Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3642 0 пікір 11 Қараша, 2011 сағат 11:00

Нағашыбай Қабылбек. Мен періште емеспін!

Көңілдің кейбір кездері

 

Құлатпай демеп о бастан,

Көтеріп тұрған ой мені.

Көк дөнен көңіл таң асқан,

Көксейді кейде бәйгені.

Күнәсіз, қамсыз өмірі,

Күлгенін көріп бұлақтың.

Кемсеңдеп тұрған көңілді,

Келгені-ай сонда жұбатқым.

Күрзідей ойдың жанасқан,

Кеудеме түсіп салмағы.

Күрсініп жатса қара аспан,

Күрсініп қоям мен дағы.

Күрсінем тістеп тілімді,

Күндейді шыңды-бұлт бала.

Көз ілмей жазған жырымды,

Күндейтін жалғыз қырт  қана.

Қайда екен шабыт - жайлауы,

Қайда екен, қайда, қай жақта!

Күрең - жыр шарлап қойнауды,

Келеді кейде бейуақта.

Қоңырау кеудем жалқындай,

Күмбірлеп кейде қалады.

Көлдегі күміс толқындай,

Көпіршіп ұрған жағаны.

Көбелең өскен жігіттей,

Көлбеңдеп сезім-көбелек.

Кернесе қоям жүрекке,

Қошақан жырды көгендеп.

Көктемін күтіп есімде,

Күрсініп жүрді қыр асып.

Көк мұнар-өмір ішінде,

Кермарал шағым адасып.

Келісті жастық-пішінде,

Күндерім өтті жауынды.

Көремін кейде түсімде,

Көк орай шалғын ауылды.

Көк торғын кеште - бас иіп,

Көк белді сүйер - көк аспан.

Көрінер сонда  қасқиып,

Көк терек көкке жармасқан!

Көңілдің кейбір кездері

 

Құлатпай демеп о бастан,

Көтеріп тұрған ой мені.

Көк дөнен көңіл таң асқан,

Көксейді кейде бәйгені.

Күнәсіз, қамсыз өмірі,

Күлгенін көріп бұлақтың.

Кемсеңдеп тұрған көңілді,

Келгені-ай сонда жұбатқым.

Күрзідей ойдың жанасқан,

Кеудеме түсіп салмағы.

Күрсініп жатса қара аспан,

Күрсініп қоям мен дағы.

Күрсінем тістеп тілімді,

Күндейді шыңды-бұлт бала.

Көз ілмей жазған жырымды,

Күндейтін жалғыз қырт  қана.

Қайда екен шабыт - жайлауы,

Қайда екен, қайда, қай жақта!

Күрең - жыр шарлап қойнауды,

Келеді кейде бейуақта.

Қоңырау кеудем жалқындай,

Күмбірлеп кейде қалады.

Көлдегі күміс толқындай,

Көпіршіп ұрған жағаны.

Көбелең өскен жігіттей,

Көлбеңдеп сезім-көбелек.

Кернесе қоям жүрекке,

Қошақан жырды көгендеп.

Көктемін күтіп есімде,

Күрсініп жүрді қыр асып.

Көк мұнар-өмір ішінде,

Кермарал шағым адасып.

Келісті жастық-пішінде,

Күндерім өтті жауынды.

Көремін кейде түсімде,

Көк орай шалғын ауылды.

Көк торғын кеште - бас иіп,

Көк белді сүйер - көк аспан.

Көрінер сонда  қасқиып,

Көк терек көкке жармасқан!

Көктемім жетіп сағынған,

Қарсы алдым оны күлімдеп.

Кетіп ем сосын ауылдан,

Көтерем жырдың туын деп.

Күндерім сынап ағады,

Көндікпей маған қойған бір.

Күлдіреп саусақ қалады,

Күркіреп жетсе қайран жыр!

 

Ой туралы жыр

Теңіз боп ойды шайқайсың,

Тасытып бойдан - арнадан.

Терең деп қалай айтпайсың,

Түбіне жеткен барма адам.

 

Талқыға түсіп еленген,

Табасың кейде ойды арзан.

Тәуекел етсең тереңнен,

Тересің асыл ой - маржан.

 

Тұтқыны болып айлардың,

Тере алмай талай жасыды.

Тулаған толқын ойлардың,

Тереңде болар асылы.

 

Таланың білер қайнаған,

Тұншығып қалма ботам-ай.

Тереңде жатқан ой-маржан,

Таптырмас бірақ оп-оңай.

 

Төзімді ерге жаны адал,

Тағдыры шабыт силаған.

Тауқымет көріп даналар,

Тең қылып ойды жинаған.

 

Тәттілеу болсын байламың,

Тамсанып дәмін сезердей.

Тайыздан алған ойларың,

Табандап қалған өзендей.

 

Табасың бал-ой жәдігер,

Тынымсыз ізден- арадай.

Тәкәппар, ойшыл қалың ел,

Тәттіге құмар баладай.

 

Таланың білер қайнаған,

Тұншығып қалма ботам-ай.

