Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3730 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 04:48

Амангелді Кеңшілікұлы. Кафканың үйі (жалғасы)

ХХХ

Кафканың мұражайынан жазушының «Еңбекпен түзеу мекемесінде» атты әңгімесінің қолжазбасын көріп, әлдебір жайттар санамда қайта тірілді.  Дәл осы сәтте Кафканың әкесіне жазған хаты мен аталмыш туындысының арасында рухани байланыстың бар екенін түсініп, ойым сан-саққа жүгірді.

...Миллиондаған адамдардың қанын судай ағызған, әлемге қасірет шеккізген зұлымдықтар мен жауыздықтар адамдардың рухани азаттығын сезіне алмағандығынан туындаған. Халықты қан қақсатып, зар илеткен жауыздардың қай-қайсысы да билік басына, тәуелсіздік идеясын ұрандатып, адамдарға бостандық әпереміз деп келген.  Әйткенмен, солардың бәрі қайта тіріліп келсе де  өздерінің қателіктерін мойындамас еді. Өйткені, шексіз билікке қол жеткізіп, халықты мәңгі-бақи билеп-төстеуді мұрат қылған олар, ешқашан да өздерін жауызбыз деп есептеген емес. Қайта керісінше олар өздерін халықтың құтқарушысымыз деп ойлаған. Елді зар жылатқан тирандардың бәрі де халық тәуелсіздікке менің арқамда қол жеткізді деген идеяны жалаулатып, тарихты өзінен бастамақ болған.   Маған сенбесеңіз тарихты қайтадан оқып шығыңыз. Наполеон, Ленин, Сталин, Гитлер.. секілді тирандар,  өздерін халықтың рухани әкесіміз деп сезінген. Өкше басар ұрпақтың қалай өмір сүргісі келетіндігімен санаспай, олардың рухани азаттығына кісен салған.

ХХХ

Кафканың мұражайынан жазушының «Еңбекпен түзеу мекемесінде» атты әңгімесінің қолжазбасын көріп, әлдебір жайттар санамда қайта тірілді.  Дәл осы сәтте Кафканың әкесіне жазған хаты мен аталмыш туындысының арасында рухани байланыстың бар екенін түсініп, ойым сан-саққа жүгірді.

...Миллиондаған адамдардың қанын судай ағызған, әлемге қасірет шеккізген зұлымдықтар мен жауыздықтар адамдардың рухани азаттығын сезіне алмағандығынан туындаған. Халықты қан қақсатып, зар илеткен жауыздардың қай-қайсысы да билік басына, тәуелсіздік идеясын ұрандатып, адамдарға бостандық әпереміз деп келген.  Әйткенмен, солардың бәрі қайта тіріліп келсе де  өздерінің қателіктерін мойындамас еді. Өйткені, шексіз билікке қол жеткізіп, халықты мәңгі-бақи билеп-төстеуді мұрат қылған олар, ешқашан да өздерін жауызбыз деп есептеген емес. Қайта керісінше олар өздерін халықтың құтқарушысымыз деп ойлаған. Елді зар жылатқан тирандардың бәрі де халық тәуелсіздікке менің арқамда қол жеткізді деген идеяны жалаулатып, тарихты өзінен бастамақ болған.   Маған сенбесеңіз тарихты қайтадан оқып шығыңыз. Наполеон, Ленин, Сталин, Гитлер.. секілді тирандар,  өздерін халықтың рухани әкесіміз деп сезінген. Өкше басар ұрпақтың қалай өмір сүргісі келетіндігімен санаспай, олардың рухани азаттығына кісен салған.

Билікке тоймаған өзімшіл тирандардың шексіз мүмкіндігі, аға буынның азып-тозуына әкеліп, неше түрлі зұлымдықтарды туғызған. Ақыр соңында «жұрттың бәрі мен секілді ойлауы тиіс» дейтін зорлық-зомбылық идеясы үстемдік құрып, қоғамның азғындыққа салынуы етек алған.  Жұрттың бәрін бір партияның қатарына топырлатып кіргізіп, саясат бір адамның жұмса жұдырығындағы, ашса алақанындағы ойыншығына айналған.

