Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 6573 6 пікір 29 Қазан, 2011 сағат 05:16

Еуразиялық Одақ: Идеядан болашақтың тарихына

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Президенті.

Бізді саяси күнтізбеде сим­вол­ды түрде көршілес тұрған екі атаулы оқи­ға­дан небәрі бірнеше апта ғана бөліп тұр.

Біріншіден, ол - ТМД-ның Ал­ма­ты Декларациясына қол қойы­луының 20 жылдық мерейтойы. Ол КСРО қиран­ды­сында Еуразия және бүкіл әлем та­рихындағы өте ерекше мемлекет­ара­лық бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығының пайда болғанын жа­риялады.

Екіншіден, ол 2012 жылдың 1 қаң­тарынан бастап жаңа жоба - Біртұтас экономикалық кеңістікті жүзеге асырудың басы.

Оларда жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі ұлттық мүдделердің түзілуінің көп жылғы тәжірибесі, еуразиялық инте­грацияның оң­тай­лы моделін іздеу және мил­лиондаған қарапайым адам­дар­­дың жаңа үміттері біте жым­дас­қан.

ЫДЫРАУ АЛАСАПЫРАНЫН ТОҚТАТУ

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда менің табанды бастамам бойынша шақырылған посткеңестік мемлекеттер басшыларының саммитінде жойылып бара жатқан супер­дер­жаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі тоқтатылды.

Сол оқиғаларға тікелей қаты­сушы ретінде мен оның сөзбен айтып жет­кіз­­гісіз шиырласқан шиеленісін әлі күнге дейін жадымда сақ­тап келемін.

Сол бір тарихи күндермен қабат­тасқан проблемалар мен қарама-қай­шылықтардың ауырлығынан уақыт­тың өзі де бүгіле түскендей болды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Президенті.

Бізді саяси күнтізбеде сим­вол­ды түрде көршілес тұрған екі атаулы оқи­ға­дан небәрі бірнеше апта ғана бөліп тұр.

Біріншіден, ол - ТМД-ның Ал­ма­ты Декларациясына қол қойы­луының 20 жылдық мерейтойы. Ол КСРО қиран­ды­сында Еуразия және бүкіл әлем та­рихындағы өте ерекше мемлекет­ара­лық бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығының пайда болғанын жа­риялады.

Екіншіден, ол 2012 жылдың 1 қаң­тарынан бастап жаңа жоба - Біртұтас экономикалық кеңістікті жүзеге асырудың басы.

Оларда жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі ұлттық мүдделердің түзілуінің көп жылғы тәжірибесі, еуразиялық инте­грацияның оң­тай­лы моделін іздеу және мил­лиондаған қарапайым адам­дар­­дың жаңа үміттері біте жым­дас­қан.

ЫДЫРАУ АЛАСАПЫРАНЫН ТОҚТАТУ

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда менің табанды бастамам бойынша шақырылған посткеңестік мемлекеттер басшыларының саммитінде жойылып бара жатқан супер­дер­жаваның аласапыранды ыдырауының қауіпті үдерісі тоқтатылды.

Сол оқиғаларға тікелей қаты­сушы ретінде мен оның сөзбен айтып жет­кіз­­гісіз шиырласқан шиеленісін әлі күнге дейін жадымда сақ­тап келемін.

Сол бір тарихи күндермен қабат­тасқан проблемалар мен қарама-қай­шылықтардың ауырлығынан уақыт­тың өзі де бүгіле түскендей болды.

Қазақстанның және бұрынғы Одақ­тың өзге республикаларының көптен күткен тәуелсіздікке ие болуының қуа­нышты сезімі біздің халық­та­ры­мыздың еншісіне тиген тарихи жауап­кер­шіліктің аса күрделілігін сезінумен тығыз астасып жатты.

Ол кезеңде саяси дағдарыс эко­но­миканы одан бетер тұқырта түсті. Бұ­рын болған біртұтас шаруашылық механизмі көз алдыңда күйреп жатты. Же­келеген кәсіпорындар ғана емес, бү­тіндей салалар бір жамбастай құ­лады. Көптеген адамдар жұмыссыз және күнкөріске қажетті қаржысыз қалды. Электрсіз қалған қалалардағы пәтерлердің терезелері үңірейген қара қуыстарға айналды, қарапайым жылу да болған жоқ. Мұндай көрініс іс жүзінде бұрынғы Одақтың барлық өңірлеріне де тән болды.

КСРО өмірінің соңғы жылдарында басталған ұлтаралық жанжалдар кеңі­нен етек жайды.

Бүгінде бүкіл посткеңестік елдер үшін этностық және діни негізде бөліну қатерінің қаншалықты зор және ақиқат болғанын ашық айтқан жөн. Бұл тұрғыда ыдырауы қаз-қатар жүрген Югославия федерация­сының шынайы мысалы нақты дәлел.

Мен, өзімнің көптеген әріптес­те­рім - жаңа тәуелсіз мемлекеттердің көшбасшылары сияқты біздің елдерімізге ағайынаралық қантөгісті жанжалдар, кедейшіліктің түпсіз шыңы­рауы мен әлемдік экономикада тек шикізаттық тіркеме ретінде ғана орын алып, тарихтың шетқақпай жиегінде қалу қаупін тудыратын мұн­дай жол­дың қатерлі екенін түсіндім.

