Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2568 0 пікір 13 Желтоқсан, 2011 сағат 12:40

Сайлау Байбосын. «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының бастығы Кенжетаев мырза ұлт араздығын қоздырушы ма?

Павлолар облысының әкімі
Б. А.Сағынтаев мырзаға
Павлодар облысының прокуроры
Д.Ш. Сартаев мырзаға

«Желтоқсан ақиқаты» РҚБ
Павлодар обл. төрайымы,
Руза Бейсенбай тегі

Павлолар облысының әкімі
Б. А.Сағынтаев мырзаға
Павлодар облысының прокуроры
Д.Ш. Сартаев мырзаға

«Желтоқсан ақиқаты» РҚБ
Павлодар обл. төрайымы,
Руза Бейсенбай тегі

Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсаны күні Кутузов көшесіндегі 21 үйде орналасқан Қазпоштаның №  6 бөлімшесінде хат жібермекші болып, пошта қызметкерімен қазақ тілінде сөйлескенімде, онда отырған әйел адам: «Я не буду обслуживать на казахском языке, у меня мама русская» деді. Өзімнің қазақтілді екенімді айтып және ылғи да М. Байсупинова тарапынан қазақ  тілінде қызмет алуда конституциялық құқым бұзылатындығы жөнінде 2 аптадай бұрын тікелей басшыларына да шағымданғанымды есіне салдым. Ол онымды қаперіне де қыстырмай, «Я вам сказала, что не буду обслуживать на казахском языке» деп тұрып алған соң, бастықтарыңызды шақырыңыз дедім. Ешкім шақырған жоқ, Фамилиясын білмейтін, тағы бір қызметкеріне айттым, ол қазақша сөйлегенімді келемеждеп күлді де: «Что вы говорите, мы все равно ничего не понимаем» деді. Өзім есігін тоқылдатқаннан соң, Мамонтова деген бөлімше бастығының орынбасары шықты да, клиенттерге: «Смотрите на нее, всегда всех достает своим казахским языком» деп еді, шіретте тұрғандар: «Смотри какая националистка, на казахском ей говори», «40 лет живу такого еще не слышала, все говорят на нормальном русском языке!» деп тұрғанд өре түре келіп жабылды: «Мы вам город построили, скажите спасибо, еще не хватало на вашем языке разговаривать, как же, держите карман шире», «Вообще мы уже присоединяемся с Россией, забудьте про свой язык!». Қықасы, айтпағандары жоқ! Ең масқарасы, осындағы бір мәңгүрт қазақ қызының бажылдап айтқаны шаншудай қадалды: «Вы что больная, идите у психиатра лечитесь, видите же, не понимает она!, Вообще русский язык великий, международный, а вы националистка!» дегеніне: «Айналайын, осыныңызбен өз ата-бабаңызды, бүкіл қазақты мына шовинистік пиғылдағы адамдарға жығып бердіңіз ғой, ой өрісіңіз қай деңгейде, өзіңізді өзіңіз күлкі қылып тұрғаныңызды ұғасыз ба?» деп едім, одан сайын өршеленіп, сұқ саусағымен басын шұқып, әйтеуір мені ақымақ деп бағалады. Мынадай қорлықтан соң полиция бөлімшесіне звондадым.

Қысқартып айтсам, мемлекеттік мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік тілді бұлайша қорлап, жергілікті ұлт өкілінің ар-намысына тию-қасақана ұлт араздығын қоздыру деп түсінемін. Бұның соңы ұлт арасына жік түсіріп, бітпейтін дау-жанжалға алып барары сөзсіз. Қазпошта АҚ-ында неліктен мемлекеттің басты атрибутикаларының бірі тілге деген  осыншама теріс қөзқарасты  орын алған? Неліктен халыққа дұрыс қызмет көрсету үшін екі тілде бірдей еркін сөйлейтін адам отырмайды?