Франц Кафканың «Еңбекпен түзеу мекемесінде» атты әңгімесінде осы бір шындықтың бояуы қанық, айшығы анық етіп суреттеледі.  Аталмыш әңгімеде еңбекпен түзеу мекемесін көруге келген саяхатшының адам өлтіретін машинамен қалай танысқаны жан-жақты баяндалады. Осы мекеменің полицейі, еңбекпен түзеу мекемесін көруге келген саяхатшыға машинаның қалай жұмыс істейтіндігін айызы қанып әңгімелейді.  Машинаның жақсы жұмыс істейтінін дәлелдеу үшін ақыр соңында оның астына өзі түсіп өледі.

Әңгімені оқып шыққаннан соң бойыңды үрей билеп,  мұндай оқиғаның өмірде болуы мүмкін емес деп, жазушымен келіскің келмей кетеді. Бірақ өткен тарихымызға  көз жіберіп,  ой елегінен өткізсек, мұндай ахуалды күні кеше ғана басымыздан кешкеніміз еріксіз есімізге түседі.  Жалған моральдың үстемдік құруы үшін,  миллиондаған адамдар  кеңестік идеология ойлап тапқан машинаның астында азаптап өлтірілді емес пе? Және осылай азап шегіп өлуді ерлік санадық, келер ұрпаққа үлгі еттік.

Бала күнімізде Кеңес Үкіметінің қалай орнағаны туралы әкелеріміздің жазған шығармаларын оқығанымызда, сол уақытта дүниеге келмегенімізге қатты өкінетінбіз. Шіркін-ай, оқыған әңгімелерімізде суреттелген байлар мен молдалардың шыбын жанын шырқыратып, өз қолымызбен атып өлтірсек  деп армандайтынбыз. Өтірік пе?  Жарық дүниенің есігін аша салысымен әкелеріміз бізді осындай жауыз идеологияның бесігінде тербетіп, тәрбиеледі. Басқаша сөзбен айтқанда, біз  Кафканың әңгімесіндегі суреттелген ең биік шыңға көтерілген зұлымдықты көзімізбен көріп, арқамызбен сезініп, тіпті, керек десеңіз сол жауыздық идеологиясын бойымызға сіңіріп өскен ұрпақпыз.

Кафканың «Процесс» романы туралы мақала жазған әдебиеттанушылардың көбісі  жазушының сталиндік режимді көрегендікпен суреттегеніне жиі тоқталады. Кафканың бұл туындысында романның басты кейіпкері Иозеф.К жауапқа тартылып жатады, алайда қандай қылмыс жасап қойғанын өзге түгіл, оның өзі де білмейді. Әрине ол жазықты емес екенін дәлелдеп, ақталғысы келеді, бірақ не үшін ақталу керек екенін түсінбейді. Адвокаттар оның жағдайының өте мүшкіл екенін айтады. Бірақ соған қарамастан Иозеф.К газет оқып, әйелдерге барып көңіл-көтеріп, өмір сүріп жүре береді. Бір күні оған жақсы киінген екі адам келіп, олардың соңынан еруін сұрап,  қаланың сыртына апарып, мойнына пышақ  салып өлтіреді. Иозеф. К ның «Ит секілді» деп, айтып, жан тапсыруға ғана мұршасы келеді.