ТМД-ны құру супердержаваның ыды­рауының қысқа да күрделі тарихи кезеңін тиянақтап, сонымен бірге, посткеңестік кеңістіктегі жаңа интеграциялық үдерістің басталу нүк­тесі болды.

Мен осыдан 20 жыл бұрын ТМД құру туралы, әлі де сол пішінмен өмір сүріп жатқан, сол кездегі бірден-бір дұрыс шешімнің Қазақстанның құ­нарлы жерінде қабылданғанын мақ­тан тұтамын.

Ол қазақстандық бастама бой­ын­ша, менің барынша белсенді қаты­суым­мен және Алматыдағы сол бір есте қаларлық тарихи кездесуге қаты­су­­шы­лар­дың бәрінің саяси кемең­гер­лік көрсетуі арқасында қабылданды.

ДОСТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ

20 жыл ішінде ТМД атына көп­теген өткір сындар айтылды. Мен де әркез Достастықтың дамуынан, әсіре­се, экономикалық интеграция мәсе­ле­сінде көп үміт күткендердің қата­рын­да болдым.

Өйткені, елдің тәуелсіздігін ны­ғай­тудағы, дағдарысты еңсерудегі, эконо­ми­каны көтерудегі, адамдардың тұр­мыс деңгейін арттырудағы өңірлік ин­теграцияның шынайы мүмкіндіктерін жақсы білдім. Себебі, Қарағандыда немесе Новосібірде, Днепропетровскіде немесе Гроднода, Нүкісте немесе Хорогта, Нахчыванда немесе Марыда, Ошта немесе Бендерада, Батумиде немесе Гюмриде тұратын миллиондаған қарапайым адамдардың Достастықпен байланыстырған асқақ үміттерін білдім.

Маған мұндай мүмкіндікті Қазақ­станның айрықша көпұлтты халқы берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сес­сиясы барысында қазақстандықтар­мен кездесуде, Достастықтың барлық елдеріндегі қарапайым азаматтардан келетін көптеген хаттардан маған қа­ра­пайым адамдардың біздің мемле­кет­теріміздің, әсіресе, экономикалар­дың тығыз да берік байланысына деген ұмтылысы туралы күшті жүрек лүпілдері беріліп жатты.

ТМД-ның 20 жылдық тарихында барлық қатысушы елдер үшін тағ­дыр­шешті болатындай шешімдерге жа­қын­дап келген сәттер болды.

1993 жылдың қыркүйегінде Эко­но­микалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Ол еркін сауда аймағын, кеден, төлем және валюта одағын құру сатыларынан бірізділікпен өтуді және тауарлардың, қызметтер мен капи­тал­дың ортақ рыногын құруды қарас­тыр­ды. Бірақ ол уақыттары ыдыраушылық тенденциялары күштірек болды. ТМД мемлекеттерінің барлығы қол қойған Еркін сауда аймағы туралы келісімді тек алты мемлекет ғана ратификация­ла­ды, бірақ олардың ішінде Ресей де, Украина да, Беларусь те болған жоқ.

1998 жылы мен ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесі бойынша әріп­тес­терімнің бәріне Біртұтас эконо­ми­ка­лық кеңістік туралы өзімнің кең ауқым­ды жобамды жібердім. Бірақ ол сол күйі жоғары деңгейде қаралған жоқ.

Объективті және субъективті себептерден ТМД посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның шешуші құрылымы бола алған жоқ. Соған қарамастан әлем қатаң ұлтүстілік құрылымдардың болмауы жағ­дайында мемлекетаралық қарым-қатынастардың көптеген өткір мәсе­ле­ле­рі бойынша ұстанымдардың жақын­дасуын және бірлескен шешім­дердің қабылдануын қамтамасыз еткен бұл сияқты ұйымды бұған дейін білген емес.

Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулерін ерекше атап өткім келеді, ол мемлекеттердің бір-бірінен бейбіт түрде бөлінуіне және олардың тәуел­сіз­дігінің нығаюына жағдай жасады.

Бұл орайда Достастық қызметтес­тік пен өзара байланыстар алаңына ай­налды. Оның шеңберінде мемлекет және үкімет басшылары саммиті тұ­рақ­ты өтіп тұрады, 39 салалық мемле­кет­аралық органдар жұмыс істейді. Олардың кейбіреуінің жұмысына Лат­вия­ның, Литваның, Эстония мен Моң­ғо­лияның белсенді қатысуының өзі атап өтерліктей.

ТМД-ның Парламентаралық ассам­блея­сы 300-ден астам модельдік заң­дар қалыптастырып, олар ұлттық дең­гейдегі заң шығаруда белсенді пайда­ланылуда.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт - оған мемлекеттердің бәрінің бірдей қатыспайтынына қарамастан бүкіл ТМД-ның әскери қауіпсіздігінің діңі болып табылады.

Энергетика, көлік, мәдени-гумани­тар­лық сала, трансшекаралық қылмыс­пен, экстремизммен және терроризммен күрес саласындағы өзара іс-қи­мылдар - осылардың бәрі ТМД-дағы көп қырлы өзара байланыстардың перс­пективалы бағыттары.

