Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 06:14

«Свобода слованың» сөзінде шындық бар ма?

Күні кеше редакциямызға Қапшағай қаласындағы №3 орта мектептің директоры Салтанат Ахметова хабарласып, «Свобода слова» газетінің №33 нөмірінде жарық көрген «Капшагайский инцидент» атты мақалада айтылған жайлар біржақты әрі еш негізсіз екенін, соның кесірінен мектеп ұжымы мен оқушылардың, ата-аналардың азаматтық абыройлары мен қызметіне нұқсан келіп отырғанын айтқан еді. Төменде мектеп ұжымының атынан редакцияға жіберілген мәлімдемені назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мәлімдеме аталған газетте сөз болған жағдай егжей-тегжейлі баяндалған.

«Абай-ақпарат»

Қапшағай қаласындағы  «№3 орта

мектеп мектепке дейінгі шағын

орталығымен» ММ-нің ұжымы атынан

Мәлімдеме

Күні кеше редакциямызға Қапшағай қаласындағы №3 орта мектептің директоры Салтанат Ахметова хабарласып, «Свобода слова» газетінің №33 нөмірінде жарық көрген «Капшагайский инцидент» атты мақалада айтылған жайлар біржақты әрі еш негізсіз екенін, соның кесірінен мектеп ұжымы мен оқушылардың, ата-аналардың азаматтық абыройлары мен қызметіне нұқсан келіп отырғанын айтқан еді. Төменде мектеп ұжымының атынан редакцияға жіберілген мәлімдемені назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мәлімдеме аталған газетте сөз болған жағдай егжей-тегжейлі баяндалған.

«Абай-ақпарат»

Қапшағай қаласындағы  «№3 орта

мектеп мектепке дейінгі шағын

орталығымен» ММ-нің ұжымы атынан

Мәлімдеме

Біздің сіздерге мәлімдеме жазуымызға 2011 жылғы 22 қыркүйекте республикалық «Свобода слова» газетінің №33 нөмірінде «Капшагайский инцидент» атты мақаланың жариялануы себеп болып отыр.  Мақала негізсіз шағымның  негізінде біржақты бағытты ұстана отырып жариялануын бүкіл мектеп ұжымының атына жағылған күйе деп есептейміз. Сонымен бірге салмағы ауыр  ұлтаралық мәселе сөз болған мұндай мақаланы жауапсыздықпен, журналистік сауатсыздықпен біржақты пікірді тыңдап қана баспасөз бетіне жариялаған мақала авторы - А.Кубайжановты Заң алдында жауап беруін талап етеміз. Мақалада біздің мектебімізде оқыған Ходыкина Полинаның анасы В.В.Ходыкина мектепте «националистік тәрбие» беріліп жатыр, сондай-ақ Полинаға мектепте қысым көрсетілді. Сол себепті басқа мектепке ауыстыруға мәжбүр болғанын айтады.   Мәселеден сіздерді хабардар ету үшін сіздерге болған жайды басынан бастап баян етеміз.

Ходыкина Полина 2006 жылы №3 орта мектебінің 1-сыныбына  қабылданған. 3-4-сыныпта жетекшілік еткен  Г.Рахимова Полинаның белсенділігіне  ерекше көңіл бөліп, оған қосымша қызықты материалдармен жұмыс істеуге тапсырмалар беріп отырған және оны сыныптағы оқушылардың алдында көтермелеп, сыныпта өткізілген  іс-шараларға жүргізуші етіп отырған.  Әйтсе де Полинаның мектеп қабырғасында тәрбие алып, ортаға бейімделуіне анасы В.В.Ходыкинаның кері ықпал жасайтындығын ескертті. Ходыкина Полинаның анасы Виктория Викторовна 2009 жылдың 3 желтоқсанда Қапшағай қалалық «Нұр Отан» ХДП -ның филиалына шағым хат түсіреді. Шағымда сыныптастары: Ерімбетова Айсұлу, Елеубекова Шынардың Полинаның көңіліне тиетін сөз айтқаны үшін  шара қолдануын талап еткен. Осы шағымға байланысты жасалған жиналыста ушыққан мәселенің тағы да нақты себебі  анықталды.  Ерімбетова Айсұлу мен Елеубекова Шынарға  Полинаның өзі  балағат сөздер айтқан. Бұл туралы осы екі оқушының түсініктемелерінде баяндалған.  Алайда жасалған жиналыста арыз иесі В.В.Ходыкина Ерімбетова Айсұлу мен Елеубекова Шынардың ата-аналарының және өздерінің сұраған кешірімдерін қабыл алып, кешірімін берген. Кешірім беретіндігі жайлы  В.В.Ходыкинаның жазған түсініктемесі де бар.

