Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3654 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 04:57

Нұрлыбай Қошаманұлы. Желтоқсан көтерілісінің дәуірлік маңызы (жалғасы)

-1991 жылы қыркүйекте КСРО халық депутаттарының кезектен тыс Ү съезі ашылды. Бұл және соңғы съез болғанын еске сала кетейік. Оны Одақ кеңесінің төрағасы И.Лаптев ашқанымен бұл КСРО президенті Горбачевтің соңғы бенефисі болды. Горбачев осы съезде барынша белсенді болып, өзінің ойға алған дүниелерінің бәрін өткізе алды. Депутаттарға көнбесеңдер таратып жіберуге қақым бар деп деген қоқан-лоққы жасау арқылы алдымен егеменді мемлекеттердің одағы туралы жаңа шарт дайындалып, оған қол қойылатыны жөніндегі шешімді өткізді. Тап осы съезде Горбачев мемлекеттік қатынастардың жаңа жүйесін құру үшін өтпелі кезең жариялап, оны да осы съезде бекіттіріп алды. Сонымен бірге осы жиында жоғарғы палата - Республикалар Кеңесі, ал төменгі палата - Одақ Кеңесі дап аталды. Республикалар Кеңесі жетекшілігіне қазақ баласы Әнуар Әлімжанов сайланды. Елді басқарушы ең жоғарғы орган - Мемлекеттік Кеңес және құрылды. Оның құрамына КСРО-ның және одақтас республикалардың президенттері енді. Бұл өз кезегінде КСРО-ның саяси бюросының ролін атқаратын жоғарғы мемлекеттік орган болатын.

-1991 жылы қыркүйекте КСРО халық депутаттарының кезектен тыс Ү съезі ашылды. Бұл және соңғы съез болғанын еске сала кетейік. Оны Одақ кеңесінің төрағасы И.Лаптев ашқанымен бұл КСРО президенті Горбачевтің соңғы бенефисі болды. Горбачев осы съезде барынша белсенді болып, өзінің ойға алған дүниелерінің бәрін өткізе алды. Депутаттарға көнбесеңдер таратып жіберуге қақым бар деп деген қоқан-лоққы жасау арқылы алдымен егеменді мемлекеттердің одағы туралы жаңа шарт дайындалып, оған қол қойылатыны жөніндегі шешімді өткізді. Тап осы съезде Горбачев мемлекеттік қатынастардың жаңа жүйесін құру үшін өтпелі кезең жариялап, оны да осы съезде бекіттіріп алды. Сонымен бірге осы жиында жоғарғы палата - Республикалар Кеңесі, ал төменгі палата - Одақ Кеңесі дап аталды. Республикалар Кеңесі жетекшілігіне қазақ баласы Әнуар Әлімжанов сайланды. Елді басқарушы ең жоғарғы орган - Мемлекеттік Кеңес және құрылды. Оның құрамына КСРО-ның және одақтас республикалардың президенттері енді. Бұл өз кезегінде КСРО-ның саяси бюросының ролін атқаратын жоғарғы мемлекеттік орган болатын.

Сөйтіп, ең басты жұмыс Одақтық Шартқа республикалардың қол қоюына тіреліп тұрған кез. Осы кезде Украина одақтық шартқа қол қоймайтынын айтып тулап шықты. Ол аз болғандай 5 қыркүйекте Ресей президенті Украинаның тәуелсіздігін танитындығы жөнінде мәлімдеме жасады. Оның үстіне тәуелсіздігін жариялап үлгерген Балтық бойы республикалары мен Грузия бұдан былайғы жерде КСРО-ның бірде-бір съезіне қатыспайтындықтарын жариялады. КСРО-ның құрдымға кететінін сезген вице-премер Г.Бурбулис, мемлекеттік кеңесші С.Шахрай және тағы басқалары депутаттарға келіп, өздерінің Ү съезде қабылдаған шешімдеріне қарсы шықпауға үгіттеп бақты. Бұған қосылған Одақ Кеңесіндегі Алекснис, Коган, Петрушенко секілді империяшыл депутаттар КСРО-ның ыдырауына қарсы болып, жанталаса әрекет етті. Олардың бұл істері бекер болып,  қаншама әрекеттенсе де олар заң күші бар шешім қабылдай алмады.