Мен бұдан бұрын да Қазпоштада орын алған келеңсіз жайлар туралы басшыларына бірнеше рет жазбаша да, ауызша да шағым түсірген болатынмын. Олар қайтарған жауаптарында Президенттің сөздеріне сілтеме жасайды да,  ал ол белгілеген заңнамалық нормаларды орындағысы  келмейді. Мені де дұрыс түсініңіздер. Адам жайдан-жай барлық жұмысын тастап, денсаулығын жойып, әр жерге  шағымдана бермейді ғой. Мен қолдан келмейтін шаруаны талап етіп отырған жоқпын. Бар болғаны, пошта бөлімшесіне келгенде мемлекеттік тілде қызмет көрсетсе болды. Бұл басты заңымыз-Конституцияда қарастырылған. Қазір Павлодарда кез келген мекемеге әлде бір жұмыспен бара қалсаң, басшысы қазақ болса да хатшысы: «Ол кісімен орысша сөйлесіңіз, қазақша ұқпайды» деді. Бұл не сонда? Қазпошта орынбасарының бірі Р.Қ. Қозыбаевтан: «Қазпошта тарабынан қазақтілділердің азаматтық және тұтынушылық құқы өрескел бұзылып келеді, әлде басшыларыңыздың тек орыстілділерге ғана қызмет көрсетілсін деген бұйрығы барма?» дегенімде, ол: «Да» деген жауап қайтарды. Сосын тағы: «Давайте сделаем так» деп бастап  келе жатыр еді, әрі қарай тыңдауға қажетсінбей, мен тұрып кетіп қалдым. Ал енді пошта бастығы шынымен сондай бұйрық берсе, жетіскен екенбіз!

Бейсенбай тегі Р.З.  «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы жетекшісі

P.S.

Руза Бейсенбайтегі бізге де телефон шалғасын, жағдайды білмек болып, Қазпоштаның Павлодар облыстық филиалына баруға тура келді. Өзіміз күткендей, филиал бастығы Әнуар Кенжетаев қабылдаудан бас тартты. Хатшы қыз республикалық газеттенмін дегесін, олай-бұлай қипақтап, ақыры «тікелей осындай мәселемен айналысады» деп, бастықтың орынбасары Н.Воронцовқа  кіруге ұсыныс жасады. Оның ешқандай шаруа шеше қоймайтынын білсек те, әйтеуір келгесін кірейік деп бас сұқтық. Өздеріңіз сезіп отырғандай, Воронцов мырзадан «Екі тілде бірдей сөйлейтін қызметкерлерді неге отырғызбайсыздар?», «Бұл нағыз ұлт араздығын қоздыратын әрекет, неге тосқауыл қоймайсыздар?», «Қазпоштадағы мемлекеттік тіл мәселесі қашан түзеледі?»-деген сұрақтарымызға мардымды жауап ала алмадық.

Әрине, осы хат БАҚ бетіне шыға қалса, оны Кенжетаев пен Воронцов оқымасы да белгілі. Бірак Павлодарда тікелей осындай шаруамен айналысатын облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту басқармасы, «Қазақ тілі» қоғамы секілді толып жатқан мекемелер бар. Бірақ олар бұндайға «етттері өліп кеткен» сыңайлы. Күл болмасаң-бұл бол деп, сырттан бақылап отыр. Зерделеп байқасаңыз, бұл жерде түйін бір ғана мәселеге тіреліп тұр. Яғни, пошта бөлімшесіне келген адамдарға қазақ тілінде жауап бере алатын бір қызметкерді отырғызу керек. Бар болғаны сол ғана. Бірақ Кенжетаев мырза оны істегісі келмейді. Осындан барып аты қорқынышты «ұлт араздығы» деген мәселе туындайды. Сонда осыны біле тұра, Кенжетаев әдейі істеп отыр ма екен дейсің.

«Абай-ақпарат»

 

 

 

 

 

P.S. Осыдан біршама бұрын, менің тарабымнан төменгі хат жазылған болатын.

Ел Премьері хатты облыс Әкімшілігіне жолдаған да, олардың тарабынан келесі, кешіріңіздер, шындықпен жанаспайтын жауап алған болатынмын. Әкімшіліктің жауабына  салыстырма ретінде  Құл-Мұхамед Министрдің де жауабын беріп отырмын. Әкімшіліктің жауабын, жаңа фактілерді қосып, жалғыз пошта емес, қайтадан Президент, Премьердің назарына тікелей де , БАҚ арқылы да ұсынбақшамын.

 

 

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің,
Үкімет Басшысы К.Қ. Мәсімовтің,
Мәдениет Министрі М. Құл-Мұхаметтің
Назарларына!

Тәуелсіздіктің 20-шы жылындағы Керекудегі тіл ахуалы

Тәуелсіздіктің 20-шы жылында негізгі кала жұртшылығының тілге деген көзқарасы негативті күйде қалып отыр.

