Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3487 0 пікір 7 Қазан, 2011 сағат 06:38

Маралтай Райымбекұлы. САРЫН

Менің алдымда Данияр Әлімқұлдың «ТОҒЖАН» деп аталатын циклдық сезім драмасы жатыр. Бір шолып шыққанда албырт жүректің лүпілін ғана аңғартар, қазіргі жастардың көбіне тән форма қуалаушылық әсерді байқағандай болғам. Әлбетте, форма мазмұнға қызмет етуге тиіс қой. Қайта оқығанда қарағайдың бұтағындай қарсы біткен жыр жолдары, жыр жолдарындағы образдар мен көркемдік  тәсілдер ә дегенде Тыныштықбектің мақамдарын еске салғанымен, бірте-бірте мұнар арасынан Мағжанды айқындай түскен:

«Өмір – дана, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған» (Мағжан)

Шығарманың аты «ТОҒЖАН» болғандықтан ойға әуелі Абай оралуға тиісті еді, алайда сана түкпірі Мағжанды алға тартты. Біз әлем әдебиеті тарихынан ақындардың Жер бетілік һәм Ғарыштық болып бөлінетінін білеміз. Мағжан соңғысына жатады. Даниярдың да дүниетанымы, жаратылысты қабылдап, қайтаруы Мағжанның мектебіне орайласатын сияқты.

Бітті бойда қуаты мол қызбалық,
...Үмітімнің сабақтарын мұз қарып...
Мұңдарымның моласына гүл қойшы,
Көктем кешіп күз барып.

Менің алдымда Данияр Әлімқұлдың «ТОҒЖАН» деп аталатын циклдық сезім драмасы жатыр. Бір шолып шыққанда албырт жүректің лүпілін ғана аңғартар, қазіргі жастардың көбіне тән форма қуалаушылық әсерді байқағандай болғам. Әлбетте, форма мазмұнға қызмет етуге тиіс қой. Қайта оқығанда қарағайдың бұтағындай қарсы біткен жыр жолдары, жыр жолдарындағы образдар мен көркемдік  тәсілдер ә дегенде Тыныштықбектің мақамдарын еске салғанымен, бірте-бірте мұнар арасынан Мағжанды айқындай түскен:

«Өмір – дана, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған» (Мағжан)

Шығарманың аты «ТОҒЖАН» болғандықтан ойға әуелі Абай оралуға тиісті еді, алайда сана түкпірі Мағжанды алға тартты. Біз әлем әдебиеті тарихынан ақындардың Жер бетілік һәм Ғарыштық болып бөлінетінін білеміз. Мағжан соңғысына жатады. Даниярдың да дүниетанымы, жаратылысты қабылдап, қайтаруы Мағжанның мектебіне орайласатын сияқты.

Бітті бойда қуаты мол қызбалық,
...Үмітімнің сабақтарын мұз қарып...
Мұңдарымның моласына гүл қойшы,
Көктем кешіп күз барып.

Осындай әдемі шумақпен қалам мен жүрекке қатар сөз берген лирикалық кейіпкер Жеті тәулікте Алладан нәсіп етілген «адамды адам жақсы көру» сезімін жеті өлеңге өрнектеген. Махаббат тақырыбын кім, қалай жазбаған?!! Біз бұл жерде Даниярдың жанның болмысы мен сыртқы әлемді тұтастыра танып: Үміт, Мұң, Көңіл, Сезім, Тағат, Сағыныш тағы басқа қолға ұстап, көзбен көру мүмкін емес ұғымдардан сурет салып жіберетін қасиетін таныдық. Шығарманың өн бойындағы құрысы Батыс пен Шығыстық поэзияның шарпысуындағы кемпірқосаққа баланса, автордың мифтік санаға еркіндік үстеуі эксперимент ретінде көрініс тапқан. Біздің ақылымыздан тысқары нәрселердің бәрі де қорқынышты болмауға тиісті. Жаңаға, жаңалыққа ұмтылуда осы тақлеттес. Жаратқанға баратын жол жалғыз емес. Алла төреші!

