Жұма, 24 Қазан 2025
Жаңалықтар 368 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 19:35

Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қонаев қаласының Орталық алаңында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылады. Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталып, танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Мерекелік кештің хедлайнерлері – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев.

Кештің басты сәні – Алматы облысында алғаш рет өткізілетін дрон-шоу болмақ. Кешкі аспанда жүздеген дрон көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композициялар жасайды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл еліміз Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтуде. Бұл тарихи құжат – қазіргі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолының бастауы.

«Республика күніне орай өңірде жүздеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Олардың қатарында бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер, жастарға арналған экскурсиялар, форумдар мен конференциялар бар. Ал 25 қазанда Қонаев қаласының Орталық алаңында күндізгі және кешкі концерттер өтіп, мерекенің шарықтау шегі ретінде ерекше дрон-шоу ұсынылады. Бұл іс-шара демеушілердің қолдауымен өткізіліп, тұрғындар мен қонақтарға тамаша сый болмақ», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасымен бірге келіп, биылғы жылдың ең әсерлі сәттерінің біріне айналатын ерекше жарық шоуын тамашалауға шақырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1086
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10498