Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4015 15 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 16:30

Бір паркті жөндеуге 1 миллиардқа жуық қаржы жұмсалады

Алматыдағы 28 панфиловшы паркі 946,6 миллион теңгеге қайта жөнделеді. Алматы әкімдігінде «Жайлы қалалық орта» дейтін басқарма бар екен. Міне, сол басқарма жаңағы ақпаратты растады.

Аталған департамент 2019 жылдың қаңтар айында тендер өткізетіні туралы хабарлаған. Сөйтіп, қаладағы 28 панфиловшы паркін әсемдеп, әрлеуге, абаттандыруға ұзын-ырғасы 1,05 миллиард теңге бөлуді жоспарлапты.

Ал, осы жылдың 25 мамырында Алматы әкімдігінің жаңағы «Жайлы қалалық орта» дейтін департаменті «Г.С.Г.Высотник» ЖШС деген мердігер компаниямен келісімшартқа қол қойған. Ол жерде жобаның жалпы құны 946,6 млн деп көрсетілген. Бұл ақпаратты журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram каналында жариялапты.

Оны Алматы қаласы әкімдігінің «Жайлы қалалық орта» департаментінің өкілі Қуандық Айтмағанбетов те растаған екен.

«Иә, солай. Келісімді тіркеу 2020 жылы өтті. Тендер 2019 жылы жарияланды», - депті ол.

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес, саябақта үлкен субұрқақ орнатылып, қоғамдық дәретхана қойылады. Орындықтар ауыстырылады. Қоршаулар қайта жасалады. Су жүйесі жаңартылып, плиткалар төселіп, ағаштар отырғызылады.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары да өз пікірлерін білдірді. Мәселен, Асхат Қасенғали қазір қаржыны паркке емес, халықтың денсаулығына қатысты нақты істерге жұмсау керек деп есептейді.

«WTF? Алматыдағы Панфилов паркін жөндеп, сәндеуге 946 млн теңге жұмсамақ. 946 млн! Халық болса ИВЛ-ға қаржы жинап жүр. Қазір парк емес, парқы бар шешімдер керек қой. Індетті жеңейік, халықты дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ет, ауруханаларды жабдықта, сосын паркіңді жөндей бер», деп жазды Асхат Қасенғали.

Айта кетейік, ресми мәлімет бойынша қазір Алматы қаласында коронавирус пандемиясын жұқтырғандар саны 7 мың адамға жуықтаған. 3877 адам жазылып, 30 адам қайтыс болды.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470