Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4622 0 пікір 28 Қараша, 2011 сағат 06:18

Жанат Асанқали. «Еркіндіктің Ұлы Жарғысы»

Орта ғасырлық Англияда жымысқы ісімен шексіз билікке қол жеткізген король Ионн(Джон) қол астындағы халыққа шектен шыққан билік жүргізеді. Жиі салынатын салықтан Англия халқының тұрмыстық жағдайы күрт төмендейді. Оның үстіне, ақсүйектер мен король арасындағы қарым-қатынаста ғасырлар бойы қалыптасқан барондардың дәстүрлі автономиялық құқық беретін феодалдық тәртібі бұзылады. Королмен мәмілеге келе алмаған соң, барондар жасақтар көтеріп, монархты қыспаққа алады. 1215 жылы Рунимед даласында  Ағылшын королі Ионн мен Ағылшын барондары шиеленісті ахуалда бетпе-бет кездеседі. Бұл тарихи кездесуде Король барондар алдында «Еркіндіктің Ұлы Жарғысына» мөр басып, қол қоюға мәжбүр болады. Ірі жер иелері, ақсүйектердің және шіркеудің мүддесін қорғайтын құқықтардан тұратын 63 бапты қамтитын «Еркіндіктің Ұлы Жарғысы» болашақта конституциялық басқарудың елеулі көрінісі болды. Бұл жарғының бірқатар қағидалары Англияның барлық халқына қолданылса, кейбір тәртіптер кейінгі елдің құқық жүйесінің негізін қалады. Мысалы, «Еркіндіктің Ұлы Жарғысында» патша мемлекеттік маңызды мәселелерді, соның ішінде салық салуды енгізу мәселесінде барондармен пәтуаласуға міндетті еді. Кейін келе халықтың мүддесін қорғайтын орган - парламенттің келісімінсіз бірде-бір заң қабылданбауы, ешқандай салық салынбауы үшін осы жарғының баптары қолданыла бастады.

Орта ғасырлық Англияда жымысқы ісімен шексіз билікке қол жеткізген король Ионн(Джон) қол астындағы халыққа шектен шыққан билік жүргізеді. Жиі салынатын салықтан Англия халқының тұрмыстық жағдайы күрт төмендейді. Оның үстіне, ақсүйектер мен король арасындағы қарым-қатынаста ғасырлар бойы қалыптасқан барондардың дәстүрлі автономиялық құқық беретін феодалдық тәртібі бұзылады. Королмен мәмілеге келе алмаған соң, барондар жасақтар көтеріп, монархты қыспаққа алады. 1215 жылы Рунимед даласында  Ағылшын королі Ионн мен Ағылшын барондары шиеленісті ахуалда бетпе-бет кездеседі. Бұл тарихи кездесуде Король барондар алдында «Еркіндіктің Ұлы Жарғысына» мөр басып, қол қоюға мәжбүр болады. Ірі жер иелері, ақсүйектердің және шіркеудің мүддесін қорғайтын құқықтардан тұратын 63 бапты қамтитын «Еркіндіктің Ұлы Жарғысы» болашақта конституциялық басқарудың елеулі көрінісі болды. Бұл жарғының бірқатар қағидалары Англияның барлық халқына қолданылса, кейбір тәртіптер кейінгі елдің құқық жүйесінің негізін қалады. Мысалы, «Еркіндіктің Ұлы Жарғысында» патша мемлекеттік маңызды мәселелерді, соның ішінде салық салуды енгізу мәселесінде барондармен пәтуаласуға міндетті еді. Кейін келе халықтың мүддесін қорғайтын орган - парламенттің келісімінсіз бірде-бір заң қабылданбауы, ешқандай салық салынбауы үшін осы жарғының баптары қолданыла бастады. «Еркіндіктің Ұлы Жарғысынан» әділетті сот тәртібін де, бір-біріне тең адамдардан қазылар алқасын құру туралы идеяны да табуға болады. «Еркіндік жарғысында» көрсетілген феодалдық құқықтардың қарапайым халықтың конституциялық құқықтарына айналуын талай ғасыр уақыт кетті. Өйткені көптеген ағылшын патшалары «жарғыны» ешбір елеп-ескермей келді. Тек 1688 жылғы болған «Даңқты революцияның» нәтижесінде ғана Англияда елдің басты заң шығару органы болған парламент құрылып, берік конституциялық монархия орнатуға қолдары жетті. Алда парламентті тең өкілдіктен тұратын демократиялық институтқа айналуына тағы да бір ғасырдан аса уақыт қажет болды.

Біз тәуелсіздігімізді алғалы 20 жыл өтсе де, мемлекетіміздің өркениетке, жалпы алға басқаны байқалмайды. Алақандай 15 миллион тұрғыны бар Қазақстан Республикасы азаматтарын ажыратып, «мемлекеттімізде 130 ұлт өкілдері тұрады» деп барлық жаһанға жар салып жүрген биліктің саясаты бекер емес. Әйтпесе, билік барлық ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл төңірегінде неге топтастырмайды? Мемлекет құраушы ұлттың өзі шалақазақтар мен қазақтар болып бөлінген жайы бар. Әлем тарихынан білетінім, бытырап өмір сүрген халықты жұдырығында ұстап басқару қашанда ыңғайлы.

Жиырма жыл ішінде Қазақстан сауатсыздар еліне айналды деуге болады. «Сауатсыздар» деп, мен еліміздегі мемлекеттік тілде екі сөздің басын қосып сауатты хат жаза алмайтын барлық Республика азаматтарын айтамын. Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер өкімет ішінде қалай жұмыс істеп, не істеп жүргендерін мен түсінбеймін. Төрт жыл бойы қазақ тілінде жиналыс өткізіп қатырмаған төртінші шақырылымдағы депутаттар да тарап тынды. Қазіргі кезектен тыс Парламент сайлауына тек мемлекеттік тілді жетік білетін азаматтар түсуге құқылы деп, өкіметке ел-жұрты талап қойуы керек еді. Әйтпесе, біз неге биылғы өткен кезектен тыс президенттік сайлауда додаға түскен барлық үміткерлердін қазақ тілі білімін тексеріп, емтиханнан өткіздік? Ал енді қара да тұрыңыз, ертеңгі жаңа парламентке өңкей орыс тілді қаракөздер келіп отырып алады. Сонда бүгінгі мүшкіл жағдайға душар болған мемлекеттік тілді кім қорғайды? Сайлау күні сайлаушыларға «қосымша тізіммен» дауыс беру мүмкіншілігін мүлдем алып тастауды, партиялар сайлау додасына барар алдында заңмен тиым салуына, биліктен талап етуі керек еді. Себебі, ол «тізім» сайлау нәтижесін бұрмалаудың нағыз көзі болып табылады.

Халық еліміздегі партияларға саяси күштер ретінде қарамайды, саяси ұйымдарға деген сенімдері жоғалды. Сондықтан да мен қарап отыра алмаймын. Міндетті түрде дауыс беруге барып, көп партиялы Парламентке және Еркіндік пен Демократияға дауыс беремін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1511
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5824