Жексенбі, 24 Қараша 2024
2659 0 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 20:41

"Жеңістің 75 жылдығына арналған" монеталар шығарылды

Биыл, 2020 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Жарты әлемді соғыс өртіне тұншықтырған екінші жүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең ірі нәбеттердің бірі. Бұны тарихшы ғалымдар әлдеқашан дәлелмен тұжырымдап берген болатын.

Екінші жүниежүзілік соғыстың қаншалық сұрапыл, қаншалық қатігез болғанын бүгін айтып жеткізу мүмкін емес. Сол соғысқа қатысып, мүрдесі майдан даласында шашылып қалған марқұмдардың мұң-шерін айтсаң, қайғыдан қабырғаң қайысып, жаугершіліктен жүрегің түршігері сөзсіз.

Енді осы сөздерімізді ресми санды мәліметтермен дәлелдеп көрейік. Ресми ақпаратқа сүйенсек, екінші жүниежүзілік соғысқа әлемнің 61 мемлекеті қатысқан екен. Бұл дегеніңіз дүниежүзінің 80 пайыз халқы соғысқа қатысты деген сөз. Соғыс әрекеттері әлемнің қырықтан асам мемлекетінің жерінде жүргізілді. Бұл соғыста жалпы 110 миллион адам әскерге алынған екен. Мұның 50 де 55 миллионы соғыс құрбанына айналған. Ал қаржылай шығын 4 триллион доллар көлемінде болған көрінеді.

Енді есептей беріңіз, жоғарыда біз келтірген санды мәліметтерден бұл соғыстың қаншалық сұрапыл болғанын бағамдауға болатын секілді. Жүз миллионнан астам адам қару асынып, соғысқа қатысқан тұрса, бұл соғысты қалай төмен мөлшерлеуге болсын. Соғыстың соншалық сұрапыл, соншалық қорқынышты болғаны жайлы айтып тауыса алмайтынмызды жоғарыда тұжырымдадық.

Енді екінші жүниежүзілік соғысқа қанша қазақстандық қатысқаны жайлы мәліметті жазайық. Негізі соғысқа барша қазақстандық қатысты деуге де болатын шығар. Өйткені қазақ даласында соғыс зардабын тартпаған бірде-бір адам жоқ. Қару асынып, оқ атпағанымен, бірі еңбек даласында жүріп дән екті, оны соғыс майданына жіберді. Екіншісі малын сойып, етін әскерлерге жіберді. Ал қаладағы халық кәрі-жас демей күні-түні жұмыс істеп, соғысты заттық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.

Ал нақты әскер қатарына алып, қару асынып майданға кірген қазақстандықтардың жалпы саны - 1 196 164 (1 196 300). Бұл дегеніңіз әрбір бесінші қазақстандық майдан даласында қан кешіп, соғыс салды деген сөз.

Осынша адам бодау берген сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл міне, 75 жыл толып отыр. Осыған орай елімізде соғыс құрбандарын еске алу, соғысқа қатысқан отандастарымыздың басқан ізін бағалау мақсатында түрлі еске алу шаралары өтіп жатыр. Қазақстанда соғыс өртіне шарпылмаған адам аз дедік. Ендеше соғыс ардагерлеріне қалай құрмет көрсетсек те жарасатын секілді.

Бір айта кетерлігі, соғыс ардагерлерін еліміз тек биыл ғана еске алып отырған жоқ. Алғаш соғыста жеңіске жеткен сәттен бастап, әр жылы соғыста қасық қаны қалғанша арпалысқан әр азаматтың ерлік ісін жыр етіп айтып келеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекеттік тұрғыдан жеңілдіктер, көмектер көрсетіледі. Соғыс ардагерлері елдегі ең құрметті азаматтар саналады. Бұны біз басынан бастап қайта айтпасақ та, әрбір қазақстандық білетін жағдай екені сөзсіз.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай қолға алынып жатқан игі шаралардың бірі ретінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арнайы коллекциялық монеталарды айналымға шығарғанын айта кетсек болады.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 27 наурызында номиналы бес жүз теңгелік күмістен “Жеңіске 75 жыл” коллекциялық монеталарын айналымға шығарылды. Сонымен қатар осындай монеталдар номиналы жүз теңгелік нейзильбер қоспасынан, және номиналы жүз теңгелік МН25 мельхиор қоспасынан айналымға түсті. Айта кетерлігі, мұның бәрі “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” сериясы аясында ұсынылып отыр.

- Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты, монеталарды сату кейін жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланатын болады,- делінген Ұлттық банктің ресми хабарламасында.

Біз сөз етіп отырған “Жеңіске 75 жыл” монетасының графикалық композциясы жайлы тоқталайық. Аталған монетаның қабырғасының бөлінген жарығына кеңес жауынгерлерінің бейнесі салынған. Құрастырушылар осы арқылы екінші жүниежүзілік соғыстың әкелген алапат зардабын бейнелегісі келген. Ал монетаның алдыңғы бетінде мәңгілік алаудың бейнесі түсірілген. Осы алаудың жалыны арқылы кеңес әскерилерінің соғыстағы қиын өмірі, тұтас жер бетіндегі бейбітшіліктің белгісі саналатын көгершіндердің аспанға самғаған бейнесі суреттелген.

Сонымен қатар, номиналдың оң жақ жарты бөлігінде қалампыр гүлі бейнеленген. Ал оның жоғарғы жағында – қаһарман жауынгердің батыр бейнесін қолына ұстап тұрған бес бұрышты жұлдыз, және арнайы мерейтойлық күндерді бөліп тұрған белгі бейнеленген.

- Монетаның реверсіндегі жазу кирилицамен жазылған. Бұл сол кезеңдегі оқиғалармен тарихи байланыс бар екендігін анық көрсетеді. Монетаның дизайнына Қазақстан Ұлттық Банкі 1941-1945 жылдары болған екінші дүниежүзілік соғысының аяқталғанына орай Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілген “Жеңістің монетасын жаса!” атты жалпы республикалық байқау жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды,- деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552