Сауда орталықтары, дүкендер, басқа да қызмет көрсету мекемелері, оның ішінде қалалық сот, компьютермен байланысты  қызметтер, банктер, медицина саласы, такси т.б., барлығын тізу мүмкін емес, қызметтерін тек орыстілділерге көрсетуде. Шағымдансаң, талап етсең ғана кейбіреулері қазақша қызмет етеді, ал басқалары қызмет көрсетуден бас тартады. 2011 ж. қыркүйектің ортасында қаладағы «Джамал» дүкенінде қазақша нан сұрағанымда: «Мы принципиально не будем Вас обслуживать, пока не перейдете на нормальный русский язык!» деді. Осындай позицияда тұрған қызмет көрсету мекемелері 70-80%. Бұрын облыстық тілдер басқармасына, қалалық тілдер бөліміне - айналасы 10 шақты адам қалай бүкіл облысты, қаланы түзетеді деп, түсіністікпен қарайтын едім.

Осыдан шамамен 1,5-2 жылдай бұрын Тілдер басқармасына: жоспарлы, жүйелі түрде, қызмет көрсету мекемелерін саласына қарай бөліп, әкімшіліктегі олардың кураторлары - басқарма, департамент, бөлім т.с.с., олар қадағалайтын қызмет көрсететін мекемелерімен, ішіне қоғамдық бірлестіктерді қосып, бәрімізді бірге жинап, ҚР тілдерге қатысты заңнамалық нормалармен таныстырып отырсаңыздар деген ұсыныспен шыққам. Ұсынысым қабылданбады. Тілдік, ұлттық бағытта жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің, қала, облыс қоғамында әрдайым болып жатқан, тілге деген бөтен пиғылдарды фактілермен айқындап тұрса, мемлекеттік тілге деген, аймақта сіресіп қалған теріс қөзқарасты, осы уақытта біраз жөндеп тыстауға болушы еді. Бірақ осы жолдағы бас кедергілер деп есептеуге болатыны:  облыс, қала әкімшілігіне телефон шала қалсаңыз: «Приемная акима области слушает, говорите по русский!», негізінен Виолетта деген хатшының сөздері. Не, қазақша «Сәлеметсізбені» ести сала трубканы тастай салады да алмайды. Қала әкіміне шамамен 2 ай бұрын звондағанымда, хатшы: «А мы не говорим по казахский!» деп  жауап берді. Осылар туралы бір жыл бұрын республикалық БАҚ-тарда жариаланған болатын. Нәтижесі жоқ. Өте сирек: «Да, не - алло» дегенді айтады. Қазақша, адам дұрысты, бұл базар емес, әкімшілік екенін ұғатындай, орыс тілінде айтқандарын, неге қазақша айтпайтындарына тағы таң қаламыз! Яғни аймақ, қала тұрғындары әкімшілік тарабынан тек орыстілділерге қызмет көрсетіледі деген ұғым қалыптасқан шақта, тілдік ахуалды түзеу қияметтің қиыны. Екінші мәселе, тіл ұлттың ажырамасы екенін ескерсек, бұл фактор, қазақтілділердің тарабынан үлкен наразылық тудырып жатқаны сөзсіз. Неліктен, қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра, әкімшіліктер, аймақтағы биліктің ең биік тұғыры бола тұрып, мемлекет тіліне қарсы жұмыс істеуде? Дүниеде елдерінде кездеспейтін нонсенс екенін біле тұра, өз тарабынан мем.тілдегілердің құқын конституциядан бастап бұзып жатқаны қазақтілділердің ашу-наразылығын күннен күнге сайын арттыруда. Біздің, қазақтілділердің өмір сүру шеңберіміз барған сайын тарылып бара жатыр. Осы жәй қазақтілділердің адами құқығын, көптеген қызмет түрлері тек орыстілділерге арналған болатындығынан, тұтынушы ретінде де, басқа да тілге байланысты құқыларымыз өрескел бұзылып жатқандығын көрсетеді.

Тілдер мекемелерінің шараларына оралсақ - түрлі байқаулар, ақындар мүшәйрасын, т.б. өткізіп тұрады. Оны жұрттың көпшілігі жәй мәдени іс-шара ретінде қабылдайды. Сосын коммуналдық мекемелердің түбіртектерін, көлік билетерін жартылай қазақыландыру, жарнамалармен жумыс істеу т.с.с. Бірақ тек осылармен тілге, қазақ тілделерге деген көзқарас өзгере қойматыны анық.