Екі онжылдықтың ең маңызды қо­рытындысы - Достастық шеңберінде біздің ортақ тәжірибеміз шыңдалып, оның өзі уақыт өте келе өңірлік ин­те­грацияның түрлі пішіндегі және түрлі шапшаңдықтағы неғұрлым нәтижелі формаларына көшуге жағдай жасады.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАСТАМА

Бүгінде КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің жақындасу үдерісін еуразиялық интеграция деп атау дағдыға енді.

Бұл ұғымды талдамашылар мен са­рапшылар кеңінен пайдаланады, және, ең маңыздысы, ол таяу және алыс шетелдердегі саяси элитаның табиғи сөз саптауына айналды.

Бүгінде Еуразиялық Одақ құру идея­сы кері итеру сезімін туғызбайды және ешкімді де таңдандырмайды. Мұның сыртында ол туралы ең жоғары деңгейде таяудағы мақсаттар және нақты ин­теграциялық жоба ретінде айтылады.

Ал бар болғаны он жеті жыл бұрын мүлде өзгеше болып еді.

1994 жылдың наурызында мен ТМД кеңістігінде сапалық жаңа инте­гра­циялық бірлестік - Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құруды тұңғыш рет ұсындым.

Бұл идеяны мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­тетінің академиялық аудитория­сын­да кездейсоқ жариялаған жоқпын. Мен ТМД құрылғаннан кейін екі жылдан соң-ақ пайда болған көп қырлы ин­те­гра­циялық үдерісті тығырықтан шы­ға­ру жөніндегі берік шешіммен бүкіл Достастықтың интеллектуалдық элита­сы­на тікелей ұсыныс жасадым.

Мен ТМД-ның уақыттың объек­тив­ті талаптарына жауап бермейтінін және мүше мемлекеттердің біздің халықта­ры­мыз аса мұқтаж болып отырған ин­те­грациясын қамтамасыз ете алмай­ты­нын ашық айттым. Сондықтан неғұр­лым нақты принциптерде іс-қимылдар жасайтын жаңа мемлекетаралық білместік құру қажеттігі пісіп-жетілді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында орыс эмигранттары арасында пайда бол­ған «еуразияшылық мектебі» жо­лын ұстанушылардың бәрінен де озық кеткен даңқты ресейлік ойшыл Лев Гу­милевтің көзқарастары әркез менің кө­ңі­лімнен шығатын. Ол Солтүстік және Орталық Еуразияның ауқымды бөлі­гін­дегі халықтардың арасындағы гео­гра­фиялық және мәдени-тарихи байла­ныстардың бірлігін тұжырымдамалы түрде негіздеді. Астанада менің бастамаммен құрылған Еуразия ұлттық университеті оның есімімен аталады.

ХХ және ХХІ ғасырлар шегіндегі нақты тарихи жағдайларға икемдендірілген еуразияшылдыққа деген менің көзқа­расым төмендегі принциптерге негізделді.

Біріншіден, мәдени және өркениет­ті­лік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ, мен ең алдымен, эко­но­микалық прагматизм негізіндегі инте­гра­цияны құруды ұсындым.

Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық мүдделер интеграциялық үдерістердің басты қоз­ғаушысы болмақ.

Сондықтан болашақ Еуразиялық Одақтың бастапқы негізі - Біртұтас экономикалық кеңістік біздің халық­та­рымыздың бірлесе табысты дамуының ауқымды ареалы ретінде болмақ.

Екіншіден, мен әрқашанда ерікті интеграцияны жақтаушы болып келдім және болып қала беремін. Әрбір мемлекет пен қоғам жаһанданушы әлемде өзіндік болмысқа шексіз бас ұра бе­рушіліктің және өз шекараларында тұй­ықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс.

Халық пен елдің мүдделерін бас­шылыққа алған ерікті интеграция - өркендеудің ең қысқа жолы да осы.

Үшіншіден, Еуразиялық Одақты мен әу бастан-ақ мемлекеттердің тең­дік, бір-бірінің ішкі ісіне аралас­пау­шылық, егемендік пен мемлекеттік ше­каралардың қол сұғылмастығын құр­мет­теу қағидаттары негізіндегі бірлестік ретінде көрдім.

Төртіншіден, мен Еуразиялық Одақ­тың әрбір мүше елдің мүдделерін ескеретін, нақты да шынайы өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын ұлтүстілік органын құруды ұсындым. Бірақ бұл саяси егемендікті беру дегенді тіптен де қарастырмайды. Бұл аксиома. Негізіне интеграция бойынша әріптестердің теңдігі алын­ған Еуразиялық Одақ құрудың табыс­ты тәжірибесі дәл осындай болатын.

Бұл аспектілердің бәрі ТМД мемлекеттері басшыларының бәріне жіберілген менің ұсыныстарымның дестесінде егжей-тегжейлі баяндалған.

Ол күндері мен іс жүзінде барлық посткеңестік елдердің жұртшылығы­нан менің еуразиялық бастамамды қол­даған көптеген үнқосулар алдым. Бірақ оны нақтылы талдауға саясаткерлер дайын болмай шықты.

Бәлкім, оның өзі заңдылық та шы­ғар. Көптен күткен тәуелсіздікке ие болу шаттығы ТМД елдері көшбас­шы­ла­ры­ның сол кездегі буынының еуразия­лық интеграция идеясының ұзақ мерзімді әлеуетін көруге мүмкіндік бермеді.