2010 жылдың қыркүйек айында 11-сынып оқушысы Абикенова Назымның берген түсініктемесінің  негізінде 5 «Ә»  сынып оқушысы Ходыкина Полина мен оның анасы В.Викторовна екеуі оның сыныптасы Тұрысбек Рауанды жұлқылап тұрған сәтінде арашаға түскен Назымға Полинаның анасы: «Сен бұл жерге араласпа, Я его отправлю в степь, где жили ваши вонючие предки»-деген ауыр сөздер айтқан. Солай бола тұрса да, В.Викторовна өзінің бұл іс-әрекетін өзі айтқандай ұлтшылдық көзқарасқа балап тұрған жоқ.

Мектеп ұжымындағы пән мұғалімдері де Полинаны қазақ тіліне баулып,  тіл үйренуге деген құштарлығын кеңейтіп, мектеп ішілік, қалалық «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты мәнерлеп оқу сайыстарына қатыстырып, жүлделі орындарды иеленуіне мүмкіндіктер туғызды.  Егер Полинаның анасы айтып отырғандай, бала шеттетіліп, ұлтшылдық көзқарас туындаса, мектеп басқа балалардың алдында оның мерейін асырар ма еді? Полина мектептегі  басқа ұлт өкілдерінің  ішінен көпшілік ортаға бейімделіп, мемлекеттік тілде өз ойын еркін жеткізуге дағдылансын деген  мақсатпен түрлі сайыстарға қатыстырылып отырды. Егер сайыстарға қатыстырамыз десек, дайын тұрған өзге де ұлт өкілінің балалары да баршылық еді В.Викторовнаның ойындағыдай Полинаға қарсы көзқарасымыз болғанда қызы Полинаны мұндай сайыстарға қатыстырар ма едік?

Метеп ішілік іс-шараларға сыныппен қатысқанда, бүкіл сынып ата-аналары бірыңғай киінуге  ниет білдіріп, өз балаларын бірдей киіндірсе, В.Викторовна қызы Полинаны басқалардан жоғары болу керек деп есептеп, мектепішілік ережеге бағынбай өзгеше киіндіретін. Сыныптағы қыздар шаштарына ту түстес көгілдір бантик тағамыз деп бір шешімге келгенде, Полинаның анасы тағы қарсылық көрсетіп, алынған ту түстес көк бантикті қызының шашынан шешіп, бүкіл оқушылардың көзінше қоқыс контейнеріне лақтырып кеткен. Сұрақ: көкірегінде патриоттық сезім бар азамат ту түстес бантикті бүкіл мектепті кемсіткен түрде қоқысқа тастар ме еді?... Оқушыны еңбекке баулу, олардың туған жерге, табиғатты аялауға деген ыстық сезімдерін ояту мақсатында жасалатын іс-шараның бірі сенбілікті: «Біреудің қоқысын тазалау»-деп есептейтін  ол Полинаны сенбіліктерге ешқашан қатыстырған емес. «Қазанда не болса, шөмішке сол ілінеді» немесе  «Көкек өз атын өзі шақырады» демекші В.Викторовнаның өзінің ойы және әрбір әрекеті ұлтшылдыққа сайып тұрған жоқ па?..

2011 жылғы 14 қаңтарда В.В.Ходыкинаның тарапынан «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы мен қалалық прокуратураға түсірілген шағымда В.В.Ходыкина мектебімізде «ұлтшылдық көзқарастар көрініс беруде»-деп жазады. Осы шағым бойынша жасалған жиналысқа пән мұғалімдері мен сынып ата-аналары, «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалының төрағасы Е.Ешмұханбетов және мектеп директоры С.Ахметова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты. Осы жиналыста В.В Ходыкина Полинаны мазақтаған сыныптастарының іс-әрекетін «ұлтшылдықтың бастапқы көріністері» - деп айтты. Осы сөзге байланысты ата-аналар тарапынан қойылған: «Полина  балаларға «скотина, баран, мал»-деп айтқан сөзін қалай түсіндіресіз деген мазұндағы сұрақтарына Полинаның анасы: «Это только детские шалости, между детьми всякое бывает» - деп жауап берді. Алайда осы берілген жауапқа көңілдері толмай:  «Сонда басқа баланың айтқан сөзі «национализм» болып табылады да, Полинаның айтқан сөздері «детские шалости» болғаны ма?» - деген сұрағын В.Викторовнаның  жауапсыз қалдыруы  басқа  ата-аналалардың ашу-ызасын тудырды. Сол кезде ата-аналар бұл мәселені аяқсыз қалдырмай, В.Викторовнаның осы сөзіне жауап беруін талап еткен кезде,  мектеп әкімшілігі ата-аналарды сабырлылыққа шақырған. Осы шағым бойынша 2011 жылғы  21 қаңтарда 2-жиналыс болып өтті. Бұл жиналыстың барысы хаттамада толық көрсетілген.  Жиналыс соңында Полинаның анасы - В.В.Ходыкина өз арызында көрсетілген мәселеге  кешірім бергенін айтты.

