Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 05:33

Серік Елікбай. Көлеңке

Мен оны алғашында байқаған да, білген де емеспін.  Өйткені мен ол кезде бала едім. Көрші - қолаң, әкемнің не істегеніне  көп көз салатынмын. Ақыл, сана, күшім жеткенше қайталауға тырысатынмын. Әсіресе, әкемше жөтелсем ел риза болып күлетін еді. Қолдары босай қалған кезде «Жұмаділ ата қайтеді», «Бәтіш апа қайтеді», «Мақаш аға не істеді» деп сұрап алып, менің аталған жандарды айнытпай салғанымды көріп, көп таңданысатын. Әкем ұзақ қарап отырып: «Осы әртіс болар ма екен» дейтін.

Бірақ бір күні мен көлеңкемді көрдім де, қорқып жылап жібердім. Жаздың жайдары шуақты бір күні қасымнан пайда болған көлеңкем мен нені істесем де дәл қайталар. Ол тым қорқынышты болатын. Мен басында одан құтылмақ ниет етіп жан сала жүгірдім. Ол қалмады. Отырсам отырып, тұрсам тұрып, жатсам жататын еді. Тек менен ерекшелігі қара, әрі үнсіз. Кешке жатқанда енді сені көрмеспін-ақ десем де, таңертең бірге жүреді. Әрі оның ашық күні ғана ілесетініне таң қалдым. Ол бұлтты, жаңбырлы күндері ғайып болатын да, мен елден жырақ, бөлек ойнайтынмын. Осылай көңілді баладан тұнжыр, тұйық балаға айналып кеттім. Тек мектепке барған кезде ғана оны көп балалар көлеңкесі ішінде жоғалтып алдым. Сабақ, ойын, үйдегі жұмыс бәрі бірігіп келіп, оны ұмыттырып жіберді.

Тек мектеп бітірген кезде ғана оны көрдім. Ол тура мен секілді ұзын, денелі сымбатты болыпты. Оны мыжып тастағым келді. Әдейі сол үшін үйден шықпайтын болдым. Екі иығына екі кісі мінгендей толысқан немені көргім келмеді. Тек түнде қыдыруды ұнаттым, менен достарымның бәрі безінді. Әсіресе, мені жақсы көретін сыныптас қызым тастап кетті. Шынын айту керек, мен күндіз қызыммен қыдыруды ұнатпайтынмын, үшеу болып жүрген кімге керек.

Аяғында бүкіл ауылда араласатын ешкім қалмаған соң, қалаға кетіп оқуға тапсырдым. Көз майымды тауысқан күндердің есесі қайтып, оңай студент болдым. Қызы көп, қызығы көп шаһар бәрін ұмыттырды. Жоғары оқудан соң, мұғалім болып, бірден директорлық қызметке ауыстырылдым. Осы кезде оны жоғалтып алдым. Өйткені менің орынбасарларым, жерлестерім, таныстарым оны көрсетпейтін еді. Артыңда, алдыңда, жаныңда солар тұрғандықтан бәрі ұмытылды. Рас, бұл менің бақытты шақтарым еді.

Тәтті күндер мен директорлықтан шығып қалған соң үзілді. Бәрі кетіп екеуіміз ғана қалыппыз. Ол еңкейіп, жүдеп кеткен екен.

Мен бақытты едім. Ол бұрынғыдай жүгіре алмайтын болыпты. Біз бір-бірімізді  ұзақ аңдыдық. Уақыт көп, іс жоқ еді. Тек соңғы күндері оның кетіп қалатынын байқап едім. Ол ерткісі келетіндей, шақыратындай. Мен көп қарсыластым. Қоймаған соң бар күшімді жинап ертелетіп үйден шықтым. Ол мені орталық көшемен қаладан асып, шаһар шетіндегі қабірханаға алып келді. Содан соң батқан күнмен бірге жоғалып кетті. Ертеңінде мені қойды. «Оны да көмді» деп ойлаймын, иттің баласына сол керек деген едім. Бірақ ол өлмепті. Ол менің ұлымның артында тұр екен. Менің айғайлағым келді. Түк айта алмадым.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435