Былтырғы Республикалык БАҚ-тарға: «Қаламызда қазақ тілі аяққа тапталуда» деген тақырыппен нақтылы фактілерді жазғаннан кейін көп ұзамай, Тілдер басқармасы, мені шақырып, біраз адамдармен жыйын өткізді, тақырыбы - шуламайық. Тіке солай айтылмасада, жыйынның астары сол болды. Бірақ, кешіріңіздер, жазбақ тұргой, кейде (кезекті рет тілімды қорлағанда) әкімшіліктің алдына барып аштық т.б. акция өткізгім келеді. Өмір сүргім де келмей қалады.

Биыл тілім үшін әбден қорланып біткен соң, «павлодарлифт» деген мекемені сотқа бергем. Заңгерлер: эксперт ретінде Тілдер басқармасын да шақыруға болады деген соң, Басқармаға, сотқа қатысыңуызды өтінемін деген хат жібергем. Келмеді. Қалалық сотта жеңілдім. Басқарма бастығына: «Неге келмедіңіздер, мемлекеттік тілге байланысты сот қой дегенімде: «Менің басқа шаруаларым жоқпа, мүмкін Тіл комитеті бастығына айтасыз» деген.

Тіл жолында жан алып, жан беріп жүрген адамдарды (соның ішінде Төлен Рамазанұлы сықылды да) еш іс-шараларыңызға қатыстырмай ысырып жүргендеріңіз сотқа қатысты көзқарасыңызбен бірге, басқарма болып жәй ғана тек өз функционалдық позицияда отырғандарыңызды көрсетеді. Бұныңыз, қала коғамының тілге деген қалыптасқан немкұрайлық, негативті көзқарасын одан сайын күрделенуіне жол ашып отыр. Осы қалыпты бұзу жолында нақтылы жұмыс істемесеңіздер, БАҚ беттеріне де, Министірдің, Премьер-министрдің, Президенттің де құлағына жеткізуге тура келеді. Өйткені қазақтілділердің өмір сүру шеңбері адамды қылғындыратындай! 4-5 жыл бұрын, Президенттің тілдерге қатысты 550 қаулысын оқып, ҚР территориясында өз, қазақ тілімде өмір сүруге құқым бар екенғой, одан да зоры, қазақ азаматшасы ретінде, ана ретінде де, тұралап жатқан тілімді насихаттау ұлттық парызым екенін түсініп, қазақ тілінде өмір сүруге көшкенмін. Кешіріңіздер, енді, бүкіл ұлтымның, өзімнің тілімді сатып, қайтадан орысшаға көшіп кетпеймін дегенде, Тілдер басқармасы бастығы тағы басқармаға шақырып, қол астындағы қалалық Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің Айнұр атты бастығына айтқызғаны: «Орыстілділермен қазақша сөйлегеніңіз - олардын құқын бұзғаныңыз!» Ал, керек болса, ҚР осындай заңнамалық норма болмағандықтан, құлдық санадан арылмаған, осынысымен Керекудегі қазақ тілінің мүшкіл жағдайына елеулі өзгеріс енгізбейміз деген пиғылымен бірге, маған, мемлекеттің тілінде сөйлейтын адамға: сен құқық бұзушысың деп ашықтан ашық айтқан Тілдер басқармасының нақтылы позициясы. Онымен қоса:  «Онда неліктен 100 пайыздай орыстілділер қазақпен орысша сөйлеп, олардың құқын бұзады?» деген қарсы сұрақ болуы мүмкін, оған қалай жауап беремін деуге, ой өрісі мұрша бермейтін мемлекеттік қызметкер - лауазымды қызметте қалайша отыр екен деген сұрақ тудырады.

Құрметті Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы, Үкімет Басшысы Кәрім Қажымқанұлы, Мәдениет Министрі Мұхтар Құл-Мұхамет!

Егер ҚР мемлекеттік тіл нақтылы қазақ тілі болатын болса, Конституциядан бастап, барлық заңнамалық нормаларға сәйкес тілдік, адами, қызметкөруші, тұтынушы (әулеметтік коммуникативтік ортада бірімен бірін ажырату мүмкін емес!) ретінде мемлекеттің тілінде өмір сүруге құқылы болсам, Керекудегі аяққа тапталып жатқан қазақ тілінің тұруына жағдай жасап, қазақтілділердің өмір сүру кеңістігі өте тар шеңберін кеңейтесіздерме деген өтініш-үмітпен Бейсенбай тегі Руза Зәйкенқызы.

Кереку қаласы, «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ павлодар облысы филиалы төрайымы Бейсенбай тегі Руза Зайкенқызы. Қайрбаев 104-136 (хаттар үшін 104-114), үй т. 8(7182) 51-10-50, 8-701-182-52-65, e-mail: Ruza_7@mail.ru. Кешіріңіздер, павлодар - александр 2-ші патшаның ұлы 1860ж. павелге силанғандықтан, яғни қазақ елін отарлаудың  көз шұқитын айғағы болғандықтан, өз тарабымнан кішкене әріппен әдейі жазылады.

