Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4027 2 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 12:11

Қашан келерсің, eркін күн...

Тышқан жылы. Ақпан, наурыз айлары, асыққан уақыт. Алты құрлыққа ауыз салған Коронавирус... Мазасыз күндер мен ұйқысыз түндерде күллі жаһан жұрты Індетті тежеу - бір ғана Міндет үшін жанкешті жауапкершілікпен жапалы қызмет жасауда. Қала, сосын далада күтпеген қарбаластық. Төңіректің төрт бұрышы бір түрлі тыныс-тіршілік. Санада сан сақтық, көңілде көп күдік. Күллі ел мұраты Сovid-19 деп айдарланған тәжтажалды тездеп жеңу. Бір ел - бір мақсат, басқаның бәрі бекершілік!...

Қазақстандық қара алтынның бағасы, төл теңгенің тағдыры, көк қағаздың күмбір күйі бәр-бәрі де халықты еш қызықтырмайды. Баспана мен жаңа әліпбидің жыры да көңілден көшкен. Байтал емес, бас қайғы деген осы шығар, Көп адам үйде, кей адам түзде. Алайда бәрі бірге. Тек күні жарық, мұңсыз болса қара нан мен қарасуға дән разы. 

Карантин мерзімі 15 сәуірден 1 мамырға ұзартылды. Тағы да терезе алдындағы оқшау өмір, бір күдік пен бір үміт... Дәтке қуат, 42 500тг-і айтсаңшы?! Сындарлы сәттегі Президентіміздің мәлімдемесі үш миллион момын жанға жұбаныш болғаны жасырын емес. Алыс-жақындағы барға қанағат қоңыр жұрт бір қуанып-ақ қалды. Ақ халатты абзал жандардың тағдырына алаңдаған Президент оларды да үш котегорияға бөліп, әжептәуір үстемақы төлеуге тапсырма берді. Тест жүйесін әзірлеген отандық ғалымдарды құттықтады.

Тар заманда да елдіктің мұратын биік ұстаған жомарт мінезді Ұлттың ұрпағымыз-ғой, ел ішін жат індет жайлағанда жұрт жұдырықтай жұмылды. Бір қолдың саласындай, бір рудың баласындай «Біз Біргеміз» екенімізге көз жетті. Түрлі себептермен өзге елдерде жүрген сансыз қазақстан азаматтарын үздіксіз эвакуациялады, жөн-ақ! Есесіне өңірлерде аты жаман аурудың инфекциясын жұқтырған адам саны сағат сайын артып, ұлт денсаулығы сынға түскен сәтте Елбасы да алаң көңіл елінің алдына шықты, сабыр мен шыдамдылыққа шақырыды.

Негізінде, жомарттың қолын жоқ байлар, - Қазақстан мемлекетіне жараспас! 13,2 млрд теңгесі бар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында Қоры құрылды. Халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден 150 мыңнан астам азаматқа аударылмақ. Бәрекелді, Мейірім салтанат құруда. Зиялы қауым мен жастар жағы ол кісінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» жазбасын оқыды, оңашада ойланды. Жай бұқара бұрынғы көшбасшы Экс-президентті еске алды.

Қалай болғанда да Дәрігерлерге мың бір алғыс! Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Тоқаев ел ішіндегі індет жағдайын тікелей өз бақылауына алған, әрі оған қатты алаңдаулы. Президент әрине халық жағында. Алайда, біздің билік қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып қамданғанымен қысқа мерзімде 120 дәрігер инфексия жұқтырып алды. Бүгінгі күні оның саны 327 артты! Ресми ақпарат көздері жалпы медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыру оқиғалары республиканың 13 өңірінде тіркеліп, жаңа вирусқа шалдыққан дәрігерлердің ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда, кейіннен Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында байқалғанын баяндады. Қалайша?

Саясаткер Ерлан Саировтың: Бүгінде, біздің дәрілерлер автоматқа қарсы күрекпен соғысып жүрген жауынгерлер тәрізді–дегені кінәсыз дәрігерлердің дәрменсіздігін меңзесе керек. Бұл біз үшін өте өкінішті, әрі қорқынышты жағдайят! Обаның нағыз ошағы болған Италия мен Қытайда бұл көрсеткіштер тым аз екен. Ал ақ халаттылардың сырқатты жұқтырып жатқаны ел іші Денсаулық сақтау саласындағы жылдары бойы қордаланып қалған күрмеуі көп  сұрақтардың бетін ашып берді. Не керек, айлар бұрын ел аман, жұрт тынышта жасалған қауыпсіздік дайындығымыз қайырсыз болды. Бұл сарындас пікірді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш те айтты. Ал, Дүниежүзілік банк өкілі Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қысқарып, елдегі кедейшілік деңгейі артады - дейді. Бірақ не боларын Ол білмес, Құдай білер!

Еее, кімнен қалмаған көңіл. Сын сағатта «Цифрлы Қазақстан» да сыр берді. Сан жетпес 141 миллиард теңге шынымен желге ұшқаны ма?! Енді 258,8 миллиард та ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете ме?  Министр Жұмағалиев те, Үкімет басшысы Мамин де кінәлы сияқты көрінді. Анығында, Мемлект басшысы мен Халық сан соғып, ағаш атқа мініп қалды. Дей тұрғанмен өмірімізге онлайн қашықтықтан білім беру жүйесі енді. Жаңалық бастау алды. Бұл ретте заманауи білім беруге негізделген “Budbeed” сынды көп салалы онлайн форматты жобалар шынымен де құптарлық бетбұрыс болмақ. Демек, Covid-19 Пандемиясы ертеңгі күн Қазақстанның  тарихи даму белесінде өзекті салаларда өміршең, түбегейлі оң өзгерістер жасауға мұрындық болары бек мүмкін. Лайым солай болғай!

Биылғы көктемгі егіс науқаны коронавирустың таралуымен тұспа-тұс келді. Диқандарға ерлік көрсету керек-ақ. Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартар, Су тасқыны тағы бар. Алайда, Алматының жарқыраған аспанын ойлағанда қол-аяғыңды кісендеген ас атасы НАН және Басқаның да бағасын бір сәтке тарс ұмытасың. Қалай айнадай тазарған Алматы шаһарын үйдің шатырынан емес, Көктөбеден бір көру бүгінде әркімге арман! Иә, төтенше жағдай қиын кезеңде қымбатшылықтың қамытын киген қарапайым халықтың арманы көп, дәрмені жоқ. Десе де келер күнен үмітіміз зор. Біз үйдеміз, Біз біргеміз,  Есен-аман бір-бірімізбен жолыққанша.

1 мымыр... Қашан келерсің,  Азат еркін күн?!

Думан Аманұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512