Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2588 0 пікір 25 Маусым, 2009 сағат 17:11

Әли ОМАР. Өзбектің тасы өрге домалап тұр

Атадан жаксы ұл туса,
Елінің камын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді

Халық даналығы

Қаржылық дағдарыс алғаш қарқын алған уақытта Президентімізден бастап бәріміз «Бізде дағдарыс жоқ, ол бізді айналып өтеді» деп сәуегейлік танытып лепіріп жүргенде «қыстың қамын жаз сайлап» қоятын өзбек көршіміз бұл қиындыққа тас-түйін дайын отырыпты. Сондықтан да болар, бүгінгі әлем жұрты әбігерге түсіп жатқанда олардың мұртын балта шаппай алаңсыз жүруі. Мұны әрине, ел экономикасының тасын өрге домалатқан Ислам ака Каримовтың есіл еңбегі деп бағалаған дұрыс шығар.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) директоры Доминик Стросс-Канның мәлімдеуінше, дағдарысқа қарсы күресте Өзбекстан үкіметінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары аймақтағы елдер арасында ең тиімді болып табылған. Шетелдік маманның қолындағы деректерге жүгінсек, ХВҚ-ның болжамына сәйкес Өзбекстан экономикасының өсу деңгейі 2009-2010 жылдарда 7%-ға жетпек. Және бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында ең жоғары саналады. «UzReport» таратқан ақпарат бойынша солай.

Биылғы наурыз айының басында Өзбекстан басшысы Ислам Каримов «Дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыс, Өзбекстанның жағдайында оны жеңудің жолдары мен шаралары» атты кітап шығарған. Онда автор антикризистік амалдар ретінде «банк жүйесіне қолдау көрсету, техникалық жаңарту, инновациялық технологияларды кеңінен енгізу» тәрізді бірқатар мәселелерді қаузаған. Наурыз айының соңына қарай билік өкілдері осы кітапта көрсетілген материалдармен жұртшылықты жаппай таныстыруға кіріскен-тін. Нәтижесі ойдағыдай. Қаржылық дағдарыс бұл елдің экономикасын есеңгірете алмады. Өткен жылдың қорытындысына сай республиканың ІЖӨ 9%-ға көтеріліп, бюджет профицитпен орындалған. Әне, өсер елдің баласы халқына осылай қызмет жасайды. Ал, бізде ше?! Дағдарыс діңкелеткелі бері құрғақ сөзден басқа ештеңе тындырылған жоқ. Өспек түгілі қолда бар дүниеден айрылып, құлдырап барамыз. Тәп-тәуір жұмыс жасап тұрған «Тұран Әлем банкі» сияқты қаржылық институттарды мемлекет қарауына «тартып алу» арқылы елдегі мақтаулы банк жүйесінің тоз-тозын шығардық. Ірі банктердің өзі бірінен кейін бірі дефолтқа кетуге кезекте тұр. Әлемде уран бағасы қымбаттаған шақта жоқтан бар жасайтын талантты топ-менеджерлерді пайдаланып қалудың орнына оларды түрмеге тығып, қыруар қаржының көзіне айнала бастаған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының шаңырағын шайқалттық. Мұнай-газ, көмір-темір, мыс пен мырыш және басқа да шикізат көздерінен түскен көп қаржыны экономиканың игілігіне жарата алмай талан-таражға салудамыз. Жұмыссыздар болса анау, екі қолға бір күрек таппай өріп жүр. Биліктегілер болса мынау, дағдарысты аяқтамай жатып бірден дамуға бет алған. Қайршылық күйге түскен қара халық премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған үкіметтің құрғақ уәдесіне әбден тойды. Президент Назрбаевтің «Дағдарыс бітті, енді дамуға қадам басамыз» деген сөзіне де сенбейді. Атам қазақ «саудагер сарт, сараң сарт» деп мазақ қылатын ала шапанды ағайындар құрлы бола алмадық. «Аттың мықтысы кермеде сыналады» демекші, басшының қабілеті осындай елдің басына қиын-қыстау күн туған шақта сыналмай ма. Ендеше, бұл сында өзбек көсемі Каримов ТМД-дағы басқа әріптестерімен салыстырғанда шашасына шаң жұқтырмай кетті. Азуын айға білеген орыс патшасы Дмитрий Медведвіңіз де, жеке басқа табынушылықтың тамырына балта шақан түркмени жамағаттың басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовіңіз де, елуліктің қатарына ұмтылған барыс текті елдің нұр сипатты билеушісі Нұрекеміз де экономикасын дағдарыстан аман сақтап қалған Ислам Каримовтың деңгейіне жете алмады. Әттең, өзімізді былай қойғанда, күллі әлем халқына дағдарыстан шығудың жолын сызып тұрып көрсетіп берген Нұрекемнің еңбегін билік басындағылар діттеген жеріне дұрыстап жеткізе білгенде, бәлкім дүние жүзі қаржы тапшылығынан оңай құтылар ма еді кім білсін. Ескерткіш соғып, Астанаға есімін беруді ұсынып жалған жарамсақтық жасағанша сол шіркіндер өзбек ағайындарға ұқсап Елбасының дағдарыстан шығу идеясын қалың бұқараға таныстырмады ма.

Салыстыру үшін айтайық, ХВҚ-ның жорамалына сәйкес, 2009 жылы Ресейдің ІЖӨ 6%-ға қысқарып, 2010 жылы 0,5%-ға өсетін көрінеді. Ал, ағымдағы жылы дүниежүзілік ІЖӨ-нің құлдырау көрсеткіші 1,3%-ды құрап, келер жылы дүниежүзілік экономика бар-жоғы 1,9%-ға ғана жоғарыламақ.

«Қазақстан» апталығы. 25. 06. 09

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396