Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 3969 8 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 13:22

Орыс «дипломаттары» тыңшы ма?

Австрия билігі дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын өрескел бұзды деген айыппен ресейлік дипломатты елден қуды. Бұл туралы «Әлжазира» агенттігі жазды.

«Әлжазираның» ақпаратына сүйенсек, ресейлік дипломат ұзақ жылдар бойы тыңшылық жасап келген. Бұған Австрия азаматы көмектескен. Кейін жаңағы шетел тыңшысына көмектескен Австрия азаматы өзінің кінәсін мойындап, басшылыққа ақпар берген. Ресей дипломатының өзіне куратор болғанын айтқан.

Тағылған айыпқа қатысты ресейлік «тыңшы» өзінің дипломатиялық иммунитетін алға тартып, тергеуге қатысудан һәм тергеушілерге жауап беруден бас тартқан. Осыдан соң Австрия Сыртқы істер министрлігі шешім шығарып, ресейлік дипломаттан 1 қыркүйекке дейін елден кетуін талап еткен.

Әрине, Австрия билігінің бұл шешіміне Мәскеу билігі үнсіз қалмаған. Әуелі, Ресей елшілігі әлеуметтік желіге шарадай көзі шытанай сөйлеп, шамданып тұрып жазба қалдырыпты.

«Австрия билігінің еш негізсіз бұл әрекетіне наразымыз және бұл Ресей-Австрия қатым-қатынасына кері әсерін тигізеді деп есептейміз. Мәскеудің реакциясы көп күттірмейді деп сенеміз», - депті.

Айтса, айтқандай-ақ, Мәскеу көп күттірмей, жауап беріпті. Кремльдің, Кремль қожайыны Путиннің баспасөзін басқаратын Дмитрий Песков пікір білдіріп: «Мәскеу лайықты түрде жауап береді», - депті.

Шындап келгенде, бұл «тыңшылық жасады» деген айып Ресей елшіліктерінің қызметкерлеріне алғаш рет тағылып отырған жоқ. Әрісін айтпағанда, өткен жыл мен биылдың өзінде орыс елшіліктеріндегі «тыңшылықтың» оншақты фактісі тіркелген. Әр жолы елшілік қызметкерлері елден қуылып отырған. Әр жолы Мәскеу ресми жауап берген. Қайсы бір ел орыс дипломатын елден шығарса, сәйкесінше, Мәскеу де сол елдің бір дипломатын өз еліне қайтарып отырған. Сол фактілердің бірсыпырасын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

2018 жыл:

Әуелі Британиядан бастайық. Естеріңізде болса, 2018 жылы Британия билігі Ресей елшілігінің 23 қызметкерін елден қуып шыққан еді. Ол кезде «Скрипаль ісіне» қатысты Ресей мен Британия арасындағы дау ушығып тұрған кез. Британияның сол кездегі перемьері Тереза Мей: «Скрипаль мен оның қызын Ресей билігі улады» деп айыптаған. Елшіліктің 23 қызметкеріне елден кетуге бір апта уақыт берген. Ол сондай-ақ, жаңағы 23 дипломат «ұзақ жылдар бойы тыңшылық жасап келгенін» айтқан.

Өткен жылы Ресейдің дипломатиялық қызметкерлерін қуудың оншақты фактісі тіркелген екен. Ұзын-ырғасы 14 қызметкер чемодандарын жинап, өз елдеріне, яғни, Ресейге қайтуға мәжбүр болған.

2019 жыл:

Наурыз. Швеция Сыртқы істер министрлігі Ресей дип-миссиясының бір қызметкерін қайтарған. Ол кезде орыс азаматына «тыңшылық жасады» деген айып тағылған.

Наурыз. Польша билігі Познандағы Ресейдің вице-консулын елден қуды. Польша ішкі барлау агенттігінің анықтауынша, орыстың вице-консулы дипломатиялық статусына сай емес қызметтермен айналысқан.

Тамыз. Украина Ресейдің Львовтағы Бас консулығының қызметкерін «нон-грата тұлға» деп таныған.

Қазан. Болгария Ресей елшілігінің қызметкерін елден қуған. Тағы да сол айып. Дип-миссияға қатысы жоқ қызметтермен айналысқан.

Желтоқсан. Шешенстан тумасы Зелимхан Хангошвилидің өлімінен кейін Германия билігі ресейлік 2 дипломатты елден қуу туралы шешім шығарған. Бұл азаматтар «нон-грата тұлға» деп танылып, 7 күннің ішінде елден кетуі талап етілген. Кейін белгілі болғандай, елден қуылған бұл екеуі орыс арнайы жасағаның өкілдері болған.