Тереңде жатқан ой-маржан,

Таптырмас бірақ оп-оңай.

 

 

Қараша ауыл - қара шал

Қара бұлттың -қара тай,

Қара тері моншақтап.

Қара сирақ-қарағай,

Қарап тұрды тайсақтап.

 

Қара жартас бетінде,

Қара тамшы секіріп.

Қара табын өтінде,

Қара Бұқа өкіріп.

 

Қара суда домалақ,

Қара балық құтырып.

Қара талды паналап,

Қарабай жүр күтініп.

 

Қара қазан  қайнаған,

Қара кемпір алаң боп.

Қара жолға қараған,

Қарайғанды балам деп.

 

Қара басын күйттеген,

Қара төбет қыңсылап.

Қара қырды көктеген,

Қара нөсер тұр сынап.

 

Қарашыл Ат секілді,

Қарайғанға қырындап.

Қара дауыл  жегілді,

Қара бұлтты мойындап.

 

Қара ескегін сүзеген,

Қара дауыл есіп жүр

Қара бала тізеден,

Қара қақты кешіп жүр.

 

Қараша ауыл, қара шал,

Қора айналған бүкжектеп.

Қара құмда- қара жол,.

Қара жидек бүршіктеп.

 

 

Қарауытқан қара аспан,

Қара тулақ күйге енген.

Қара батпақ жабысқан,

Қара қайыс иленген.

 

Қараша қаз жолымен,

Қара түтін будақтап.

Қарайды аспан қолымен,

Қара бұлтты салмақтап.

 

Қара бұлттан ыкпаған,

Қара бұйра бөктердің.

Қара төсін қақтаған

Қара желі көктемнің?

 

 

Сезім Тасқыны

Ақбілек жырды жастанып,

Ақтарып ойды тынықтым.

Ақбоз Ат- Арман қашты Алып,

Ақ Тулы-жігіт үмітті.

 

Ақымақтарды жеңем деп,

Ақ таңда жанар шықтанып.

Ақырған-Ақпан кезеңнен,

Ақ қанат- жастық шықты алып.

 

Ақсұңқар- жырмен табысып,

Ақылға табан тіредім.

Ақ сүтін емген намыстың,

Ақ көңіл жанның бірі едім.

 

Ақ әлем қысты-тас қамал,

Ақ өлең жазып қарсы алғам.

Ақ парақ маған-ақша қар,

Ақ сауыт киып құрсанған.

 

Ақсақал-аңшы секілді ем,

Аққуды жүрген ата алмай.

Ақын боп кейіп суйген ем,

Ақтоқты кызды Ақандай!

 

Ақ жауын ойдың бүріккен,

Ақбұлақ сезім-қонағы.

Ақбөкен күндер үріккен,

Ақсаңдап қашып барады.

 

Ақ көйлек киген бойжеткен,

Ақ қайың сырлас-ақ балтыр

Ақ жібек самал тербеткен,

Ақынның жаны-шатқал бір.

 

Сары күз.

Сүмбіледе даланың,

Сыздап шыққан- суығы.

Самарқаулау бала - күн,

Сызды жерден қуады.

 

Сары күзім келді деп,

Сыбызғы жел- сайрандап,

Сары шашы желбіреп,

Сары уайым жеген бақ.

 

Саусақ тамшы түртуде,

Сақау - қырды сіркіреп.

Сырылдайды бұлт -кеуде,

Сырқат - аспан күркіреп.

 

Секем алып қаңбақта,

Сұр көжектей қашады.

Сары бидай алқапта,

Сары алтындай масағы.

 

Сары далаға симай бір,

Сапарына сайланып.

Сары ала қаз қимай жүр,

Сары өзенді айналып.

 

Сәби толқын сылдырап,

Сүйіп жатыр жағаны.

Сағым - өзен бұлдырап,

Сынап болып ағады.

 

Сарай жерге түн қатып,

Соғып ылғи дамылсыз.

Сыпырғышпен шаңдатып,

Сыпырып жүр- дауыл қыз.

 

Ауылдың баласымен

Ауылдың баласымын - қырға ғашық,

Құмға ғашық, әдемі жырға ғашық.

Түлкіні құйрығындай бұлаңдаған,

Қашаған-жол барады қырдан асып.

 

Ауылдың баласымын - гүлге ғашық,

Күнге ғашық, сыр бүккен түнге ғашық.

Суретші - табиғат сан бояумен,

Жатыр әне даланың көркін ашып.

 

Ауылдың баласымын - айға ғашық,

Таңға ғашық, тербеткен ойға ғашық.

Қып-қызыл боп ұялған күн - келіншек,

Жатыр әне қырқамен аймаласып.

 

Ауылдың баласымын - жерге ғашық,

Желге ғашық, ақпейіл елге ғашық.

Бұлттың өзі өтеді бұл далаға,

Жаңбыр -жасын селдетіп, мауқын басып.