Бұл мәселенің байыбына үңіліп қарасақ, Ходыкина Полинаның анасы балалардың арасындағы болған бүгін ренжісіп, ертең татуласатын жағдайларды үдетіп, ушықтырып «жасанды шиеленіс» тудырып отыр. Мұндай жағдайлар Полинаның болашақта мінез-құлқына пайдасынан гөрі зиянын тигізеді деп жанашыр анасы ойламас па екен?..

2010-2011 оқу жылында азаматтардың Заң алдындағы құқықтарын оқушыларымыздың санасына сіңіру мақсатында мектебімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері» атты тақырыпта диспут өтті. Оған Қапшағай қаласы прокурорының аға көмекшісі Ә.Әділбеков, ардагер ұстаз Рахат Қабылтайұлы қатысты. Онда 5-11-сынып оқушылары  өз құқықтары  мен  міндеттерін және  табиғат  тазалығын қорғау, сонымен бірге достықтың жасқа, ұлтқа, жынысқа бөлінбейтіні жайлы сөз болды. Онда мектебіміздің ардагер ұстазы Р.Қабылтайұлы: «Еліміздегі бейбітшіліктің орны қоғам дамуында үлкен рөл атқаратынын айта келе,  қазақтың кең пейілі ұлтаралық араздықтарға жол бермейді» - деді. Кездесу барысы өте қызықты болып өтті.  Мектебімізде ұлтаралық татулықты насихаттайтын  бірнеше шара болып өтті. Айтар болсақ, 5ә сыныбында «Біздің Отанымыз - Қазақстан», П.Ходыкина жүргізуші болған «ХХІ ғасыр оқушысы» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Бұған Полинаның анасы да қатысып, ризашылығын айтты. Сонымен қоса, мектебіміздің өзге ұлт өкілі оқушыларын қатыстыра отырып,  «Достық ұлтқа бөлінбейді!» тақырыбында конференция болып өтті.  Мектебіміздің ұстаздары тарапынан оқушыларымызға еліміздегі бейбітшіліктің ел дамуында алар орнының зор екендігін әрқашан насихаттап отырады.

Журналист Асқар Кубайжанов мектеп директорымен телефон арқылы хабарласқанда, мектеп директоры С.Ахметова: «Сіз тек біржақты көзқараста қалмау үшін мектепке келіңіз де, басқалардың да пікірін тыңдап, мәселенің ақиқатына көз жеткізіңіз» деген. Бірақ журналист келген жоқ. Ол Полинамен бірге оқыған сыныптастарының, олардың ата-аналарының, оған сабақ берген пән мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап,  екі жақты көзқарасты сараптап, асықпай шешім қабылдауы керек еді.

Тек В.Викторовнаның пікірімен ғана санасып тұрған сыңаржақ журналистің қаншама түлек ұшырып отырған бір елді-мекеннің қарашаңырағына қара күйе жағуға құштарлығын қалай бағалауға болады? Қырық жылдық тарихы бар қара шаңырақта қанша ұстаз қызмет етіп жатыр, қанша ұстаз зейнеткерлікте отыр, қанша ұстаз қала, облыс көлеміне көтеріліп еңбек етіп жатқандары бар, ұшқан түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосып жатыр.

Қаршадай қыз Полинананың осындай үлкен ұжымға айып тағуға ұрынарлықтай,  жас жүрегін соншалық қарайтатындай себептер жоқ.  В.Викторовнаның айтқанындай «детские шалости» «балалық тентектіктің» салдарын ұлттық мәселеге саятындай баланың өресі жете қоймас деп ойлаймыз.  Бұл В.Викторовнаның басқа оймен басқадай пайдасын іске асыру мақсатында Полинаның сыныптастарымен уақытша балалық қақтығысын пайдаланып отыр-ау деген ойдамыз...

