Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5733 4 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 16:47

БАҚ: «Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы коронавирус жұқтырған»

Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы - Тілектес Бәрпібаев коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы nege.kz сайты жазды.

Сайт мәліметінше, қалалық сот төрағасы Тілектес Ешейұлы отбасымен Германияға демалуға барған кезінде жұқтырып алған болуы мүмкін. Ал, Бәрпібаевтың өзі қазір Германияда емделіп жатқан көрінеді.

Тілектес Ешейұлы Бәрпібаев 1960 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында, Қастек ауылында туған. Әр жылдары аудандық, облыстық соттарды басқарды. Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып тағайындалғанға дейін Алматы облыстық сотын басқарған.

Айта кетейік, ҚР денсаулық сақтау министрлігі екі қазақстандықтан коронавирус табылғанын растаған болатын. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен, олар карантиндік стационарға жабылды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 871
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2278
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 584
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562