Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2550 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 06:01

Шығыс Қазақстандағы Секисовка және Оба өзендерінің ластану көлемі 10 күннің ішінде анықталады – экологтар

Өскемен. 4 қараша. ҚазТАГ - «Секисовское» алтын өндіруші тау-кен кәсіпорынының (ТКК) құрамында цианидтері бар өнеркәсіптік қалдықтарымен ластанған Секисовка және Оба өзендерінен алынған сынамалар және ластаушы заттардың көлемін есептеу 10 күннің ішінде аяқталады, деп хабарлады Ертіс экология департаменті бастығы орынбасарының м.а.Қанапия Бохаев.

«2 қарашадан бастап (апаттан кейін 4 тәулік өткен соң -ҚазТАГ) біз «Қазгидрометпен»бірге жұмыс істеп жатырмыз,сынама алдық. Сынамалардың қорытындысы бойынша ластанудың өзенге әсері туралы белгілі болады. ТКК-дағы сорғыштардың төлқұжат мәліметтеріне сұрау салдық. Олардың негізінде бедерге, бұлаққа және өзенге тасталған көлемді есептеп шығаруға тырысамыз. Бұл жұмысты 10 күннің ішінде аяқтаймыз», - деп хабарлады Қ. Бохаев.

Оның айтуынша, ластануға сынамалар Секисовка мен Оба өзендерінен Шемонаихақаласына жетпей алынды. Ал «Қазгидрометтің» посттарында қалыпты режимде Ертіске жүргізілетін мониторинг өзен суының цианидтермен ластанғанын көрсетпеген.

«Ластану Ресейге дейін, тіпті Ертіске дейін де жетпейді деп есептеймін», - деген пікір айтты ШҚО-ның бас экологиялық иснпекторы.

Ал ТЖМ сайтында Секисовка өзенінде цианидтердің рұқсат етілген шамадан (РЕШ) 516 есеге артық деген ақпарат қалай пайда болды деген сұраққа Қ. Бохаев «ондай мәліметтердің қайдан пайда болғанын білмеймін» деп жауап берді.

«Бізде ондай сан атау үшін негіз жоқ. Мәлімет алу үшін сынамаға уақыт керек. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ, бірақ біреулер 516 РЕШ деп отыр. Бұл өз мәліметтерін қуаттай алатын аттестацияланған зертхана болуға тиіс», - деді қ. Бохаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні үкімет қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстанның зертханаларына анықтауға рұқсат етілген ингредиенттердің тізімінен цианид алынып тасталған.

«Ондай қаулы мамырда шықты, ингредиентті алып тастады. Біздің зертханалар оны анықтай алады, бірақ аккредитациясыз ол мәліметтерді пайдалана алмаймыз. Цианидтермен ластану бойынша залалды жариялай алмаймыз», - деді Қ. Бохаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383