Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2656 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 05:36

Жеңіс сенікі, желтоқсан!

... Өтті. Бәрі де өтеді. Өткен, бірақ, жадымыздан өшпейді. Жадымызда жаңғырып тұратын өткен күндер оқиғасына өкініп те, өзгеше мән беріп те  жатамыз. Әсіресе, өкінішіміз басым. Өткен күндерден қазақтың өкінішпен еске алатын бір оқиғасы - Желтоқсан көтерілісі. Желтоқсан көтерілісі болған жыл мен айды бармақ бүгіп отырып санасақ - ширек ғасырдың шегін кешіп өтеді екенбіз. Ширек ғасырдың шегінде  қазақ ұлтының ғасырлар бойы азаттыққа ұмтылған күресін жалғастырып, жан аямаған жастар турасында, Қайраттай қаһарман ұлдардың ерлігі жайында кем айтылмағанға ұқсайды. Әйткенменде, бізде  ерлікті дәріптеуден гөрі «гөй-гөй» басым сияқты. «Желтоқсаншылар толық ақталған жоқ» деп әлдекімге өкпе артамыз. «Желтоқсаншылар үйсіз-күйсіз далада жүр» деп кіжінеміз. «Қоғам, мемлекет тарапынан желтоқсаншыларға лайықты мәртебе берілмей келеді»  деп тағы да мұң шағамыз. Осының бәрі де рас. Алайда, аң екеш аң да жарасын жалап жазады: демек, біздің де өткенге салауат айтып, бауырымызды жазып, басымызды көтеретін уақыт болды емес пе? Желтоқсанның сұрқай күні түтеп тұрған кезде аяз қарыған алаңға алшаң басып барған жігерлі жастар Мәскеуден жайлы тұрмыс, ыңғайлы жұмыс, жанбағысқа жетіп артылатын жалақы мен зейнетақы сұрап бармаған шығар.

... Өтті. Бәрі де өтеді. Өткен, бірақ, жадымыздан өшпейді. Жадымызда жаңғырып тұратын өткен күндер оқиғасына өкініп те, өзгеше мән беріп те  жатамыз. Әсіресе, өкінішіміз басым. Өткен күндерден қазақтың өкінішпен еске алатын бір оқиғасы - Желтоқсан көтерілісі. Желтоқсан көтерілісі болған жыл мен айды бармақ бүгіп отырып санасақ - ширек ғасырдың шегін кешіп өтеді екенбіз. Ширек ғасырдың шегінде  қазақ ұлтының ғасырлар бойы азаттыққа ұмтылған күресін жалғастырып, жан аямаған жастар турасында, Қайраттай қаһарман ұлдардың ерлігі жайында кем айтылмағанға ұқсайды. Әйткенменде, бізде  ерлікті дәріптеуден гөрі «гөй-гөй» басым сияқты. «Желтоқсаншылар толық ақталған жоқ» деп әлдекімге өкпе артамыз. «Желтоқсаншылар үйсіз-күйсіз далада жүр» деп кіжінеміз. «Қоғам, мемлекет тарапынан желтоқсаншыларға лайықты мәртебе берілмей келеді»  деп тағы да мұң шағамыз. Осының бәрі де рас. Алайда, аң екеш аң да жарасын жалап жазады: демек, біздің де өткенге салауат айтып, бауырымызды жазып, басымызды көтеретін уақыт болды емес пе? Желтоқсанның сұрқай күні түтеп тұрған кезде аяз қарыған алаңға алшаң басып барған жігерлі жастар Мәскеуден жайлы тұрмыс, ыңғайлы жұмыс, жанбағысқа жетіп артылатын жалақы мен зейнетақы сұрап бармаған шығар. Отаршылдықтың қанды қақпан, тар шеңгелінде өмір сүру тайқы маңдайларына жазылған сор екенін қапысыз ұқса да ақырып теңдік сұраған оғыландар «Қазаққа қазақ басшы керек» деген ұран көтерді. Бұл - Колбин дейтін «қолбаланың» билігіне емес, қазақтың отар халіне күйініп, тоталитарлық билікке қарсы шыққан халық үні еді. Желтоқсаншылар сондай-ақ «Ешбiр ұлтқа артықшылық берiлмесiн!», «Лениндiк ұлт саясатының принциптерiн құрметтеудi талап етемiз!», «Ленин идеясы жасасын!», «Әр республиканы өз көсемi басқарсын!», «Қазақстан жасай берсiн!» деген ұрандарымен аспан астын күңірентті. Бүгінгі жұртқа «Лениндiк ұлт саясатының принциптерi» деген сөз күңгірт болуы мүмкін, әйтседе, «ұлт саясатының принциптері» мен «ешбір ұлтқа еселеп артықшылық бермеудің» қажеттілігі күн тәртібінен түсе қойған жоқ.

Желтоқсанның жігерлі ұлы мен қызы шешуші күресте жеңске жетті! Тәуелсіздігін ТМД елдерінің ішінде ең соңғы болып жарияласа да, Қазақстан бір кездегі саяси орталықтың озбырлығына жауап ретінде Алаштың азат күінін дәл 16 желтоқсанда күллі әлемге паш етті. «Елім», «жерім» деп егілген рухты жастардың ерлігіне бұдан асқан марапат, бұдан асқан құрмет бар ма мына жарық дүниеде?!! Ең бастысы елің бостан. Елің азат. Билікке бұт артқан, қазағын танымайтын осы күнгі кездейсоқ біреулер үшін күйінудің, соған бола қара аспанды жамылып қайғы кешудің қажеті шамалы. Ер Алаштың ұрпағы аман болса, есеміз қайтады, кем тұсымыз кемеріне келеді. Тек жеңіске жеткізген, Тәуелсіздік туын қолымызға ұстатқан желтоқсандық рухмыз мұқалмасын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450