Ақын, Маралтай Райымбекұлы

 

!!!…ТОҒЖАН…!!!

(Циклдық сезім драмасы)

 

І. Бірінші күн

Бітті бойда қуаты мол қызбалық,
…Үмітімнің сабақтарын мұз қарып…
Мұңдарымның моласына гүл қойшы,
Көктем кешіп, күз барып.

Қауым-қауым қиялыңды  мезі еткен
…келмес жаққа жұмсап жібер…
Ал ауада асыр салсын кезекпен
Жылы жаңбыр, жұмсақ жел.

Сүйе сенде түнге иық,
…Көз алдыңда көлбеңдесін тұңғиық…
Сосын аспан алау ессін тылсыми
Жұлдыз жанып, түн күйіп.

Нали берме:  Ашыныс
…нәби жасты науалатар нақақтан…
Жұлдыз біткен сөніп жатыр асығыс
Түн соңына тақап таң.

Кірпігіңнің ұшындағы кіл сағым,
…Ол мендегі жыр шағын…
Оңашада қауышармыз қайтадан,
Жалғыздықтың жарып шығып құрсағын.

Әзірге сол сағына тұр, шыдаммен
…Жүрек жүгін арқалатпай ақылға…
Көңіліңнің көшесінен шығам мен
Сен мендіксің.
Мақұл ма?!.

Жүрегім жазған түн: 08.08.11.

 

 

 

ІІ. Екінші күн

Сұрақ… Сұрақ…
Жауап келсе – бір шешім,
Сезім-шамның сөндіре алмай білтесін.
Көбелегім ұша алмай жүрмісің,
Отқа орап қанатыңның күлтесін?..

Елес… Елес…
Елесімнің ескісі,
Күндіз ғайып сезімдегі Сес күші!
(Жарық жайлы жалған сөйлеп жарыса,
Түсінбейді түннің тілін еш кісі!..)

Ұйқы… Ұйқы…
Мүлгіп барад мұң - нала,
Өгейсіген өзге ешкімді тыңдама.
Еш қызға Мен
оқығам жоқ әлі өлең…
Өлеңімнің сөлін сорған түн ғана.

Күлгін… Күлгін…
Күрсіністер ішінен,
Жүрегіңе жебе болып ұшып ем.
Сезім-сауыт соққысына ұшырап,
Майырылды махаббатым. Ұсын Ем!

Үміт… Үміт…
Үмітті үдетті арман,
(Көлеңкелер көзінен түнек тамған)
Сенің иә…
иә…сенің бар Болмысың
Жанарыма жасырын түнеп қалған!..

Жүрегім жазған түн: 09.08.11.

 

ІІІ. Үшінші күн

Tалшығынан ТАҒАТ-тың сезім нұр ап.
(Соғады… сағыныштың түнгі лебі!)
Жүректің түкпірінде Өзім жылап,
Миымның дәлізінде мұң күледі.

Зерде зақым. Зейін – Өзің. Зар қысад…
(Мейлі… Мүлде… МАҢЫЗ емес қалғаны!)
Жанарымда жалт етеді жалқы сәт,
Кірпігімде сағыныштың салмағы.

Жан едім жан рахатын жырдан күткен,
(Айқұш-ұйқыш көңілде егес тегі!)
Құйылады ғарыштық жылдамдықпен,
Жанарыңа сезімнің елестері.

Шыдам шемен. Тағы да төзімді алдың,
(Жібек желмен жарысқан күлкісін-ай!)
Өткеніңе оралшы өзім бармын,
Көктеміне асыққан жыл құсындай!

Жүрегім жазған түн: 10.08.11.

 

ІY. Төртінші күн

Мен Өңімнен, сен түсіңнен оянып,
Жалқы, жалғыз жатқанымды түйсінем.
Санам сары түске кетті боялып,
Сағыныштың исінен.

