Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5799 10 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 15:48

Үкіметтен не қайыр?..

Елдегі қазіргі жағдай белгілі. Оны сөз етудің өзі артық. Ең сорақысы Қазақстан Үкіметі еш нәрсеге даяр емес екендігін көрсетті. Біліксіздігін танытты. Ал, мұндай Үкіметтен халыққа не қайыр? Не пайда? Бұл жеке әңгіме. Алдағы жазбамызда Үкіметтің Төтенше жағдай жарияланған наурыздан бері атқарған тірлігіне арнайы тоқтап, сараптама жасаймыз.

Әзірге, мемлекеттік қызметке тоқталайық. Тиімділігі қаншалықты? Меніңше, мәз емес. Бір қызығы бізде мынадай жазылмаған қағида бар көрінеді. Жиырма да сексен деген. Мәселен кез-келген мемлекеттік деңгейдегі жоба-бағдарламалар не бәрі жиырма пайызға ғана орындалады. Ал, қалған 80 пайыз қайда? Бөлінген қаржы кімнің қалтасына, кімнің жемсауына кетті? Міне мәселе қайда жатыр? Мемлекеттің қуатын арттыратын, елдің еңсесін көтеретін талай игі жобалар осылай аяқ асты етілуде. Бұған кім кінәлі? Әрине біліксіз Үкімет, министрлер, әкім-қаралар. Оларға мемлекет үшін аса қажетті жобалардың 100 пайыз жүзеге асқаны қажет емес, ең бастысы олардың көкейінде сол жобаларға бөлінген қомақты қаржыны қалайда жырымдап, жеп қалу тұратыны хақ. Мұндай жағдайда, елде ілгерілеу бола ма? Әрине жоқ!

Қайтпек керек? Демек6 саяси реформа қажет екендігі өз-өзінен көрініп тұр. Үкімет толығымен отставкаға кетуі тиіс. Оның орнына қарақан бастың жеке мүддесі емес, мемлекеттің, ұлттың мүддесін бірінші орынға қоятын, халықпен етене жұмыс істейтін, білікті, іскер, білімді жастар келуі тиіс. Сонда ғана экономикада серпін болады, халықтың еңсесі көтеріледі, әлеуметтік мәселелер рет-ретімен шешіледі. Тұрмыс түзеледі. Орта және шағын кәсіпкерлік дұрыс жолға қойылады. Сайып келгенде президент Тоқаев осындай қадамға баруы тиіс. Жедел түрде реформа жасалғаны жөн. Онсыз болмайды. Өкінішке қарай Тоқаев ондай қадамға бара алмай отыр. Неге? Кім бөгет?

Негізі алғашында Үкіметке екі апта уақыт берді. Халық экономикамен жұмыс істей алмаған, індетпен күресе алмаған Үкімет орнынан кетеді деп күткен еді. Алайда олай болмады. «Баяғы жартас, бір жартас» дегендей Үкімет орнында қала берді. Бұл үлкен қателік. Тоқаев Бағдат Мусин, Шыңғыс Мұқан, Ерлан Кариннің қызметтерін ауыстырумен тынды. Бұлардан не қайыр? Бұлар онсызда бұрынан шенеуніктер. Олар бір өздерін тәукелдікке салып, олигархтар жүйесіне қарсы іскерлік таныта қояды деу артық. Халыққа Үкіметтің түбегейлі отставкаға кеткені керек. Ал оның орнына мүлде жаңа халықтан тұлғалар келгені жөн. Бәлкім сонда ғана елде серпіліс болуы мүмкін деп ойлаймын.

Азаматхан Әміртайдың жазбасы 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351