Сенбі, 23 Қараша 2024
3705 0 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 14:55

Қазақстанда дәрі-дәрмекті бір адамға бірнеше қораптан ғана сататын шектеу енгізіледі

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова кей дәрі-дәрмекті бір адамға бірнеше қораптан ғана сататын шектеу енгізетінін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазақстандықтар пандемияға байланысты 138,8 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған.

“Бірнеше өңір дәрі-дәрмекті сатуда шектеу енгізіп үлгерді, басқалары да түрлі желілер ассоциациясымен  бір адамға екі-үш қораптан артық бермеу туралы меморандум жасаспақ. Себебі бір емдеу курсына осынша ғана препорат кетеді.  Олардың сақтау мерзімі, сақталу жағдайы бар. Сондықтан дәрі-дәрмектер үйде пайдаға аспай қалып қоймас үшін осындай шаралар жасамақ”, –дейді Бюрабекова.

Вице-министр аурудың үйде емделуге болатын жеңіл және орташа түрінде тегін дәрі алуға болады дейді.

“Антибактериалды терапия қажет болатын жағдайда бізде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Рецепт электронды түрде беріледі. Барлық емханалар қазір дәрі-дәрмекті өз дәріханалары арқылы тегін таратып жатыр және көптеген аймақтарда дәріні пациенттің үйіне дейін жеткізіп беру қарастырылған”, –деді ол.

Сондай-ақ, Бюрабекова халықты дәрігердің кеңесінсіз өздігінен емделмеуге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349