Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2173 0 пікір 18 Қараша, 2011 сағат 06:10

Сергек Ерсайын. Ішкі саясаттың табы мен талау саясатының бабы

Дүниеде не болса да кездейсоқ емес. Сыртқы тұрпаты кездейсоқ көрінетін нәрсенің астарында салдар мен себеп заңдылығы тұрады.

Жыл басында көріпкел Бақыт Жұматова Ақтөбе турасында арнайы тоқталып, әлдебір оқыс оқиғаның боларын ескертіп еді. Демек, ол кісі Алла берген қасиеті арқылы әлгі заңдылыққа сұғына алып, оны бізге Жаратқанның мүмкіндігімен ескерткен-ді. Әрине, өмірімізді көріпкелдерге жүгініп сүрейік деген сөзден аулақпыз, оның үстіне (пайғамбарлардың кейбіріне рұқсат етілетін) ақпараттың адамзатқа таралатын бөлігінің 20 пайызы Жаратқанның аса мол қорғанысы бар «серверінде» жасырулы, 80 пайызына ғана мықты көріпкелдер сұғынуына мүмкіндік бар. Алланың «серверін» ешбір «хакер» бұзып, ақпарат ұрлай алмас.

Алайда, Ақтөбе, Атырау, Тараз қалаларындағы жарылыстардың мәліметі Алла тағаланың жасырулы ақпараттарына жатпады. Өйткені, мұндай жағдайдың пісіп келе жатқанын көріпкелдер ғана емес, саясатшылар мен саясаттанушылар, әлеуметтанушылар білуі керек еді. Олардың біздің елде әжемнің сандығындағы тықпа матасындай күй кешкеніне де куәміз. Елде дені дұрыс саясаттану мен әлеуметтану жоқ! Стратегиялық зерттеулер институты деген атағынан ат үрікпес түгіл, арланды айдалаға бездіретін құрылымдардың не істеп, не қойып жүргенін бір Тәңірден басқа ешкім білмейді.

Айтпақшы, әрбір әкімнің қарауында облыстан қала-ауданға дейінгі құрылымдарда ақша таратып, қоғаммен қойындасуға тиісті Ішкі саясат департаменттері мен басқармалары, бөлімдері қай айды қарап, қанша жұлдыз санағанын ит түгілі, сайтан да білмейді! Сол атағы ДВП болып орысша таралған департаменттердің мамандарының, басшыларының өздері елдің тілін емес, шетелдің тілін меңгергендер мен мәңгіргендер - қазақша сәлем берсең, «атаңның басы!» дегендей орыс тілінде қарсы алады. Бұлардың ішінен қауымның алдына шығып, бет қаратпас бұқараны мемлекет саясатына икемдей алмақ түгілі, өмірінде соңынан он адам ертіп, лидерлік қасиетті дарытып көргендері болса, қанеки? Саяси технологияның талайын меңгеріп, шұрайын шолып, тиісті тактика қолдана алатын, әрқайсысы президент талап еткендей үш тіл түгілі қазақ тілінде күшенбей сөйлейтіндері болса, қанеки!..

Бірақ бұлар мемлекеттің қаржысын миллиондап тұрып, гранттатып әркімге таратқанда шебер-ақ. Ол қаржының тиімділігі неде, қайда кетіп жатыр, мемлекет саясаты одан қанша ұтты деген сауалдарға жауап атымен жоқ секілді.

Егер мұның бәрі болса, ішкі саясаттың көкесі болып табылатын қазақ тілінің соры неге қалыңдай түседі? Қазақтың баласы көрінгеннің «иманына» ұмтылып, ешбір тарихта ата-бабасы істемеген «ерлікке» барып, өзін өзі неге жарады? Біз атаған салалар елдің ішкі саясатына жатпаса, атамыздың басына жата ма? Елдің, мемлекеттің іріп-шіріген іріңін көрмейтін ішкі саясат құрылымдары мен мамандары болса, неге өз міндеттерін атқармайды? Олар неге ақша таратумен айналысады? 20 жыл бойғы кім көрінгеннің ішіп-жеп, талауға түсірген саясатынан менің қазағым неге құрбан болуы керек? Мыңдаған жылдар бойғы талай дін мен миссионерлер талауынан аман қалған, менің иманым бауырларымның жарылысынан неге шытынауға тиісті? Бірнеше мың жыл бойы таныған Тәңірімді неге менің халқым тәрк етіп, адамнан жасаған біреудің қарақшы құдайына бас июі керек? Тас пен таудан Жаратқан иенің ізін іздеп, үніне тәнті болған ата-бабасы бар менің халқым неге біреудің қасаң іліміне ылығуы керек екен? Мемлекет болғаныма 20 жыл болғанда, неге  біреудің тысқы саясатынан елдің ішкі саясаты ақсауы тиіс? Сол саясатты аңдушылар мен жасаушылар елдің берекетінің есебінен неге күн көруі, неге байуы керек? Неге олар өз құрбандығын ел құрбандығына айырбастаған?

Бұл дегеніміз - ішкі саясаттың тапшылығы! Бұл - ішкі саясат табы мен талау саясатының бабына келгендігі!.. Бұл дегеніміз - көргенсіздердің көттегенінен көріп отырған көресініміз! Жетті! Елді талауға бере алмаймыз! Алаштың алдында да, Алланың алдында да ішкі саясатты іріткендер жауап берсін! Бұл - миллиондардың талабы!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498