Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3554 0 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 12:13

Банктер мемлекеттің кәсіпкерлерге бөлген ақшасын бермей отыр

Көктемде мемлекет шағын және орта бизнеске 6-8 пайызбен кредит береміз, пандемия кезінде осылайша бизнесті құтқарамыз деген желеумен қыруар қаржы бөлген болатын. Ақша банктерге жетті. Бірақ 3-4 ай өтті банктер бұл ақшаны бизнеске беруге асықпайтын сияқты. Бизнес жоспармен, оценкасы жасалған залогпен, кредит төлеуге қабілеттілікті дәлелдейтін қаржылық есебімен кредитке тапсырыс бере алмай жүрген таныстарым өте көп. Сонау мамыр айынан бастап банктердің айтатыны мынадай: «бізде жұмыс істейтін адам жоқ, бүкіл отделда бір-екі адам ғана қалды, олар үлгермейді, біз 80% жұмысшыларды удаленкаға жібердік. Қашан жұмысшылар шығатыны белгісіз». Бүкіл жұмысты тоқтатып тұрған осы миға сиымсыз сылтау.

Бір танысым тамыз айында мал сатып алмаққа кредит алсам деген. Тамыздан кейін сатылымда асыл тұқымды мал қалмайды екен. Тағы бір жыл күту керек келесі төлді. Ол да «мына банктер заявкамды қарамай отыр, үлгермейтін болдым» деп зар жылауда.

Енді бір досым кондитерлік цех салуым керек, жабдықтарын тауып келісіп қойғам, кредит алып күн жылыда қысқа дейін ғимаратын салып алсам, жаңа жылда бұйырса отыз адамды жұмысқа алып, өнім шығара бастаймын деп жоспарлаған. Енді ол да қауқарсыз отыр.

Тағы біреуі кішігірім күркетауық фабрикасын ашуға кредит күтіп жүр. Ол да елуге жуық адамға жұмыс тауып берер едім дейді. Бұлардың бәрі менің айналамдағы мысалдар ғана. Осылай банктерге телміріп жүрген кәсіпкерлер өте көп. Сонда мемлекет бөлген ақшаның ары қарай кәсіпкерлерге жылдам және оңай жетуін неге қадағаламайды?!

Кризистен шығаратын, жаңа жұмыс орындарын ашатын, мемлекетке салық төлейтін осы шағын және орта бизнес өкілдері. Банктер керісінше ондай кәсіпкерлерге кредит беруге өздері тәуелді болуы керек қой. Биыл бөлінген ақша кәсіпкерге келесі жылы жетіп, ол бизнесін аяққа тұрғызғанша тағы бір жыл өтсе, сонда кризистен қашан шығамыз?! Жоқ жерден уақыт созып, қолдан өзімізге бөгет жасап отырмыз. Қазір мемлекеттік «Даму» қоры да банктерге авторитет емес. Олардың беретін 70% гарантиясын ешбір банк қабылдамайды. Бәрі қағаз, сөз жүзінде. Ұлттық банктен де, "Атамекеннен" де бір қауқар жоқ, Бұның бәрін өз басымнан өткергендіктен айтып отырмын.

Мақсат Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435