Ермек Қарабала. Данияр Әшімбаев оралмандарға неге жауығады?
Өткен аптада «Central Asia Monitor» газетінде саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың «Забастовка нефтяников - шантаж, который долгое время срабатывал» атты сұхбаты жарияланды. Өз сұхбатында орыстілді сарапшы еліміздің батыс өңірлерінде орын алып отырған саяси және экономикалық қайшылықтар туралы әңгіме қозғай отырып, олардың орын алуына «басты себепкер» ретінде отанына көшіп жатқан қандастарымызды атапты.
Д.Әшімбаев Жаңаөзендегі мұнайшылардың толқуларының 1989 жылдан бері үздіксіз жалғасып келе жатқанын, ондағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың бұрыннан күрделі екенін мойындай отырып, ондағы жұмысшылардың ереуілін ұйымдастырушы және жандандырушы ретінде оралмандар дегенді қайталай беріпті. Сарапшы мырза былай деп көсіледі: «С тех пор, как государство стало поощрять возвращение соотечественников из всех стран, откуда только возможно, значительная их часть прибыла именно в западные области. За это время население Жанаозена выросло вдвое, но при этом новые рабочие места не создавались. Между тем существенно увеличилось количество именно трудоспособного населения, молодежи. На запад народ едет не для того, чтобы работать на стройках, в силовых органах или в структурах коммунального хозяйства. Туда едут работать в "нефтянке", которая, извините, не резиновая. Тем более, что времена "легкой нефти" (когда воткнул трубу в землю - и качай) прошли».

«Осыным аз болып кеткен жоқ па?» деп күмәнданған болуы керек, Әшімбаев мырза қазақтың арасына жік тастап, жергілікті тұрғындар мен оралмандардың арасына от салуға тырысып бағыпты: «Парадокс: местное население в республике испытывает серьезные проблемы - налицо безработица, социальная уязвимость и так далее. И при этом заниматься проблемами оралманов в первую очередь - аморально по отношению к казахстанцам, которые живут здесь с рождения. Тем более, нужно учитывать тот факт, что в Казахстан приехали и едут люди, которые испытывали определенные проблемы в Китае, России, Турции или Монголии. Понятно ведь, что успешным казахам, живущим за границей и имеющим постоянную работу, свой бизнес, жилье, программа возвращения соотечественников не очень интересна. Приезжают люди, не имеющие квалификации, образования, денег, в конце концов. И это создает взрывоопасную ситуацию. Вообще, обстановка в Жанаозене очень напоминает ту, что имела место в алматинском микрорайоне "Шанырак". Безработная и неустроенная молодежь со всей республики тянется туда, где крутятся деньги и есть работа, создавая критическую массу, и достаточно лишь поднести спичку, чтобы произошел взрыв. Все хотят хорошей жизни в крупных городах, но понятно, что без образования, без опыта работы, в конце концов, без связей ассимилироваться в таких центрах практически невозможно. Это касается и Мангистау, и Алматы, и Астаны».
Жалпы айта кету керек, бұл сұхбат Д.Әшімбаевтың қазақтарға, шетелден келіп жатқан қандастарымызға тұңғыш шүйлігуі емес. Осыған дейін де бұл сарапшы қазақ тіліне, қазақ көшіне қарсы пікірлер айтып жүрген болатын. Өзіне үйреншікті, ұнамды орыстілді «ғұмырынан», ортасынан айрылып бара жатқан Даниярдың бұлай бұлқынуын түсінуге де болатын шығар. Бәлкім, оған «Елім, жерім» деп алыстан қоныс аударып жатқан қандастарынан гөрі орыстар мен басқа да ұлт өкілдері әлдеқайда ыстық шығар. Ол - өз таңдауы. Бірақ, осы тұрғыда мынандай жайтқа назар аударғанымыз дұрыс болар. Д.Әшімбаев «Тұран» университетінің ректоры, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Рахман Алшановтың баласы екенін естен шығармайық! Рахман мырза өзінің туған баласының пікірін қолдай ма екен? Өз баласына қазақ тілін, ділін дарыта алмаған Рахман Алшанов мырзаның өзі еліміздің бас партиясының үлкен бөлімшесін қалай басқарып жүр? Ертең Рәкең қазақтың арасына барып, «өзім де, менің партиям да қазақ үшін, оралман қандастар үшін барлығын жасап жатыр» деп сайрайтыны белгілі. Ал баласының тірлігі мынау...
«Абай-ақпарат»