Мектеп директоры

С.Ахметова

"Абай-ақпарат"


Аскар КУБАЙЖАНОВ. Капшагайский инцидент

Полина хочет говорить на казахском. Кого это раздражает?

Признаться, мы были удивлены, когда двенадцатилетняя девочка встретила нас фразой: «Почему вы не говорите на казахском языке? Мы ведь не под Рязанью живем. Мы живем в Республике Казахстан». Уезжать из страны Ходыкины никогда не собирались. Здесь наша родина и баста, говорят они. Жена, дочь и внучка военного искренне не понимают, почему они должны быть на особом положении - за двадцать лет независимости русскоязычному населению республики пора определится. Либо ты принимаешь новые правила игры и считаешь Казахстан своим отечеством, либо - чемодан, вокзал...

«Виновница» колонизации

Осенний национал-патриотический марафон заставил многих взглянуть на «игры патриотов» по-другому. Одни пакуют чемоданы, другие относятся к подобным демаршам с юмором, третьи строят конспирологические теории и учат казахский язык.

В 65 километрах от Алматы - в Капшагае семья Ходыкиных готова подписаться под каждой буквой «письма 138», от которого уже открестились многие «творческие интеллигенты». Раз по Конституции государственный язык - казахский, надо им владеть. Сказано - сделано: в три года Полину Ходыкину отдали в детский сад с казахским языком обучения «Гулдер». Поначалу, признается мать девочки Виктория Ходыкина, было трудно - ребенок общался на непонятном языковом «винегрете». Буквально через полгода положение изменилось: дочка заговорила на языке Абая. Воспитатели детского сада научили Полину не только разговорной речи, но и читать и писать.

С приходом ребенка в школу № 3 города Капшагая, одно из старейших учебных заведений, ситуация кардинально изменилась. Для начала родственники столкнулись с нежеланием школьной администрации принимать Полину в первый класс. Лишь благодаря протекции воспитателей детсада «Гулдер» учителя пошли на уступки. Но и здесь, видимо, до конца не понимая - зачем русской учиться в казахской школе - устроили ей двухчасовой экзамен. Формального повода для отказа не нашлось. До четвертого класса все шло гладко - почетные грамоты, в табеле одни пятерки. С началом нового учебного года начались новые проблемы. Виктория Ходыкина уверена, что травля ее ребенка началась с попустительства руководства и лично классного руководителя:

- В течение долгого времени ребенок подвергался нападкам по национальному признаку. Одноклассники говорили ей - ты русская и делать тебе здесь нечего. Ежедневные оскорбления и драки. Полину запросто могли спустить с лестницы или ударить. Я неоднократно обращалась к директору школы, завучам. Их ответы на мои просьбы взять ситуацию под контроль поражали своим безразличием: «Ой, ну давайте не будем об этом», «не нужно это никуда выносить», «что мы сделаем, это же дети» и т. д.

Мне приходилось постоянно напоминать им, что дискриминация по нацпризнаку уголовно-наказуемое дело. Обучение в казахской школе не блажь, а элементарное желание интегрироваться в современное казахстанское общество.

Все силы педагогического коллектива были брошены не на устранение причин конфликта, а на то, чтобы не выносить «сор из избы». На мою дочь оказывали психологическое давление: «не говори маме, а то она поседеет, у нее выпадут волосы, она заболеет и умрет». К ученикам, которые устроили прессинг, мер принято не было. Дошло до того, что в одном из разговоров с завучем мне прямо заявили: «А что вы хотели, годы колонизации не прошли даром, мы терпели и вы терпите. Может быть, вам забрать ребенка и уехать?» И это слова педагога! Полина, по мнению учителей, должна стать «козлом отпущения» за то, что Казахстан входил в состав Советского Союза. Именно она является виновницей колонизации страны.

Не встретив понимания в школе, Виктория обратилась в капшагайский филиал партии «Нур Отан». После гневного телефонного звонка и ценных указаний, розданных на внеочередном собрании, страсти вокруг девочки улеглись. Руководитель филиала партии власти лично пообещал держать ситуацию под контролем. Словом, многонациональная страна, межнациональное согласие и прочее.