Бірақ бұл бастаманың ТМД кеңіс­ті­гіндегі интеграциялық үдерістер үшін серпін бергенін көрмеуге болмайды. Одан кейінгі жылдары ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Қазақ­стан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы сияқты бірқатар табысты мем­лекетаралық құрылымдарды құруда сатылап өмірге еніп отырды.

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРҒА ҚАРАЙ ҚАДАМДАР

2010 жылдың күзінде мен ресейлік жас журналистер тобымен кездестім. Біздің әңгімеміз күтпеген жерден ұзақ жылдар ішінде алғаш рет олардың Қазақстанға шекарадағы жалықтыра­тын кедендік бақылаудан өтпей-ақ келуіне байланысты менің атыма алғыс айтудан басталды.

Мен олар дәл осындай сөздерді 2007 жылы біздің елдеріміз бен Бела­русь­тің қатысуымен үш жақты Кеден одағын құру туралы келісімге қол қой­ған және осы интеграциялық жобаның түпкілікті шындыққа айналуы үшін әрбірі көптеген жұмыстар атқарған Ресей көшбасшылары Владимир Путин мен Дмитрий Медведевке де міндетті түрде айтуға тиіс деп жауап бердім.

Мен әр кезде де объективті түрде Қа­зақстан мен Ресейді еуразиялық ин­теграцияның локомотиві деп есептедім. Сол сияқты Кеден одағын құру­да­ғы біздің беларусьтік әріптестеріміздің және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қосқан жеке зор үле­сін атап өткім келеді.

Біз бірлесіп орасан зор жұмыстар атқардық. Үш жылға жетпейтін уақыт ішінде үш елдің біртұтас Кеден кодексі әзірленіп қабылданды, ұлтүстілік орган - Кеден одағы комиссиясы құрылды.

Біртұтас кеден аумағынан тыс елдермен саудада бірегей тарифтер қол­дану үшін 11 мыңнан астам тауар позициялары келісілді.

Кеден одағын құрудағы макро­эко­номикалық тиімділік қазірдің өзінде-ақ көрініп тұр.

Тек 2011 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында ғана үш ел арасындағы жалпы тауар айналымы үштен бірге өсті. Жыл қорытындысында ол 100 мил­лиард доллар деңгейіне жетеді деп болжанып отыр, ал ол өткен жылғы көр­сеткіштен 13 пайыз көп болмақ. Әсіресе, Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы шекара бой­ын­дағы сауда көлемі неғұрлым жылдам - 40 пайыздан астамға өсуде.

Кеден одағының толыққанды жұ­мы­сының бірінші жылының қоры­тын­дыларын шығару ұлттық ІЖӨ өсуі, шетел инвестицияларын тарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету және басқа да көптеген шешуші көрсеткіштер бой­ын­ша оң динамиканың неғұрлым нақ­ты цифрларын беретініне сенімім мол.

Сөз жоқ, үш елдің экономикалық субъектілерінің бірегейлендірілген кедендік тарифтер мен импорттық баж салықтарына бейімделу кезеңіне бай­ла­нысты белгілі бір қиындықтар туын­дайтынын біз алдын ала білдік. Ұлт­тық кедендік әкімшіліктер арасында жекелеген сәйкессіздіктер бар, олар Кеден одағы комиссиясының тәсілді жұ­мыстары арқылы жойылуда.

Кеден одағы қазақстандық өндіріс­ші­лер үшін өткізу рыногының шека­ра­сын Бресттен Владивостокқа дейін кеңейтті. 2011 жылы біздің экспорт Ресейге 60 пайызға, ал Беларуське 2,3 еседен астамға өсті. Біртұтас кеден аумағы ішінде шетел валютасын алып жүруге қойылған шектеулер жойылды. Ресей мен Беларусь тауар өндірушілері үшін де дәл осылай болды.

Осылардың бәрі, ең алдымен, бар­лық қазақстандықтар, ресейліктер және беларусьтер үшін нақты тиімділіктер.

1998 жылы мен «Қарапайым адам­дарға қарай он қарапайым қадам» бағ­дарламасын ұсындым. Оның көптеген ережелері қазірдің өзінде екі жақты және көп жақты пішінде жүзеге асты. Біздің елдеріміздің азаматтарының кедергісіз өтуі үшін бірлескен шекара­ларымыз мөлдір бола түсуде.

Қазақстанның, Ресейдің және Бе­ларусьтің Кеден одағы - бүкіл ТМД кеңістігіндегі шынымен де ерікті және тең құқықты интеграцияның бірінші формасы.

Ол тарихта алғаш рет біздің елде­ріміздің халықтарын өзара сыйластық, ұлттық болмысты сақтау және ортақ болашақтың бөлінбестігін түйсіну негізінде жақындастырады.

Кеден одағының біртіндеп Біртұтас экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте келе, оған менің сенімім мол, Еур­азия­лық экономикалық одаққа ауысуы біз­дің халықтарымыздың өркендеуі үшін қуатты ынталандырушы күшке айна­лып, біздің елдерімізді кең ауқымды әлемдегі жетекші позицияларға алып шығады.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ

Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің Кеден одағы Еуразиялық эко­номикалық қауымдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел - Беларусь, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Ресей және Тәжікстан пішінінде құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесіндегі бетбұрысты сәт болды.