1991 жылғы 8 желтоқсанда Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы С.Шушкевич, Украина Президенті  Л.Кравчук, Ресей Президенті Б.Ельцин жаңа Одақтық Шартты дайындауға байланысты келіссөздер тығырыққа тірелгенін, республикалардың Кеңес Одағы құрамынан шығу процесі объективті сипат ала бастағандығын айтып, Минскіде КСРО-ның тарағанын мойындап, тәуелсіз мемлекеттер қоғамдастығын құру туралы өз ара келісімге қол қойғандықтарын хабарлады. Аяқ астынан «мызғымас» одақтың тарауына қозғау болған тарихи құжат осылай туды. Тәуелсіз мемлекеттер қоғамдастығының пайда болуына жол ашылды. Сөйтіп, кезінде Кеңес Одағының құрылтайшысы болған үш славяндық бауырлар сол өздері құрған Кеңес Мемлекетінің өмір сүруін тоқтатататындықтарын мәлімдеді. Іле-шала Ресей парламенті бұл үштіктің келісімдерін ратификациялап, 1922 жылғы Одақтық Шарттың да төбесіне су құйды. Жаңа «тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығы» атты ынтымақтастыққа бірігу идеялары өз кезегінде ортақ кеңестікке бауыр басып қалған бұрынғы Кеңес республикаларының анархиялық  ыдырауын бір сәт тежеді. Осы кезде М. Горбачевтен ес кетті ме, Қазақстанда орыстың бес облысы қалып барады ғой, бұларың не дегендей сөз айтып, елді дүрліктіре жаздады. Қазақстан жағы да саспады, Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Әбділдин де табиғи сабырлы қалпымен: «айтса айта берсін, ендігі жерде аянар ауыз жоқ, егер дауласа кетуге дайын болса қорғауға, туған ел үшін айтысуға біз де дайынбыз» - деп отырып алды. Горбачев кейіннен берген бір сұхбатында ұялмй, қызармай: «менің сол жылдары айтқан бір сөзім қазақ баспасөзіне бірнеше жыл азық болыпты» - депті.

12 желтоқсанда бұған жауап ретінде Ортаазиялық бауырлар да Ашхабадта бас қосып, «славян үштігінің» мәлімдемесін талқылап, олардың шешімдері азиялықтар жағынан қолдауын тауып, Орта Азия мемлекеттері басшылары да бұдан былайғы жерде ТМД құрамына тең құқықтық жағдайда ғана енетінін басты шарт етіп қойды. Бұл бұзылу кеңестік республикаларды жаңа тарихи бетбұрыстарға бастаған кезең болды. 21 желтоқсанда он бір кеңес республикалары басшылары Алматыда жиналып, онда тарихи маңызға ие алты құжатқа қол қойылды. Оның негізгі себеп-салдары ретінде: жоғарыда айтқанымыздай ұлт мәселесінің шиеленісі, коммунистік партияның тоқырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, жанталаса қаруланудың әсері және т.б. сыртқы-ішкі субъективті, объективті көптеген факторлар аталды. Одақтың ыдырауына 1990 жылғы 12 маусымдағы Ресейдің өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялауы да себеп болды. «Алматы декларациясы» атты бұл бас қосуда: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатады» - деген соңғы тарихи  құжат дүниеге келді.

