Денсаулық кодексі. 2021 жылдан бастап қандай өзгерістер болады?
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануы керек екенін үнемі талап етеді. Елбасының талабына сай елімізде салауатты өмір салтын ұстанау негіздері қалыптасып, әрбір қазақстандық азамат оны басты назарда ұстап отыр.
Экономикасы дамыған, саяси ахуалы тұрақты, тұрғындарның әлеуметтік жағдайы жақсы, халықтың денсаулығы мығым дамыған отыз елдің қатарына кіру – біздің елдің басты мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін үкімет пен халық бірлесе жұмыс істеп келе жатқаны көп жылдар болды. Дамыған елдің басты көрсеткіштерінің бірі ретінде ел тұрғындарының өмір салты мен тұрмыс-тіршілігінің жоғары деңгейде болғанын атауға болады. Азаматтардың денсаулығы, өмір сүру жасының ұзақтығы салауатты өмір салтын ұстануға тікелей қатысты.
Салауатты өмір салтын нәсихаттау үшін бүкіл ел көлемінде спорт нысандары көптеп салынып, бұқаралық спорт түрелрі қарыштап дамып келеді. Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасалып отыр.
Салауатты өмір салтын ұстанудың тағы бір жолы – азаматтардың денсаулыққа зиянды өнімдерден барынша бас тартуында. Сол үшін де Қазақстанда алкоголь мег темекі өнімдерін тұтынуына барынша тоқтау қою ұсынылып отыр. Елімізде алдағы уақытта алкоголь өнімдері мен темекі сатудың ережелері өзгеруі мүмкі. Мұның басты қажеттілігі азаматтардың денсаулыққа зиянды әдеттерден бас тартуға жетелеу болып табылады.
Жақында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, тұрғындардың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі жайлы жаңа кодекс қолданысқа енеді. Жаңа заңнамаға сай, дүкендегі сатушылар, алкоголь және темекі сатып алмақшы болған азаматтардың бәрінен жеке басын куаландыратын құжатты талап етуі керек. Бұл талап сатып алушылардың жас ерекшелігіен қарамайды, сатып алушының жас мөлшері камелет жасына толса да жеке куәлігін көрсетуге міндетті.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің 110-ші бабына былай деп көрсетілген: «Егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті».
Сонымен қатар аталаған баптың он сегізінші тармағында бұл ережеге алкоголь өнімдері де кіретіні көрсетілген. Демек жаңа кодекске сай, алкаголь және темекі өнімдерін сатып алу үшін әрбір азамат жеке басты куаландыратын жеке құжатты өзімен бірге алып жүру керек.
Ал темекі өнімдерін, соның ішінде қорқор қоспасын, қорқорға арналған темекіні және қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, сонымен қатар темекіні қыздыруға арналған жүйелерді жиырма бір жасқа толмаған азаматтардың сатып алуына болмайды. Сондай-ақ, тұтынудың электрондық жүйелерін, оларды пайдалануға арналған сұйықтықтарды да жиырма бір жастан асқан азаматтарға ғана сатуға рұқсат етілген. Айта кетерігі, жоғарыда аталған өнімдерді он сегіз жасқа дейінгі азаматтардың сатуына тиым салынған болатын.
Жаңа ережеге сай, 2021 жылдың бірінші шілдесінен бастап қорқор қоспасын, қорқорға арналған темекіні және қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, сонымен қатар темекіні қыздыруға арналған жүйелерді және электрондық темекілерді шығаруға тиым салынады және ол өнімдерді ашық көрсетіп сатуға да заң бойынша тиым салынған. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің 110-баптың екінші тармағы он алтыншы тармақшасында осындай талап көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Жолдауларында, үндеулерінде айтылған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстану керек деген талабы жайлы жоғарыда айттық. Дамыған отыз елдің қатарына енуді мақсат тұтатын Тәуелсіз Қазақстан ұстануы тиіс басты шарттардың бірі, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар, денсаулығы, өмір салты да жоғары деңгейде болғаны дұрыс. Сол үшін де жаңа кодекске енгізілген алкаголь өнімдері мен темекі өнімдерін сатудың жаңа ережелері орынды деп есептейміз.
Abai.kz