Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6630 4 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 12:43

Дәурен Абаев қызмет ауыстырды

ҚР Президентінің жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен босатылды.

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды»,- делінген Ақорда сайтында.

Дәурен Әскербекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Осыған дейін бұл қызметті Мәулен Әшімбаев атқарып келген. Ал бүгін Мәулен Сағатханұлы Сенат депутаты болып тағайындалды.

Айта кетейік, Дәурен Абаев 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

- 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

- 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

- 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

- 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

- 2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

- 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

-  2011 жылғы шілдеден - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

-  2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі болды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338