Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 08:12

60 жылда болмаған астық жиналады

Биылғы жиын-терін бізді қуантатын түрі бар. Астық жинау науқаны басталғанына көп бола қойған жоқ. Егіс даласында бастырылмаған егін мол. Сондықтан осындай батыл болжам жасалып отыр. Мұндай жағымды жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бұрнағы күні халық қалаулыларының алдында жайып салды. «Бұл - үлкен қуанышты хабар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына диқандардың қомақты тартуы» деп бөркін аспанға атып жатқандар да бар.

Биылғы жиын-терін бізді қуантатын түрі бар. Астық жинау науқаны басталғанына көп бола қойған жоқ. Егіс даласында бастырылмаған егін мол. Сондықтан осындай батыл болжам жасалып отыр. Мұндай жағымды жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бұрнағы күні халық қалаулыларының алдында жайып салды. «Бұл - үлкен қуанышты хабар. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына диқандардың қомақты тартуы» деп бөркін аспанға атып жатқандар да бар.

Астықтың бітік шыққанына риза болған осы саланың мамандары 1950 жылдан бері қарайғы мерзімге зерттеу жасап көріпті. Расында да осы аралықта мұндай бітік егін болмаған. Тіпті «Кеңес Одағының қамбасына миллиард пұт астық бердік» деп ақпар берген кешегі өткен кезеңде де мұндай жетістікке қол жеткізе алмаппыз. Миллиард пұт астық алатын болсақ, ол кезеңде ауыл шауруашылығы саласында астық алқабы көлемінің қомақты болғанын да жадымыздан әсте шығармауымыз керек. Ал біз биыл егіннің бітік шығып, түсімінің мол болғанына қуанып отырмыз. Естеріңізде болса, «биылғы жаз құрғақшылық болады» деп ерте көктемнен көңіліміз күпті болған. Көріпкелдер де осы орайдағы өз жорамалдарын айтып, тұқым сеппей тұрып шаруаның көңілі алай-дүлей боғланы да рас. Бірақ бұл болжам шындыққа жанаспады. Жауын-шашын мол болып, егін бітік шықты. Республика бойынша астықтың гектарынан 16 центнерден өнім түсіп жатыр. Бұл - өте жоғары көрсеткіш.
Осыдан біраз күн бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман «Қазақстан биыл рекордтық деңгейде астық жинауды көздеп отыр. Биыл астық жақсы пісті. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордты астық болатын шығар. Біздің экспорттық әлеуетіміз 10 миллион тоннадан асып түседі» деген сүйінші хабар таратқанда-ақ ішіміз жылып қалған. Міне, арада көп күн өтпей жатып-ақ нақты мәлімет қолымызға келіп түсті.
Астық - бітік, ендігі мәселе - оны шашпай-төкпей, жауын-шашынға қалдырмай жинап алу. Министр Асылжан Мамытбековтің сөзіне қарағанда, мол астықты жинап алудың да проблемары бар. Біріншіден, жиын-терім мәселесіне қатысты. Ол - тасымалдау және астықты сақтау. Астық өсірумен айналысатын үш негізгі облыста қуаттылығы 1,5 миллион тоннаға тең элеватор тапшылығы айқындалып отыр. Осы мәселеге дер кезінде баса көңіл бөлген Үкімет 5 миллион тонна астықты сатып алуға шешім қабылдады. Негізі, бұл түйінді мәселенің бары бұрыннан белгілі. Сол себепті де элеватор сыйымдылығы жетіспейтін өңірлерде 2009 жылдан бері осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы 1,5 жылдың көлемінде 500 мың тонна астық сақтайтын қойма салынды. Егер осы қарқынмен жұмыс жасалатын болса, онда алдағы 2-3 жылдың шеңберінде бұл мәселені шешуге болады. Мекеме басшысының айтуына қарғанда, бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы - элеваторларды жекеменшік компаниялардың салуы. Қазіргі күні 100 мың гектар, тіпті одан көп алқапқа егін салған диқандардың кейбіреуінде осы күнге дейін бірде-бір астық қоймасы жоқ. Бұл тұрғыдан Асылжан Мамытбековтің пікірін қостауға тұрады. Себебі егер астығы мол болып, одан табыс тауып жатса, әрине, оны сақтаудың қамын да ойлап, өз элеваторын неге салмасқа?! Сонда ешкімге қарап жаутаңдамай, астығын қалаған кезіне дейін өз қоймасында сақтауына мүмкіндік туады. Тіпті жалға ақы да төлемейді. Өз элеваторында жатқан астықты қалаған кезінде сатса да, тіпті астық бағасы әлемдік нарықта түсіп кеткен жағдайда оны сақтап қойып, «әліптің артын бағып», келер жылдарға дейін сақтаса да еркі. Тұрған жері құрғақ болса, астық қорын қалыптастыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы, қалай дегенде де, биыл ауа райы диқан қауымға өте қолайлы болып тұр. Астық қырманға құрғақ күйінде түсіп жатыр.
Ендігі диқан қауымды алаңдатып отырған негізгі мәселе - астық бағасына қатысты. «Астық мол, енді оның бағасы түсіп кететін болды. Ала жаздай жасаған еңбегіміз тағы да ақталмай қалмас па екен?» деген күмәнді сұрақ қазір әрбір диқанның көкейінде тұр. Қалай болғанда да бұрынғы жылдарда аз өнім алған диқандар биылғы егіннің есебінен соның есесін қайтарғысы келетіні рас. Сала басшысы бұл мәселеге де нүкте қойған сыңайлы. «Көптеген мәселелер шешілді. 2009 жылдағыдай бағаның төмендеуі болмайды. Себебі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тоннасына 25 мың теңге көлемінде жақсы баға бекітті. Енді астық нарығындағы көптеген ойыншылар осы бағаға негізделетін болады» деді ол халық қалаулылары алдында. Демек, нарықтық экономика екен деп әркім өз қалаған бағасын қойып отыра алмайды. Бақылау бар. Баға тұрақты.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381