Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 3695 30 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 16:19

ДСМ жарнамаға 600 миллион теңге бөлген

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы PR-науқанға және бейнероликтерге 600 миллион теңге бөлген. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева бүгін онлайн-брифингіде айтты.

«Кеше Президент коронавирус инфекциясымен күресуге 191 миллиард теңге бөлінгені туралы айтты. Оған дейін шамамен 400 миллион доллар бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл қаржы қандай шараға бөлінгенін анықтап жатыр. Мендегі ақпарат бойынша, 600 миллион теңге флеш-моб ұйымдастырған жарнамалық компанияға бөлінген. Дәл қазіргі жағдайға жеткізбес үшін бұл қаржыға қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құралдарды алуға болар еді. Дегенмен. осы 600 миллион теңгенің 200 миллион теңгесі әлі жұмсалмаған екен. Бірақ ол қаржы ҚР Денсаулық министрлігі ұйымдастырған тендерге қатысып, ұтып алған компанияға аударылып қойды», - дейді Соловьева .

Айгүл Соловьева ханымның сөзіне сүйенсек, министрліктің бұрынғы жауапты қызметкерлері пиар-компанияларға, роликтерге 600 миллион теңге бөлген. Бұл біздің шенділер арасында бұрыннан бері жалғасып келе жатқан әдет. Мәселенің бәрін флеш-мобпен, пиармен шешкісі келеді. Бірнеше әнші-бишіні немесе блогерді жалдап, мақтау сөз айтқызады. Жарнама-компанияларына тапсырыс беріп, биліктің жұмысын мадақтайтын видео-роликтер түсіртеді.

Сөйтіп, халықты да, өздерін де алдап жүргенде жұмыс жайына қалады. Бөлінген қаржы игеріледі, ал халықтың жағдайы жасалмайды. Елде коронавирус тарап, халық дәрі-дәрмек пен сапалы емге зәру болып отырғанда жауапты министрліктің өздеріне пиар жасап жүргені - осы сөзсіміздің айқын дәлелі.

Сондай-ақ Соловьева қандай дәрі жоқ, қай дәрінің бағасы қаншаға қымбаттағаны туралы хабарламалар азаматтардан түсіп жатқанын айтты.

«Президенттің үндеуінен оның орын алып жатқан құқық бұзушылық жағдайлар туралы хабардар болып отырғанын білдік. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын жасап отырғандармен жұмыс істеуге тапсырма берді. Республикалық арнайы мониторинг тобы Президент бұл тапсырманы бергенге дейін екі күн бұрын жұмысты бастап кетті. Орын алып жатқан жағдайларға наразы болу – бір бөлек, ал мәселені шешуге үлес қосу – бір бөлек. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмек бағасын 1,5-2 есе қымбаттатқан фактілерді анықтадық», - деді ол.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5259