Читайте также: Рай на земле остров-отель на Сейшелах (фото)

«Борьба казакского народа 1916 года входившего в то время состав России, за равноправие и свободу стало одним из крупных народных движений переросших чуть позже в буржуазно-демократическую революцию в России» (из выступлений действительного члена Академий наук СССР А.М.Панкратвой, 1943 год)» - деп, кеңес тарихшыларының өздері мойындағандай, 1916 жылы Торғайда болған (Ресейде) тұңғыш қарулы көтерілістің арқасында Кеңес үкіметінің негізінің қалануына бастау болған Қазақстан, сол үкіметке 1986 жылы алғаш болып алдаспан сілтеп, жасы жетпіс төртке қараған шағында қандықол «қызыл империяның» жаназасын да 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда өзі шығарды.

1991 жылы итальян тілшісіне берген сұхбатында ТМД-ның болашағына күманданған М.Горбачев: «Бұл құрылымның ортақ экономикалық және саяси іс-қимылдарын үйлестіріп отыратын механизмі жоқ, сол себепті де олардың арасында ортақ келісім болмайды, оның институттары да жұмыс жасай білмейді» - деген сөздер айтып тіресіп бақты. Бірақ ақиқат өзін мойындатпай қоймайды, уақыт өте келе амалы таусылған, қайта құрудың тетігін іске қоса алмай, «жариялылық» шабуылы арасында әбден абдырып қалған КСРО Президенті М. Горбачев: «Ең бастысы, жаңа қоғамдастық құру идеясы елді қалыптасқан дағдарыстан шығаруға қызмет етуге жараса болғаны» - деп өзінің ендігі жерде бұл процеске қарсы келер дәрменінің жоқтығын, көнгенін білдірді. Келесі кезекте КСРО Президенті деген лауазымы бар М.Горбачевтың саяси статусы қандай болмақ деген сұрақ тұрды? Көп күттірмей оның да тағдыры шешілді. 25 желтоқсанда орталық теледидардың кешкі ақпарат бағдарламасынан сағат 21.00-де Горбачев сөз сөйлеп, КСРО-ның орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуына байланысты өзінің Кеңес елінің Президенті деген лауазымын тоқтататындығын мәлімдеді. Сөйтіп, 1985 жылдан басталып, 7 жылға созылған «қайта құру» кезеңі 25 желтоқсанда Горбачевтың кетуімен аяқталды.

Бұл тарихи жаңа құрылымға дау айтып қарсы шыққан Жириновский келесі жылдың сәуір айында өтетін президент сайлауында мемлекет басына келетін болса, Алматыда ТМД жөніндегі құжатқа қол қойғандардың барлығын мемлекеттік төңкеріс жасаушылар ретінде түрмеге отырғызатындығын айтып қатуланды. ТМД мемлекеттерінің құрылуына коммунистер тағы қарсы шықты. Мәскеуде КСРО халық депутаттарының алтыншы съезі өтіп, онда коммунистер ТМД-ға өз қөзқарастарын білдіру қажеттігін көтерді. Осының қарсаңында жексенбі күні Орал қаласында бұрынғы Одақты қалпына келтіруді жақтаған митингі өтіп, қала коммунистері мен казактар Кеңестер Одағын қалпына келтіруді жақтаса, жергілікті «Азат» қозғалысы бұл шараға наразылығын білдіріп, олармен келіспейтіндіктерін мәлімдеді. Казактардың ыдырауға қарсы болуы түсінікті. Олар үшін бірден пытырлап үзілу казактардың бас біріктіруіне тежеу болады деп түсінді. Сондықтан әлі де белгілі бір даярлықтардан өту үшін орыс империясының сақтала тұруын қажет етті.