Небәрі 11 жыл ішінде ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграциялық үдерістің түрлі өлшемдері бойынша тетіктердің тармақталған құрылымы қалыптасты. Оның үстіне олар тек мемлекетаралық деңгейде ғана емес, сонымен бірге төменнен кәсіпкерлердің, ғылым, білім беру және мәдениет қайраткерлерінің, ҮЕҰ, жастардың бастамасы бойынша да тағайындалады.

Жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарысты ескергенде Еуразиялық даму банкі мен Дағдарысқа қарсы қор құру уақтылы атқарылған іс болды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдеріндегі нақты экономикалық жоба­лар­ды қаржыландыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге шұғыл көмек, мәселен, әлемдік дағдарыс зардаптарын бастан өткеріп жатқан Беларусь экономикасына, көмек беруге де жағдай жасайды.

Мәселен, үш елдің Кеден одағы пішінінде өндірісшілердің салалық ассоциацияларының тез пайда болуы да атап өтуге тұрарлық.

Біздің кәсіпкерлеріміз өз мүдде­ле­рін келісу, ішкі бәсекелестік пен өзара қолдау ережелерін қалыптастыру үшін де интеграцияланады.

Еуразия Медиа-форумы, Телевизия мен радионың Еуразия қауымдастығы нақты бір тақырыптар бойынша жұ­мыс істейді. Еуразия кино және театр фестивальдері, түрлі мәслихаттар, жастар форумдары дәстүрге айналып келеді.

Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда мен өзімнің бастамам бой­ын­ша құрылған Университеттердің еур­азия­лық қауымдастығы, Ғалымдардың еуразиялық клубы, Жоғары техно­ло­гия­лардың халықаралық орталығы бүгінде ағартушылық және ғылыми ке­ңістікте өзінің көкжиегін кеңейте түскенін атап өттім.

Басқаша айтқанда, біздің қоғам өмі­рінің барлық тереңіне бойлай түскен тікелей интеграция үдерістері жүріп жатыр.

Еуразия интеграциялық идеясы өмір­лік күшінің көрінісі осы емес пе?

Бүгінде біздің халықтарымыз өзде­рін қалыптасу үстіндегі еуразиялық біртектіліктің, оның мәдени, діни және тілдік көпқырлылығы бөлшегі ретінде барынша айқын сезіне бастады. Мұнда жемісті экономикалық өзара іс-қимыл мен ізгі көршілестікке деген ортақ ұмтылыс та анық байқалады.

Біздің барлығымыз тек бірлескен өткеніміздің бай тәжірибесі ғана емес, сондай-ақ бөлінбейтін ортақ тарихи болашағымыз бар ұлттардың жаңа ға­жайып еуразиялық қоғамдастығы пайда болуының куәгерлері болып отырмыз.

ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫН ХХІ ҒАСЫРДА ЖА­ҢА­ША САРАЛАУ

Менің Еуразиялық одақ құру ту­ра­лы идеямда ешқашан маниловщина да, болашақ саяси ностальгизмді қалқалау да болған емес.

Оның негізінде қашанда олар қан­дай да бір ізгі ниет немесе мақсат­кер­лікпен бүркемеленсе де саясаттың эконо­микаға кез келген зорлық пішінін қабылдамайтын прагматикалық қадам жатты және солай болып қала береді.

Еуразия жобасында тек сыртқы эко­номикалық, әскери, саяси, ақпа­рат­тық, технологиялық, экологиялық және басқа да қатерлерден ұжымдасып оқшаулану мүмкіндігін ғана көру алысты аңдай алмаушылық болып табылады.

ЕАО-ның тарихи перспективала­рын осындай тар шеңберде түсінген кез­де жаңа «темір шымылдыққа» ұқ­сас бірдеңе пайда болды деп ай­қай­ла­ғың келетіні, бірақ ол басқа геосаяси сарындарда көрініс табатыны ақиқат.

Біз Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде қарастырамыз. Оны кең ауқым­ды көлемде, мысалы, Еуроодақ­пен, басқа да бірлестіктермен өзара іс-қимылсыз елестетуге болмайды.

КСРО-ны ешқандай да «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» жоқ және болмайды да. Бұл тек өткеннің фантомдары, жорамалдары мен саудаға салулар. Және мұнда біздің Ресей, Беларусь және басқа елдермен көзқарас­тарымыз толықтай сәйкеседі.

Қазіргі таңда «одақ» және «империя басқыншылығы» дейтін дүрлікпелі сөздерден үрейленуді еңсеру керек. Бұл туралы В.Путиннің «Известия­да­ғы» өзінің мақаласында жазғаны ма­ңыз­ды. НАФТА шеңберіндегі Солтүс­тік­ат­лан­тикалық интеграция да үш мемлекет - АҚШ, Канада, Мексикадан тұрады. Бірақ ешкім де АҚШ-тың им­пе­риялық шамшылдығы туралы сөз қозғамайды.

Кейбір батыс сарапшылары Еур­азия­лық одақ Қытай экономикалық экс­пансиясы дегеннен қорғану үшін құрылмақшы деп мәлімдеме жасағанда асығыстық танытып отыр. Мұндай мәлімдеменің шындықтан тым алшақ жатқанын айтуға тиіспін.