Мендік мұңым қылық шығар әдепсіз,
Сағындыру - Уақыттың ұтары.
Тынысымда бүрлей берді қажетсіз,
Жалғыздықтың жұпары.

Махаббатым аяғы жоқ, басы бар,
Бөлмедегі бейнем үнсіз… боркемік.
Кірпігімнен күйік исі шашырар,
Көз жасыма өртеніп.

Қас қарайған. (Кешкі мұңның әлемі…)
Жүрегіңнің жаппа маған есігін.
Көз алдымда кескінің тұр әдемі,
Ерінімде есімің.

Жанарыңның жұпарына шала мас
отырамын. Оңашаны сый ғылып.
Тоғжан мені тоздырғаның жарамас,
Уақыттың өлшеміне сыйдырып.

Жүрегім жазған түн: 11.08.11.

Y. Бесінші күн

СЕЗІМің Пайымның пұшпағын илейді,
Шеттетіп шерлі ойдың құнсызын.
Отты айнала
Періштелер билейді,
Желге шашып жанарымның дым-сызын.

Болмысымның жұпарына бойлар мең?..
(Жанарыңда басым иә – шық десі.
Ми маңында қаза болған Ойлармен,
Сезім соңы – сөйлемдердің нүктесі…)

(Құс қиқулы үмітімді үркітпе)
Жанарға жұғып қап,  Ай нұры:
Қобыздан қашқан үн тұнады кірпікке,
Махаббат мақамын сімірген қайғылы!

Мұңымның мөлшері – сыймайтын Көлемге
ТАҢДАНЫС тереңдік ояр мың.
Сағыныш сыңсуы өрілген өлеңде:
Бейнеңнің бояуын қалың ғып қоярмын.

«Жүзіңнен аққан мұң – жүзімнің шарабы» –
деп оны ішейін құйып ап қолыма.
Сондағы масаңдық тарихын баяндап,
Айналып кетейін өлеңнің жолына…

Жүрегім жазған түн: 12.08.11.

YІ. Алтыншы күн

Құныстанад… (кеудем сірә хал ұқпақ):
Күміс қанат көбелегім қалықтап,
«Қараңғыға» қойып кеттің бүгінде,
«Жарық нұрдың» жұпарынан алып қап.

Мазалы ой… ми бүреді… құрсаулап
Жалғыздыққа жоламашы, жүрші аулақ.
Қыз бітімін өшіре алмас санасы
Күзгі түннің қанатынан мұң саулап.

Атырапта аңқығанда түн исі,
Жалғыздықтың жанарына құм үйші.
Сосын менің ғазалымның ішінен,
Нәті нәзік болмысынмен жымишы.

Жүрегім жазған түн: 13.08.11.

 

 

 

YІІ. Жетінші күн

Жетінші күн… Апта аяғы… Жексенбі…
Жыр жолдары таусылуға таяған.
Самаласы сағыныштың ескен-ді,
Мені ешкім жоқ аяған.

Жырларым ше?.. (жазықсыз ғой…) ұрсамын …
Ұят шығар алдымдағы түнді аттау.
Жетістім бе? Жеткізбейді мұң-сағым.
Жетінші күн – жұмбақтау.

Жүру жоқ нақ басып:
Қалтылдадым. Қаусадым!
Қағаз қалған Ойларыммен баттасып,
Жетінші күн – сия сіңген саусағым.

Жетінші түн – жетер емес қаяу үн,
Сабылумен үйге ендім.
Білесің бе? Болмысыңның бояуын,
Сағынуды үйрендім.

Кірпіктен ызғар ұшқан,
Көңілде көжектеп күдік-қоян:
Сенің сұлу бейнеңді қызғаныштан,
Жанарыма жасырып тығып қоям.

УАҚЫТ-қа масыл етті күндерім,
Қаламсаптан қорқад қол
Жетінші күн – жырмен жолдас түндерім,
Сегізінші… екеумізге ортақ бол!!!

Жүрегім жазған түн: 14.08.11.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415