Запаса толерантности хватило ненадолго. Сверстники Ходыкиной-младшей с новой силой продолжили свои детские «шалости». Мать неудобной ученицы была вынуждена обратится в городскую прокуратуру. Однако по прошествии некоторого времени она получила формальную отписку за подписью заместителя прокурора Капшагая Ускембаева: «Ваше обращение о притязаниях в отношении вашего ребенка учениками средней школы № 3 г. Капшагай прокуратурой города с проведением проверки рассмотрено. В ходе проверки по доводам, указанным в вашем обращении, подтвердить факт притязаний вышеуказанной школы по отношению к вашей дочери не представляется возможным. В этой связи, оснований для принятия мер прокурорского реагирования не имеется (выделено автором)».

Патриотическое очковтирательство

В результате психоэмоционального напряжения Полина к 11 годам замкнулась в себе, свела до минимума общение с одноклассниками, наотрез отказывалась участвовать в любых школьных мероприятиях. Даже за партой она предпочитала сидеть одна. Пятый класс для капшагайского лингвистического феномена - девочка отлично знает английский, изучает арабский, а казахский для нее родной - стал определяющим. С приходом нового директора положение не изменилось, но изменилось отношение к «не патриоту» своей страны Ходыкиной - ее начали «прорабатывать». Полина Ходыкина отказалась участвовать в очередном субботнике, объяснив это тем, что у нее в это время дорогостоящие курсы арабского языка. Однако, по мнению администрации, это не повод для пропуска «жизненно важного» события. Ношение голубого банта и уборка территории - вот высшее мерило проявления патриотизма и любви к родине, а злостная нарушительница оных устоев должна быть наказана.

Было проведено общешкольное собрание, где отличился представитель прокуратуры. Он, видимо для большей наглядности, вычертил диаграмму, первым пунктом которой было непослушание, а последним - попадание неслуха в тюрьму.

- На собрании она заявила, что ее знание арабского языка принесет стране больше пользы, чем собирание использованных шприцев под окнами школы. Ребенок, с трех лет говорящий на государственном языке, выросший среди казахов, воспитанный в уважении к культуре и истории, получил глубокую психологическую травму. Кому это нужно? - не понимает мать девочки.

Итог национально-патриотического эксперимента над дочерью бывшего военнослужащего вооруженных сил Республики Казахстан Виктории Ходыкиной печален. Полину пришлось перевести в другую школу: с русским языком обучения. Где она столкнулась с неожиданной для себя проблемой - незнанием языка. Теперь семье приходится нанимать репетиторов, чтобы хоть как-то «подтянуть» внезапно «провалившийся» предмет:

- По-русски Поля общалась только дома - со мной и бабушкой. Теперь мы очень боимся, что она «потеряет» казахский язык. Мы покупаем ей казахоязычную прессу, смотрим передачи на казахском языке, но этого однозначно мало.

Виктория Ходыкина задается вопросом: для чего существует государственная программа по поддержке и развитию государственного языка? Для чего, а главное - для кого «большие дяденьки» ежедневно со страниц газет и экранов телевизоров говорят о языковых проблемах? К кому обращаются национал-патриоты всех мастей с требованием изучать казахский? Если под звуки домбры и коней, несущихся по степи к закату, детям будут «втирать очки», то далеко мы не уйдем, уверена она.

- Когда «агашки» со страниц газет требуют денег на развитие государственного языка, мы удивляемся. Ведь требуется только желание и терпение. Я вообще считаю, что ошибочно разделять школы на казахские и русские. С детства нужно обучать детей вместе, тогда глядишь, наша двадцатилетняя молодежь и говорила бы нормально на всех языках. Вопрос отпал бы сам собой, - считает глава семьи Тамара Ходыкина, бабушка Полины.

Ничего не было, но виновные наказаны

Мы связались с директором средней школы № 3 Салтанат Ахметовой, чтобы она пролила свет на конфликтную ситуацию. Узнав причину интереса к ее персоне, Ахметова сразу заявила, что на должности она чуть больше года, а проблемы с Ходыкиной начались задолго до нее. При этом она добавила - в школе помимо возмутителя спокойствия обучались и обучаются представители других национальностей и с ними ситуация нормальная. Поэтому придавать национальный окрас уходу ребенка из школы не стоит. Это, уверена директор, выбор родителей. Захотели - перевели, не захотели - оставили. Кроме того, Полина Ходыкина - девочка большая, с детства занимается карате. Могла и сама кого хочешь ударить. Ну а если что и было, так это дети, что с них взять.