Керісінше, ҚХР соңғы екі онжыл­дық бедерінде Ресей мен Қазақ­стан­ның да, Беларусьтің де стратегиялық әріптесі болып табылады. Біз интенсивті саяси үнқатысу және тығыз эко­номикалық ынтымақтастық ұстанып келеміз. Біз сондай-ақ ШЫҰ және АӨСШК шеңберлерінде тығыз іс-қимыл танытудамыз.

Осымен бір мезгілде мен осыдан 17 жыл бұрын айтқан еуразиялық интеграция қағидаттарына әрбір қатысушы елдің ішкі дамудың тұрақтылығы, ұлттық экономикалық, несие-қаржы­лық және әлеуметтік саясаттың нәти­желілігі мен жауапкершілігі мәселе­ле­рін қосу аса маңызды.

Бұл біз үшін үлгісі аса пайдалы Еуроодақ экономикасындағы қазіргі қиындықтарды еңсерудің тәжірибеле­рін есепке алғанда айрықша маңызды.

2009 жылдан бастап біз Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас эконо­ми­калық кеңістігін қалыптастырудың барлық заңгерлік мәселелерін бүге-шігесіне дейін пысықтау жұмыстарын жүргізіп келеміз. Үстіміздегі жылдың соңына дейін үкіметтер деңгейінде тиісті келісімдер жасалатын болады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан Бір­тұ­тас экономикалық кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталады.

Бірте-бірте үш елдің экономикалық саясатын үйлестірудің тетіктері, қыз­мет­тердің, капиталдар мен еңбек ре­сурстарының, біріздендірілген заңна­ма­лардың трансшекаралық еркін қоз­ға­лысын қамтамасыз ету шындыққа ай­на­ла­ды. Бизнестің ұлттық субъек­ті­лері БЭК-ке қатысушы әрбір мемле­кет­тің инфрақұрылымдарына теңдей қол жеткізу мүмкіндігін иеленетін болады. Бола­шақта біртұтас көліктік, энерге­ти­ка­лық және ақпараттық жүйе қалыптасады.

БЭК интеграцияның мейлінше жо­ға­ры сатысы - Еуразиялық экономи­ка­лық одаққа өту үшін берік негіз қа­лайды.

Бұл қуатты бірлестік болады. Үш мемлекеттің жиынтық ІЖӨ-сі шамамен 2 триллион долларды құраса, өн­ді­рістік әлеуеті 600 миллиард долларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі - шамамен 112 миллиард дол­ларға, ал жалпы тұтыну рыногы 165 миллион адамға бағаланып отыр.

ХХІ жүзжылдықта Еуразиялық одақ­ты жаһандық дамудың нақты ба­қы­ланған трендтерінен тыс қалыптас­қан жаһандық күштердің табысты ор­талығы ретінде көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Үстіміздегі жүзжылдықта аймақ­та­ну жалпыәлемдік үрдіске айналды. Еу­ропалық одақ таяудағы жылдарда құ­рамына Хорватияны, болашақта Сербия мен Черногорияны және басқа елдерді қосу есебінен одан әрі кеңеюді жоспарлап отыр.

Шығыс Азияда Қытайдың және бірден екі миллиард тұтынушыны қам­титын АСЕАН елдерінің қатысуымен планетамыздағы аса ірі еркін сауда аймағы құрылуда. Қаржы-экономи­ка­лық тұрғыда Парсы шығанағы өңірі өзі­нен өзі ұйымдасып жатыр. Сол­түс­тік және Оңтүстік Америка, Африка елдерінің интеграциясы нығая түсуде.

Егемен дамудың 20 жылында Ре­сей­дің, Қазақстанның және өзге де еур­азиялық интеграцияға қатысушы­лар­дың экономикалары жаһандық эко­номиканың бөлшегіне айналды.

Бүгінде біздің елдеріміз модер­ни­за­циялануының, ғылыми ауқымды ин­но­вациялық экономика құруының ма­ңыз­ды шарты АҚШ-пен, Еуроодақпен, Қы­таймен, Азия-Тынық мұхиты эконо­микалық қоғамдастығы елдерімен ин­вестициялық және технологиялық ынтымақтастықты белсенді өрістету болып табылады.

Жаңа жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үдерістерінің маңызды аспектілерін де қаперге алған жөн. Менің табанды бастамаммен осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын қабылданған ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында біртұтас және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік кеңістігін құру мақсаты белгіленді.

Сондықтан бүгінде ХХІ ғасырдағы алыс болашаққа, мүмкін тіпті, одан кейінгі ғасырларға бағдарланған еуразия­лық  интеграция идеясын жаңаша саралау көкейкесті болып табылады!

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ: БОЛАШАҚТЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

Еуразиялық одақ - бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба.

Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағда­рыс­тар ықпалымен басталған жаңа әлем­дік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкін­дік­теріне ие.

Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қа­тысушылардың барлығында іс-қи­мылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет.

Бірінші. Еуразиялық одақ әуел бастан бәсекеге қабілетті жаһандық эко­но­микалық бірлестік ретінде құрылуы тиіс.