Терең ойдың тұңғиығына батыратын «Процесс» романын оқығанымызда расында да ең әуелі көз алдымызға сталиндік зұлмат кезеңі елестейді. Сталиндік дәуірде адамдардың бәрі  де не үшін жауапқа тартылып жатқанын білмей дүбара күйде өмір сүрді емес пе? Олардың бәрінің де үстінен процес жүріп жатты.   Адамдар өздеріне байланысты шығатын үкімнің қашан орындалатынын ғана күтіп, алаңдаумен болды. Сталиндік зұлматтың ауыр зобалаңын басынан кешіріп, тауқыметін тартқан орыстың ғажайып ақыны Анна Ахматова  Кафканың шығармаларын оқып шыққаннан кейін, бұл жазушы мен туралы және мен үшін жазған екен дегенді бекерден-бекер айтпаса керек.  Бұл туралы Анна Ахматова өзінің бір өлеңінде ағынан ақтарылып, былайша сыр толғаған болатын:

Другие уводят любимых,-

Я с завистью вслед не гляжу.

Одна на скамье подсудимых

Я скоро полвека сижу.

Вокруг пререканья и давка

И приторный запах чернил.

Такое придумывал Кафка

И Чарли изобразил.

И в тех пререканьях  важных,

Как в цепких обьятих сна,

Все три поколенья присяжных

Решили: виновна она.

Меняются лица конвоя,

В инфаркте шестой прокурор..

А где-то темнеет от зноя

Огромный небесный простор,

И полное прелести лето

Гуляет на том берегу..

Я это блаженное «где-то»

Представить себе не могу.

Я глохну от зычных проклятий,

Я ватник сносила дотла.

Неужто я всех виноватей

На этой планете была.

Расында да Ахматованың осы бір өлеңі «Процесс» романының рухын дәл беріп тұрған жоқ па.

Кафканың шығармаларында оқиғаға баға беру немесе өзінің көзқарасын білдіру деген   атымен кездеспейді. Оның ешкімге ұқсамайтын жазу шеберлігінің басты ерекшелігі де осында жатыр.  Жазушы айтқысы келген ойын символдар арқылы жеткізеді. Кім біледі, кезінде әлем Кафканың туындыларындағы символдарға назар аударып, одан тағылым алса,  мүмкін тарихтың доңғалағы басқаша жүріп, қазақ халқын зар жылатып, талай боздақтарын жер жастандырған, сталиндік зұлмат болмас па еді.

Алайда  соған қарамастан Франц Кафка   сталиндік зұлматты суреттедім деп әсте ойлаған емес. Жазушы бір сәтке зұлым әкелер  билік басына келсе, қоғамда қандай қасіреттердің болуы мүмкін екенін көз алдына елестетіп, ой елегінен өткізіп көріп, соны қағаз бетіне түсірген болуы керек. Шындығында «Процесс» романының басты кейіпкері, символдық бейне  Иозеф.К -жазушының өзі. Ал, оның ісін қарап, процесті жүргізіп жатқан  екінші символдық бейне - Кафканың әкесі.

Әке бала менікі, сондықтан да оның тағдырын, қалай өмір сүру керектігін,  тіпті, келешекте кім болатынын да шешетін  мен болуым керек деп ойлайды. Бұл әкенің баласын жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстағысы келетін шексіз билігін туғызады. Мұның аяғы қоғамның іріп-шіруіне алып келеді. Ақыр соңында маразм басталады. Ұрпақтың ауысуы, биліктің жаңарауы керектігін түсінгісі келмейтін әкелер енді өзінің балаларынан өш алуға кіріседі. Өзіндік ой пікірі барларға күндердің-күнінде біреулер келеді де, Кафканың «Процесс» романындағы Иозеф К. ны өлтіргендей, қаланың сыртына апарып, ойламаған жерден ту сыртынан пышақ салып,  немесе оқ атып, жанын жаннаттан бір-ақ шығарады.

Кафканың күнделіктерін оқысаңыз өзін билеп-төстегісі келген әкесінен зардап шеккен жазушының қатты күйзеліске ұшырағанын  түсінесіз.                                                                                                                   Жазушылық Кафкаға ауыр азап пен қайғы-қасіреттің уын ішкізген екен-ау!