На прямой вопрос, что же все-таки происходит в стенах школы, г-жа Ахметова ответила довольно-таки расплывчато. Начала она с того, что руководство учебного заведения полностью поддерживает политику президента. А что до остального, то по результатам прокурорской проверки были проведены собрания, виновные «расстреляны», школьникам и педагогам объяснили недопустимость подобных действий.

Странный ответ - если ничего не было, за что наказан классный руководитель? Вместо объяснения Салтанат Ахметова любезно предложила встретиться с городским активом и обсудить неудобную «тему» сообща.

Впрочем, между строк директор дала понять, что семья Ходыкиных виновата сама. Дескать, в сложившихся условиях казахский язык надо не учить, а любить его и им восхищаться. Желательно на расстоянии...

Скользкая тема

Капшагайский вариант «филологической» трагедии может стать прецедентом в масштабах всей страны. По уже сложившейся традиции процесс овладения казахским языком русскоязычными соотечественниками протекает по определенным сценариям. Первый: родители ребенка, «накаченные» патриотической риторикой, отдают его в казахские ясли и получают свое чадо через полгода обратно - он портит показатели и нарушает учебно-воспитательный процесс. И второй - казахо¬язычного русского преподносят в качестве некого чуда, гордятся им и выставляют его как образец грамотной национальной политики. Майе Веронской, ведущей программы «Таншолпан» на казахском языке, в отличие от Полины Ходыкиной повезло:

- Я сама окончила казахскую школу-гимназию № 12 в Алматы и могу сказать, что ко мне было особое отношение. Мне попались замечательные учителя, которые меня любили, и вообще в школе меня все чуть ли не на руках носили. Скажу больше: зачастую я сталкивалась с тем, что учителя пытались сделать мне какие-то поблажки, помочь, дать больше, нежели другим ученикам. И я всегда говорила: я такая же ученица, как и все, и не хочу к себе особого отношения. О школьных временах я вспоминаю с особенной теплотой. Может быть, поэтому мне кажется, что ситуация, которая произошла в Капшагае, просто не могла иметь место.

Известный казахоязычный публицист Герольд Бельгер, к которому в вопросах языка апеллируют как к истине последней инстанции, удивлен и возмущен равнодушием капшагайского школьного начальства:

- Я сам вырос в ауле и плохо говорил на русском до второго курса института, ситуация Полины мне знакома не понаслышке. Но я никогда не сталкивался с «косыми» взглядами казахов в мою сторону, я был гордостью казахской школы, меня подбадривали и гордились мной. Если русскую девчонку, которая с удовольствием учит язык, в чем-то обвиняют, то это крайне печальное явление. Здесь требуется решительное осуждение всех виновных. В конце концов, все мы граждане бывшего Советского Союза.

Председатель движения «Улт тагдыры» Дос Кушим уверен, что в первую очередь виноват педагогический коллектив школы. Ситуация вокруг Полины Ходыкиной трагична, но делать из нее далеко идущих выводов не стоит:

- Я знаю сотни детей не казахов, которые обучаются в казахских школах, знаю тысячи русскоязычных студентов, обучающихся на факультетах казахской филологии - и ни один из них не сталкивался с проблемами ущемления их прав. Мне кажется, что капшагайский инцидент - единичный случай.

Общественный деятель полагает, что причиной конфликта стал не национальный вопрос, а элементарная подростковая агрессия и просчеты взрослых в воспитании детей. Любое несоответствие общепринятым стандартам может стать мишенью для современной молодежи. Но говорить о подобных «скользких» темах стоит. К сожалению, русскоязычная пресса старается обойти нацвопрос стороной, считает Дос Кушим. Журналисты предпочитают либо отсидеться в сторонке, либо сочиняют декларативно-помпезные статьи о величии языка. И причина, по мнению Д. Кушима, здесь следующая:

- Межэтническая тематика требует от человека определенной позиции. Как правило, приходится выбирать ту или иную сторону - либо ты за, либо ты против. Для многих из пишущей братии прямая поддержка государственного языка связана с психологическим выбором - поймут или нет эту позицию читатели. Это болезнь советского периода, когда казахский был второсортным языком. Стандартная реплика звучит приблизительно так - мы все за развитие, но постепенное, когда-нибудь само устаканится. Но, извините меня, прошло уже двадцать лет с момента обретения независимости - пора бы и определиться. Для решения языковых проблем достаточно сделать первый шаг - понимание ситуации, а не кивать на отсутствие методик изучения, словарей и т. д.

 

«Свобода Слова», №33 (328)

 


 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354