 

Ауылдың баласымын - далалықпын,

Кең, жомарт - ақ пейілден жаралыппын

Ойына келе бермес қалалықтың,

Сырын ұқтым даладан - даналықтың!!!

 

Мен періште емеспін!

Мен періште емеспін!

Жаратты ғой адам ғып,

Маған шайтан туысындай жамандық .

Сәби пәк қой ата- анасын алаң ғып,

Көз алдында шауып жүрген жалаң бұт!

 

Мен періште емеспін!

Екі аяқты пендемін,

Тартып жеген, тауып жеген еңбегін.

Қолдан түспес ата- ананың ермегі,

Сол періште былғап жатқан жөргөгін

 

Мен періште емеспін!

Мен адаммын, адаммын,

Талай рет тағдыр итке- таландым.

Тыныштығын ойлағанда ғаламның,

Болашағын ойлап қоям баламның!

 

Мен періште емеспін!

Мен адаммын, адаммын.

Маймыл емес топырақтан жаралдым.

Әдет- ғұрпын сақтап өтем бабамның,

Ақ- тілегін ақтап өтем анамның.

 

Мен періште емеспін!

Мен ақынмын, ақынмын,

Өзімше бір кен-жыр казып жатырмын.

Кезі келсе қол бастайтын батырмын,

Көзін тапсаң бұлағы бар ақылдың.

 

Мен періште емеспін!

Тұлпарда емен ерттеулі,

Пендемін тек ғұмыры бар шектеулі.

Жүрек- қайық керемінде желкенді,

Тағдырыма қарсы жүзем жетті енді.

 

Мен періште емеспін!

Арым үшін күрестім,

Бәрін алдым өзіме тән үлестің.

Төбелестім дөрекімен, тірескенмен тірестім,

Ортасында жүрдім солай дүр істің.

 

Мен періште емеспін!

Қателегім көп менің,

Жастық шағым- ақ жаңбырлы көктемім.

Үмітімнің- күмбірлетіп шектерін,

Қу- тірліктің таба алмадым өткелін.

 

Мен періште емеспін!

Күнәмда көп, кінәмда,

Талай рет адасқанмын тұманда.

Желік куып ердім талай ұранға,

Ақырында басымды ійдім құранға.

Мен періште емеспін!

Мен піріште емеспін!

 

 

Күзгі дала

Сезеді-ау ұзағасын сағынарын,

Табиғатқа айтқандай шағым әнін.

Құстар әне барады - сыңсу салып,

Қия алмай өскен жерін - шаңырағын.

 

Ұзатып сап құстарын қызық - күнін,

Дала қалды тұнжырап бұзып түрін.

Қырқа жатыр жасаурап шық - жанары,

Әкеткенге күз- жігіт үзіп гүлін.

 

Жігіт күзге қолшоқпар - қара суық,

Оралған саудагердей қала шығып.

Саясына тығылды көк теректің,

Дірілдеген көк өрім бала шыбық.

 

Түс кигіз секілді еді ұсталмаған,

Төсепті енді алаша қысқа арнаған.

Күзем - жүні қырқылған тоқты түздің,

Қылшық - жоны жетіліп ұшталмаған.

 

Сезеді-ау ұзағасын сағынарын,

Табиғатқа айтқандай шағым - әнін.

Құстар әне барады сыңсу айтып,

Қия алмай өскен жерін - шаңырағын.

 

.....................

Мәңгі жасау қолымнан келмейді ғой бәрібір,

Қайғы мені торыма, өтінемін әрі жүр.

Қиналғанда жанардан жас орнына тамып жыр,

Беттерінде қағаздың айғыз-айғыз қалып жүр.

 

Кімге айтамын өкпемді, кімге айтамын өткенді,

Біреу мені таптады, таптағандай көк белді.

Қиындыққа қамалсам біреу нұсқап өткелді,

Сағынумен келеді құс көңілім көктемді.

 

Жарқын тірлік мұншама болармысың сүйкімді,

Арғымағы шабыттың қашырды көп ұйқымды.

Домбырасы жүйкенің тартып өтсе күй-мұңды,

Дел-сал болып ондайда, өткіземін кей түнді.

 

Шаттығынан мұң басым, өтіп жатыр күндерім,

Кімге керек қамығып, қуанғаным күлгенім.

Маған осы не керек, оны тағы білмедім,

Біреулерге кектендім, біреулерді тілдедім.

 

Қыз - жастық-ау шынымен, кеткеніңбе қол бұлғап,

Жүруші едің ырғалып, теңге күлкің сыңғырлап.

Енді бүгін қайранмын, қош айтысып бір күнде-ақ,

Қолтығында барасың бозбаланың сырды ұрлап.

 

О, мазасыз тіршілік, ауытқыма арнаңнан,

Жүрек - сәби екен ғой, сәл нәрсеге алданған.

Неткен улы қорқыныш өтемін деу жалғаннан,

Неткен дәмді қуаныш жырың қалса жалғаннан.

Неткен қиын жаным-ау қолыңды үзу арманнан.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531