Бізді тек «модернизацияны қуушы» қағидаттарындағы дамушы елдер жи­ынтығы болудың тар шеңберлі перс­пективасы да, өзге әлем үшін мәңгілік табиғи ресурстардың үлкен перифе­риялық экспорттаушысы болып қалу­дың пешенемізге жазылуы да қана­ғаттандыра алмайды.

Әлем жаңа технологиялық төңкеріс табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақ­стан үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму жолын бетке алды.

Біз болашақ ұлттық инновациялық экономиканың негізі ретінде заманауи өндірістік күштердің жаңа құрылымын құрудамыз. Мұндай міндеттер Ресей­дің, ТМД-ның өзге де елдерінің алдын­да тұр.

Сондықтан біздің Біртұтас эконо­ми­калық кеңістігіміз инновациялар мен қуатты технологиялық серпін­діліктің аумағы болуының маңызы зор.

Бұл үшін біздің елдерімізді да­мы­тудың модернизациялық және иннова­ция­лық ортақ алгоритмін түзу қажет.

Мен 10-15 жылдық перспективаға есептелген Еуразиялық инновациялық-технологиялық кооперацияның бірлескен бағдарламасын жедел жасап қа­былдауды ұсынамын.

Бұл тұрғыда сонау 1970 жылы-ақ аса ірі «AIRBUS» халықаралық авиажасау консорциумын құрған Франция, Германия және Ұлыбританияның үлгі­сі айшықты болып табылады. Кейін оларға Испания қосылды.

2010 жылдың қорытындысы бой­ын­ша «AIRBUS» жаңа ұшақтар сату мен оларға тапсырыстар қабылдау саны жө­нінен Американың «Боинг» және «Локхид» компанияларынан ай­тар­лық­тай озып кетті. «AIRBUS-тың» жыл сай­ынғы табысы 30 миллиард еуро­ға жа­қындап келеді. Бүкіл Еуропа бойын­ша орналасқан компанияның кә­сіп­орын­дарында 53 мың адам жұмыс істейді.

2006 жылдан бастап «AIRBUS-тың» барлық акциялар пакеті өз кезегінде ЕО елдері үкіметтері мен ұлттық компаниялары қаржыландыратын EADS Еуропа аэроғарыш консорциумының ие­лігіне өткен.

Дания мен Швеция Сканеде бірлескен инновациялық орталық - «ме­диконовалық аңғар» құрды.

Бүгінде бұл - лабораториялар, ком­мерциялық құрылымдар, өндірістік кә­сіпорындар шоғырланған Еуропадағы аса қуатты кластер.

Мұнда құрамына 300 компания, 14 университет, 26 медициналық клиника кіретін 7 ғылыми парк жұмыс істейді.

Мұндай жолмен жаңа технологиялар жасаудың бірлескен жекелеген аспектілері бойынша екі жақты келісімдер түзетін халықаралық инновация­лық орталықтар құруды ынталан­дыратын бірқатар елдер жүріп келеді.

Екінші. Еуразиялық одақ дамудың еуроатлантикалық және азиялық аре­алдарын қосатын мықты буын ретінде қалыптасуы тиіс.

Экономикалық тұрғыда біз Еуро­одақ­тың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын кө­пір бола аламыз.

Бүгінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда.

Уақыт өте келе осы маршрут бой­ына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор көрінетіні сөзсіз.

Бізге Біртұтас экономикалық кеңіс­тіктің Еуропалық Одақпен, Қытай Ха­лық Республикасымен, Жапониямен, Үндістанмен арадағы ынтымақтас­ты­ғын кеңейту өзара тиімді.

Үшінші. Еуразиялық одақ жаңа жа­һандық валюталық-қаржылық жүй­е­нің бөлшегі болатын бақуатты өңір­лік қар­жы бірлестігі ретінде қалып­тасуы тиіс.

Еуроодақ тәжірибесі көрсетіп отыр­ғанындай, ортақ төлеу жүйесін, содан кейін ортақ валюта құру - интеграцияның заңды кезеңі.

Қазіргі жағдайда бұл үдеріс сон­дай-ақ әлемдік дағдарыс салдары үр­дістерін есепке алуы тиіс.

Қазір ЕО мен еуроаймақ қанша­лық­ты сыналса да, олар өздерінің тіршілікке қабілеттілігі мен дағдарыстарға беріктігін көрсетіп отыр. Біз ЕО-ның ауыр халде қалған елдерге қандай қуатты қолдау жасап отырғанын көріп отырмыз.

Үш жыл бұрын мен күшті өңірлік резервтік валютаның алғашқы негізі ретінде еуразиялық ұлтүстілік есеп бірлігі - ЕҰЕБ-ні енгізу туралы мә­селені талқылауды бастауды ұсын­дым.

Бүгінде салдары қазіргіден де сал­мақ­тырақ соғатын жаһандық рецес­сия­ның жаңа толқыны ықтималдылығын есепке алатын болсақ, бұл идея жай ғана көкейкесті болып қалмайды, ол прак­тикалық шешуді талап етеді.

БЭК шеңберінде валюта одағын құру - еңсеру арқылы біз ин­те­гра­ция­ның Еуропалық одақтың қазіргі жаңа деңгейіне өкшелей жақындайтын рубикон болып табылатын шеп екенін ерекше атап өткім келеді. Біздің басты мақсатымыз - көршілерімізге одақтың іс жүзіндегі маңызы мен тіршілікке қабілеттілігіне сендіру. Сонда саны­мыз үш мемлекеттен де айтарлықтай арта түсетін болады.