Әкімшіліктің жауабы:

Сіздің Павлодар облысында халыққа қызмет көрсету салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы өрескел бұзылатындығы туралы өтінішіңіз мұқият қаралып, аталған фактілер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті әкімдіктердегі мемлекеттік тілдің қолданылуына кедергі келтіру фактілері жоқ.
Кейбір мекемелерде мемлекеттік тілді игермеген мамандардың бары рас. Бірақ олар қазақтілділердің құқықтарын өрескел бұзып отыр деген тұжырым негізсіз. Себебі тіл білмейді деп, жұмысқа алмау немесе қызметтен шектету заңға қайшы келетін әрекеттер болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі болғандықтан, ешбір жерде «қазақтілділерге қызмет көрсетілмесін» деген астыртын бұйрық жоқ.
2. Бүгінгі күні облыс денсаулық сақтау басқармасы өз саласы бойынша барлық мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңның орындалу барысына тексерулер жүргізіп, облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, қажетті мекемелерге әдістемелік көмек көрсетуде. Бұл мекемелерде азаматтарды қабылдау және келіп түскен өтініштерді қарастыру екі тілде жүргізіледі. Сондықтан да денсаулық сақтау басқармасы тек қана орыс тілділерге ғана қызмет көрсетеді деу орынсыз.
3. Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету салаларында қызмет көрсетудің басым көпшілігі орыс тілінде екені рас. Алайда, бұл қазақтілді азаматтарға қызмет көрсетілмесін деген сөз емес. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың қазақ тілінде сөйлеуіне және мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап етуге толық құқығы бар.
Елімізде тұрып жатқан барша ұлт өкілдері бір-бірінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, мемлекеттік тілді Қазақстанның азаматы ретінде меңгеру - әркімнің азаматтық парызы.
Мемлекеттік саясаттың да басты ұстанымы - ұлт бірлігін нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізуге бағытталып отыр.
Құрметпен, Павлодар облысының әкімдігі." 14.07. - сұрақ; жауап ввв, закон кз, акпараттык портал, датасы жоқ

 

Құл-Мұхамедтің жауабы

12 октября 2011 г.

Кул-Мухаммед М.А.

 

Құрметті Руза Зайкенқызы!

Қазақ тілі мәселесі соңғы жылдары күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Бірақ уақыт өткен сайын қоғамның қай саласында болмасын мемлекеттік тілге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Әсіресе, өзіңіз сияқты тіл жанашырлары көбейіп, ұлт руханиятын түгендеуде перзенттік парызын өтеп жатқаны қуанарлық жағдай.

Қазақ мемлекетінің Үкіметі - қазақ халқының баянды болашағы үшін, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің жарасымды ынтымақты өмірі үшін қызмет жасайтыны сөзсіз. Елбасымыз «Біздің мақсатымыз - мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азаматтарының меңгеруіне қол жеткізу...» деп Қазақстан халқы ассамблеясының 16-сессиясында атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы  1-тармағын жүзеге асыру үшін жұмыс жасап жатырмыз, қажет болса тиісті шаралар да қолданамыз.

Ең бастысы, Қазақстанда тұратын барлық азаматтарға қазақ тілінде қызмет көрсетуді өзімізден, яғни лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілерден бастауымыз қажет. Сондықтан жақын уақытта мемлекеттік қызметшілерге орыс тілінде сөйлеуге шектеу қойылмаса да, мемлекеттік тілді білуі міндеттеледі.

Халық болған соң қазіргі нақты ахуалға сәйкес түрлі пікірлер, өңірлік ерекшеліктерге байланысты қиындықтар болатыны рас. Бірақ барлығы заң аясында қадағаланып, бақыланады. Осы орайда, Сіз арнайы орындарға тиісті арыз-шағым түсірген жағдайда, қызмет көрсеткісі келмеген «Артур» сауда үйінің сатушысы да, сұқбат беруге міндеттеген «Новое время» газетінің тілшілері де, «Павлодарлифт» мекемесі де қолданыстағы Заңға сәйкес белгіленген тәртіпке сай жазаланатын болады.

Әр қазақ азаматы ана тіліне Сіз сияқты қамқорлық жасаса, көздеген мақсатқа әлдеқайда тез қол жеткізетініміз анық.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517