керек.

Бізде «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңының 16-бабының «Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады» деген тармағы бар.

Мен осы баптағы «бес жыл» дегенді «он бес жыл», «үш жыл» дегенді «он жыл» деп өзгертуді ұсындым. Бұл ұсынысымды қазір Мәжіліске апарып өткіземін. Мәжілісте талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көш-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңының аясында Жұмыс тобының талқысына салдыру үшін депутат Кәрібай Мұсырманның атына арнайы хат жазып, тіркеттім. Әрі қарай Парламент шешім қабылдайды.

Бұл өзеріс – ұлттың сапасын сақтау және мемлекет қауіпсіздігі үшін керек деп ойлаймын.

Сол үшін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін өзге ұлт өкілдеріне талапты күшейту керек.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

45 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290