Горбачевтың мәлімдемесінен соң 1991 жылғы 26 желтоқсанда сол кездегі Жоғарғы Кеңес төрағасы, қазақ баласы Ә.Әлімжанов соңғы рет Республикалар Кеңесінің палата жиынында сөз сөйлеп: «Опираясь на волю, выраженную высшими государственными органами .... о создании Содружество Независимых Государств Совет Республик Верховного Совета СССР констатириует, что с созданием СНГ Союз ССР как государство и субъект международного права прекращает свое существование» - деген тарихи мәлімдемені оқып, бұдан былайғы жерде КСРО-ның түпкілікті тарағанын жариялады.  КСРО-ның гимні соңғы рет тыңдалады, енді келмеске кеткен КСРО-ны қимай кейбір депутаттар көздеріне жас алды - деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті. Сөйтіп, халық қалаулылары КСРО империясы тарихының соңғы парағын тағы да қазақ баласының мәлімдемесімен мәңгілікке жапты. Әуелден-ақ сүйіп қосылмаған Кеңес империясы осылай тарих қойнуына кете барды. Ыстықкөл саммитінде өзінің берген сұхбатында М.Горбаечев: «Желтоқсан оқиғасы болмағанда КСРО өзге жолмен дамыр ма еді, бәлкім? Бұл менің басты қателігім болды. Өйткені сырттан Колбинді апармағанда, қазақ халқының намысына тимегенде, бәрі, бәрі басқаша болар ма еді. Бұл менің бүгінгі күнгі көзқарасым» - деп, тағы да КСРО-ның ыдырауы желтоқсаннан басталғанын айтып мойындауға мәжбүр болды. Қазақстан халқының бейбітсүйгіштігі, дипломатиялық интелектуалы, Алматыдағы желтоқсан көтерілісі КСРО-ның у-шусыз ыдырау процесінде тарихи тұрғыдан шешуші роль атқарды.

Желтоқсаннан кейінгі Қазақстандағы жағдай, Қ.Рысқұлбековтың ату жазасына кесілуі әлем зиялыларын бей-жай қалдырмады. Чехословакияның «Адам құқын қорғау жөніндегі «Хартер-77» қоғамдық ұйымы, оның сыртқы істер министрі Х.Хачек, Полшаның «Бостандық және Бейбітшілік Одағы», Венгрияның, АҚШ-тың т.б. көптеген елдердің елшіліктері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары, ғалымдары СОКП Орталық Комитетіне, бас хатшы М.Горбачев пен С.Громыконың атына хат жазып, олардан қазақ жастарына қарсы жүріп жатқан сот процесін тоқтатуды сұрап, Қазақстандағы жағдайға алаңдаушылығын білдірді. Осылай «Желтоқсан жаңғырығы» әлемдік сипат алып, әсіресе «Варшава әскери блогына» кіретін социалистік елдердің бұдан былайғы жерде өздерінің саяси, экономикалық - әлеуметтік, ұлтаралық, шекаралық ахуалын қайта қарауына ықпал етті.

КСРО-ның ыдырауы, әлемдік социалистік құрылымның тарауының себептерін түсіндіру - терең ғылыми талдауды талап ететін күрделі мәселе. Болашақта қоғамтанушылар КСРО, Югославия, Чехословакия секілді федерациялардың ыдырау себептерін түсіндіретін көптеген теориялық еңбектер жасауы мүмкін. Мұндай пайымдаулар туындап жатса біз де кеш қалмауымыз керек. Желтоқсаннан соң тарих сахнасында жаңа мемлекеттер пайда болды. Әлемдегі стратегиялық тепе-теңдік бұзылды. Халықаралық қатынастар дамуында жаңа сәттер пайда болды. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі - КСРО, Югославия, Чехословакия секілді социалистік бағыттағы үш үлкен федерацияның ыдырауына және «әлемдік социалистік формацияның түпкілікті күйреуіне» алып келді. Қазақстанның әлемдік тарихнамадағы алатын орны 1916 жылғы социалистік құрылымның қалануына негіз болған ұлт-азаттық Торғай көтерілісі, 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» және 1991 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы декларациясының» өмірге келуі секілді дәуірлік маңызы бар оқиғалармен бағалануы тиіс. Алдағы мақсат біздің тарихшылар мен қоғамтанушылар мұны әлемге осы бастан мойынатуы керек!...

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354