Коронавирусқа қарсы дәріні Ресейден сатып аламыз ба?
Мамыр айында Ресей коронавирусты емдеуге арналған жаңа препарат - «Авифавир» дәрісін сынақтан өткізді. Ал 21 мамырда Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәріні ресми бекітті. Маусым айында Ресейдің инвестициялар қоры мен «ХимРар» компаниясы «Авифавир» дәрісін өз елінің емханаларына жеткізді.
Мәскеу қазірдің өзінде осы дәріні Беларусь еліне экспорттай бастапты. Жақын арада препаратты Қазақстанға да экспорттау жоспарланып отырған көрінеді. Одан бөлек, Латын Америкасы, ТМД және Таяу Шығыс елдері қызығушылық танытқан.
Бұл дәрінің COVID-19-ға қарсы белсенді әсері бар фавипиравир бар екені дәлелденген. Кейінірек ол коронавирус инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар тізіміне енгізілді.
- АҚШ билігінің шешімін ескере отырып, алдағы айларда өндірілген «Ремдесивирдің» (Gilead Sciences компаниясы) 100 пайызын және әлемдік нарықтағы тиімді препараттардың тапшылығын сатып алуға Ресей коронавируспен күресте басқа елдерге көмек көрсетуге және «Авифавирдің» шетелге экспорттауға дайын. Ресей ұсынған дәрі бірнеше есе арзан тұрады, бұл ретте таблетка түрі коронавирусты жұқтырудың ерте кезеңінде терапияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - дейді Ресей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев.
Ақпаратқа сенсек, аталған дәрі жақын арада біздің елге де әкелінетін секілді. Демек дәрі тапшылығын көріп отырған қазақстандықтарға бұл іздегенге сұраған болуы мүмкін.
Елдегі дәріханаларда дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тапшылығы жайлы біраз уақыттан бері айтылып жүр. Бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі пікір білдіріп, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы ақпараттар халықтың дәріханалардан артығымен дәрі сатып алуына себеп болғанын айтқан еді.
Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың ақпаратына сүйенсек, қазақстандықтар пандемияға байланысты 138,8 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған. Осыған орай кей дәрі-дәрмекті бір адамға бірнеше қораптан ғана сататын шектеу енгізетінін мәлімдеген болатын.
- Бірнеше өңір дәрі-дәрмекті сатуда шектеу енгізіп үлгерді, басқалары да түрлі желілер ассоциациясымен бір адамға екі-үш қораптан артық бермеу туралы меморандум жасаспақ. Себебі бір емдеу курсына осынша ғана препорат кетеді. Олардың сақтау мерзімі, сақталу жағдайы бар. Сондықтан дәрі-дәрмектер үйде пайдаға аспай қалып қоймас үшін осындай шаралар жасамақ, –деген еді Бюрабекова.
Барша ақпарат құралдарын шулатып, халықты дәріханалардың алдына жинаған дәрі тапшылығы жайлы ақпарат пен Ресейдің Қазақстанға дәрі экспорттайтыны жайлы хабардың қандай қатысы бар екені қазірше белгісіз. Бірақ біздің елде дәрі тапшылығы жайлы ақпарат тараған сәтте, Ресей көрші елдерге дәрі сата бастады.
Қосымша. Авифавир - бұл Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (RDIF) және ChemRar компаниялар тобы жасаған ресейлік дәрі-дәрмектің сауда атауы. Алайда, препараттың белсенді субстанциясы Ресейде ойлап табылған жоқ.
Оның халықаралық патенттелмеген атауы - фавипиравир (фавипиравир). Оны FUJIFILM фармацевтика корпорациясының еншілес компаниясы Toyama Chemical жапон компаниясының қызметкерлері жасаған.
Abai.kz