Төртінші. Еуразиялық интеграция­ның геоэкономикалық, ал болашақта гео­саяси жағынан буыны бекуі тек эво­люциялық жолмен және ерікті түрде жүруі тиіс.

Оған жасанды жеделдетудің ешқан­дай пішіні мен жекелеген елдерді қамшылау жат болуы шарт. Біртұтас еуропалық рынок 40 жылға жуық уақыт құрылғанын ұмытпайық.

Бүгінде еуразиялық интеграция тұ­ғырнамасы айтарлықтай кең.

Оның құрамына пішіні, мақсаты және міндеті түрлі болып келетін мем­лекетаралық бірлестіктер - ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кеден одағы - Қазақстан, Беларусь және Ресей мен басқалардың БЭК-і кіреді.

Басқа құрылымдардың пайда болу ықтималдығы да зор. Мен, мәселен, Орталықазиялық одақ құрудың жақ­та­сы болып қала беремін. Одан, бірінші кезекте, проблемаларды бірлесіп шешу мен өңірдегі барлық мем­ле­кет­тер­дің әлеуметтік-экономикалық дамуы теңе­лісінің үлкен мүмкіндіктерін көре­мін. Бұл Орталық Азия елдеріндегі барлық азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп, өңірдегі күрделі проб­лемаларды шешуге көмектесер еді.

Түрлі өңірлік ұйымдарға қатысу әр мемлекетке интеграцияның аса тиімді жолын таңдауға жәрдемдеседі.

Сондықтан барлық еуразиялық бір­лестіктердің әлеуетін өрістетіп, бірте-бірте олардың пішіндері мен мазмұн­дарын жақындастыруға ықпал ету маңызды.

Бесінші. Еуразиялық одақ құру тек жұртшылықтың кең қолдауы негізінде ғана мүмкін.

Қазірде біздің елдерімізде өзіміздің «еуразо-оптимистер» мен «еуразо-скеп­тиктер» бар екені заңдылық болып табылады. Олардың арасындағы пікірталастар тек қана интеграциялық үдерістердің кемшіліктерін көруге және оларды дәйектілікпен аластауға жәрдемдесетіні анық.

Мен жақын болашақта олардың дебаттары Еуразиялық Ассамблея - біздің елдеріміз парламентарийлерін біріктіретін ұлтүстілік құрылым мінберінен жүреді ғой деп ойлаймын.

Сонымен бір мезгілде, еуразиялық интеграцияның халықтық вертикалін нығайту маңызды. Бұл жерде әңгіме еуразиялық қоғамдық бірлестіктердің санын арттыру туралы болып отыр.

Мәселен, ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесінің арқауында Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің еуразиялық конгресін құруға болады.

Кеден одағы елдерінің үштігі пішінінде Еуразиялық сауда-өндірістік па­ла­тасын құру орынды. Олардың офистері Астанада орналаса алар еді.

«Еуразия-24» тәуліктік жаңалықтар арнасын құру жөніндегі жұмыстарды бас­тау қажет. Бұл біздің елдеріміздің аза­маттарын интеграцияның басым­дық­тары мен барысы туралы объек­тив­ті және толық ақпараттандыру тұр­ғы­сынан маңызды.

Мен Еуразиялық экономикалық ке­ңістіктің атқарушы органдарын Астанада - Еуразия субматеригінің гео­графиялық кіндігінде тұрған қалада орналастыруды ұсынамын. Бұл жерде ешқандай шамшылдық жоқ. Бұл біз үшін айтарлықтай жүктеме болар еді. Сонымен бірге, Еуразия инте­гра­циясы идеясының бастамашысы ретінде Қа­зақ­станға әділетті риза­шы­лықтың кө­рі­нісі болар еді. Орталық офистің Қа­зақ­станда орын тебуі жаңа инте­гра­циялық бірлестікті біздің ел­деріміздің ішіндегі, сондай-ақ бір­лестіктің сыр­тын­дағы күдіктерден арылтады. Бұл енді тәй-тәй басқан біздің ұйы­мы­мызға үлкен сенімділік туғызады.

Кезінде біздің ТМД-ның штаб-пәтерін Минскіде орналастыру туралы шешіміміз нақ осыған байланысты бо­ла­тын. Еуропалық одақ штаб-пәтерінің Брюссельде орын тебуі де кездейсоқ емес.

*  *  *

ХХІ ғасырдың екінші онжылды­ғы­ның басында еуразиялық интеграция идеясы Біртұтас экономикалық кеңіс­тік­тің нақты келбетін иеленіп келеді.

Ол біздің елдеріміз бен халық­та­ры­мыз­ды өркендеу мен игілікке бастай­тын сенімді жол ретінде өзінің тарихи болашағын дәлелдей алды.

Шешуші саяси шешімдер қабыл­данды.

Экономикалық қуатты, тұрақты және барлығына тиімді Еуразиялық одақ құру үшін бірқатар ауқымды міндеттерді шешу керек.

Біздің ортақ стратегиялық мақ­са­тымыз, міне, осында!

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1525
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5923