«Түрлі себептерге байланысты мен әдебиетке толық беріле алмаймын. Отбасындағы жағдайлардан басқа мұның басқа да себеп-салдарлары бар. Әдеби еңбекпен айналысу арқылы жан бағу маған өте қиын. Өйткені менің шығармаларымның бәрі де  ұзақ уақыт ойланып -толғанудың нәтижесінде ғана дүниеге келеді. Кездейсоқ табысқа күн көруді менің денсаулығым көтермейді. Сондықтан да мен әлеуметтік сақтандыру қоғамында қызмет атқарып жүрмін. Бірақ  бір-бірінен табиғаты мүлде бөлек бұл екі қызмет, мені бақытсыз қылды. Осы қызметтің біреуінде бақытқа бөленуім, екіншісіне кері әсерін тигізіп, мені ылғи да бақытсыздыққа душар етеді.  Егер мен кешке таман бір дүние жазсам, жұмысқа барғанда күйіп-пісіп ештеңе істей алмай жүремін. Осы бір толқуларға шыдау,  күн өткен сайын ауыр болып барады». (Франц Кафка, «Күнделіктер» (Дневники) Мәскеу, Хранитель баспасы, 33 ші бет)

Кафка да әлемдегі ұлы жазушылар Бальзак, Достоевский, Эдгар Полар секілді  ештеңеге алаңдамай, шығарма жазуды өмір-бақи армандады. Алайда  Кафканың әкесі баласының жазушы емес, өзі секілді саудагер болғанын қалады. Өмірдегі  күйзелістердің бәрінен жаны әбден  шаршаған Кафка ақыр соңында өзін жәндік секілді сезіне бастайды. Осылайша Кафканың ең әйгілі әңгімесі «Құбылыс» (Преврашение)  дүниеге келді. Басқаларын білмеймін, Кафканың осы әңгімесін қайта оқығанымда, әкемнің  кейбір достарының алдына барып, өзімді жәндік секілді сезінген кездерім есіме түсті. Тіпті, әкемнің өте күшті бір досының бір үлкен қызметтен дәмелендеріп қойып, уәдесін беріп,  ермек қылып менімен жәндік секілді ойнаған кезі де болған.

Кейде маған Қазақстандағы жастардың бәрі де жәндікке айналып бара жатқан секілді көрінеді. Құдайшылығын айтыңызшы, өз Отанында  өгей баланың күйін кешіп, келешектен күдері үзілген жастардың жәндіктен қай жері артық? Дөкей әкелеріміздің жақсы өмір сүруі үшін, үйлері қиратылып, далада қаңғырып қалған қарапайым халықты  көрген сайын, адамдық құқығынан айырылып, жәндіктердің қатарына қосылған қазақтарды  көргендей  жаным күйзеледі.

Кейде ойлаймын, басқалар емес, құдайым-ау, өзіміздің әкелеріміз сағымызды сындырып, жер асты, жер үсті байлығымызды келімсектерге тонатып, тілімізді сорлатып, жастарды үй сатып ала алмайтын бейшара жағдайға жеткізіп, зиялыларымыз ас ішіп, аяқ босатудан әріге бара алмай, рухымыз күйрей берсе,  күндердің-күнінде үйімізде отырып-ақ біздің бәріміз Кафканың жәндігіне айналып кетпейміз бе?!

Білмеймін. Әкелеріміз айтсын!

P.S. Кафканың мұражайынан шыға салысымен Праганың шетіндегі Едігенің үйіне келдік. Едігенің әйелі Алтынның әзірлеп қойған тамағына тойып алғаннан кейін, қыдырыстап қайту үшін  үйдің жанындағы саябаққа бардық.  Саябақта келе жатып, байқаусызда бірдеңені басып кеткенімді сезіп, аяғымның астына қарадым. Әлі өле қоймаған, қара қоңызға ұқсайтын бір жәндік жерде тырбаң-тырбаң етіп жатты.

Алматы - Прага- Алматы, 2007 жыл

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1524
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5921