Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 04:50

Ербол Алшынбай. ...Ерін сыйлар ел қайда?

Желтоқсанның басында тәуелсіздіктің   жиырма жылдығына орай Астанада халықаралық  ақындар айтысы өтетінін естіп, елеңдеп қалғанымыз бар. Себебі, бұл айтысқа алаштың аяулы ақыны Ринат Зайытов  ғаламторда қазақты қаралап өлең шығарған  қырғыз ақыны  Аалыны  жекпе - жекке шақырғанын  естігенбіз. «Айтысқа билетті де сол үшін алдық» дейді сөз додасының жанкүйерлері. Әйтпесе, айтыстағы келеңсіз жағдайлардан, ел мұңын айтатын ақындардың қақпай көретінінен, қазылар мен ұйымдастырушылардың көңілін тапқан жағымпаз орда ақындарының жүлделі болатынынан  және ақындардың бір-бірімен келісіп алып, жаттап келген дастанын айтып, саханада фонограммаға ілесіп аузын жыбырлатқан  дарынсыз әншіге ұқсап, жұртты алдап отыратынынан бүгінгі жұрт   зерігіп болған. Қазақ айтысының жас  бөрісі Жандарбек Бұлғақов та әлгіндей жалғандықтардан, арсыздықтардан жаны күйгендіктен осы жолғы айтысқа қатысудан бас тартқан-ды.

Хош, айтыс басталды. Біз күткен жұп та көрінді сахнадан. А дегеннен арқырап шыққан Ринат ашулы көкжалдай Аалының алқымынан алды. Тіпті, көңілшек қазақтың шарасыз қойдай болған қырғыз ақынына жаны ашып та қалған. Шапқан сайын өрлеген тұлпарымызды төрешілер тізгініне жармасып әрең тоқтатты. Елін сүйетін есі дұрыс қазақтың бәрі бір марқайып қалды.

Бірақ, біздің айтарымыз бұл емес. Бізді ашындырғаны --  алаштың арын қорғаған адал ұлдың айтыс соңында ешкімге керексіз болып далада қалғандай, қазақтың намысын қорғағаны үшін кінәлі болғандай атаусыз қалуы. Ол аз десеңіз, ақын қызымыз Айнұр Тұрсынбаеваның кешірім сұрағандай болып, тауы шағылып қырғыз ақынына шапан жауып, домбыра сыйлағаны. Бұл - намыссыздық. «Алаштың» Айнұры онымен қоймай, қытайдағы қандастарымызды бастап келген қытай билігінің өкілдеріне,  қандастарымыздың ауызын аңдыуға келген тыңшыларға шағынып, елінің осалдығын айтып, «елшілік» қылды.

Қазақ пен қырғыздың тарих көшінде егіз қозыдай қатар жүрген кезі де, жауласып жандасқан кезі де бар. Оны тарих ұмытқан жоқ. Хайду ханнан қорлық көріп қашып келген қырғызға Алатаудан қоныс кесіп берген де қазақтың хандары болатын. Ал, әрекені ешқашан алдымен қазақ бастамаған. Бұның бәрі  жеке мақалаға жүк болар сөз. Бұл шағын мақаланың міндеті -- қырғыз қазақ арасындағы тарихты термелеу емес. Сондықтан өз еншіміздегі сөзге оралайық.

«...Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуаны орыстың балуанын жықса, қазақ марқайып қалады. Орыстың балуаны жықса олар да сүйтеді. Бұл хайуанда да бар сезім...» дейді алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытұлы. Демек, қазақ пен қырғыз бәсекеге түссе, көріп отырған қазақтың қаны қызары сөзсіз. Қыл аяғы сиыр екеш сиыр да, сиырдың қаны төгілген жерді көрсе өкірмейтін бе еді!?

Бізде бұл да жоқ екен. Құлдықтан, сорлылықтан осы халге де жетіппіз. Суырып салма айтыстың аламанында ұлтының намысын қорғаған қазақтың ақынын жұрт алдына шақырып, маңдайынан иіскеп, алғыс айтатын алаштың бір көшелі қарты, бір намысты  ұлы болған жоқ. «Айналайын балам», деп шапан жабатын  бір жан және шықпады. Тас атқанға, ас аттық дерсіз, бірақ әлгіндей жарасмақтықты көрген,  отырған Абай атамша айытқанда «ақылы жоқ көп» не ойлайды?! Қазақ намысын қорғаған ұлын далада қалдыратын тасбауыр жұрт демей ме?

Көк түркінің баласы!

Ердің ұрпағы осынша ұсақталар ма?! Мұны кішкентай іс демеңіз, тық еткен жөтелден алмай тынбас өкпе құрт шығарын ескеру керек. Кенесары баһадүр ханның: «Кезенген жаумен кескілесіп тұрып өлуге шыдайтын ұлы болмаса, сондай ұлды өсіретін елі болмаса, қазақтың қай ісі өрге басар дейсің» - деген өсиетін ұмытсақ, есеміздің жатқа кеткені кеткен. Намысты ұлдарына  махаббаты жоқ ел - сорлы ел. Қортып айытқанда:

Еспембеттей ер қайда?!

Ерін сыйлар ел қайда?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409