2020 жыл:

Қаңтар. Болгария Ресейдің 2 дип-қызметкерін «нон-грата тұлға» деп таныды. Оларға қатысты Болгария Бас прокуратурасы «шпионаж» бабы бойынша іс қозғаған.

Маусым. Чехия билігі 2 ресейлік дипломатты елден шығарған. Чехияның Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Ресей елшілігінің қызметкерлері чех саясаткерлеріне қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатқаны туралы қауесет таратқан. Чехия премьері Андрей Бабиш бұл жайтқа қатысты: «Бұл шешім қабылданбас бұрын ресейлік дипломаттарға өз еркімен, тып-тыныш елден кету туралы ұсыныл жасалған. Алайда олар бұл мүмкіндікті пайдаланған жоқ. Сондықтан бұл екі азамат та нон-грата тұлға деп танылып, 7 маусымға дейін елден шығарылады», - деген.

Тамыз. Словакияның Сыртқы істер министрлігі ресейлік 3 дипломатты елден қуатынын мәлімдеді. Словакияның барлау қызметінің анықтағаны бойынша, Братиславадағы Ресей елшілігінің қызметкерлері дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына керағар әрекеттерге барған. Аталған жайтқа қатысты Словакия СІМ мәлімдеме жасап: «Словакия Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатуды көздейді. Алайда, бұл дипломаттар келісімді өрескел бұзды және сол үшін 17 тамызға дейін елден кетуі керек», - деген.

Тамыз. Норвегия Сыртқы істер министрлігі ресейлік дипломатты елден қуатынын хабарлады. Бұл жақта да орыс азаматының тыңшылықпен айналысқаны, бөтен елдің азаматына маңызды құжаттарды жеткізіп бергені айтылған.

Біз орыс дипломаттарының «тыңшылық жасады» деген айыппен елден қуылған оншақты фактіні жаздық. Бұл әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған ақпараттардың бір парасы ғана. Десе де, Ресей Сыртқы істер министрлігінің активіне кіретін бұл қызметкерлердің айыбы өз уақытында дәлелденгені, Мәскеудің бұл шешімдерге қатысты реакция білдіргені факті.

Ресей елшілігі мен консулдығы Қазақстанда да бар. Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Бородавкин Алексей Николаевич дейтін адам. 2018 жылдың ақпанында Елші боп тағайындалған.

Сөз түйіні: Орыстың ойы – ортақ одақ, ортақ ақша, ортақ шекара екенін қазақ саясатшылары, қазақ саясатшылары түгілі орыс сарапшылары талай мәрте айтты, жазды. Ортақ ақша мен ортақ шекараның әңгімесін қайсыбір жылы (2016-2019) Ресей президенті Владимир Путиннің өзі ашықтан-ашық айтты. «Ресейдің шекарасы шексіз», деп сөйледі. «Совет одағының күйрегеніне өкінемін», деді. Біз бұлар туралы бұған дейін де жаздық. Қайталап жатпайық.

Жерінде бөтен елдің 5 әскери базасы бар ел қаншалықты тәуелсіз?

РЕСЕЙ БАЗАЛАРЫН АТАМБАЕВ АЙДАП ШЫҚПАҚ. БІЗ ШЕ?

ПУТИН: РЕСЕЙДІҢ ШЕКАРАСЫ ШЕКСІЗ

САУАЛНАМА: РЕСЕЙ КСРО-НЫ ҚАЙТА ҚҰРУДЫ ҚАЛАЙДЫ

ЕАЭО – өлі одақ

Ортақ одақ. Ортақ футбол... Ендігі кезекте ортақ азаматтық па?

Еуразиялық экономикалық одақ – Тәуелсiздiкке төнген қатер!

Экономикалық одақ саяси одаққа ұласып бара жатыр

Әне, биылғы жылдың өзінде 5 мемлекет Ресей елшіліктеріндегі азаматтарды «тыңшылық жасады» деп айыптап, елден қуыпты. Ал бізде ше? Біздегі орыс саясаткерлері мен дип-миссия өкілдері не істеп жүр? Бұл көптің көңіліндегі көп сауалдың бірі. Рас, Қазақстан мен Ресей тығыз қарым-қатынастағы одақтас мемлекеттер десек те, «жау жоқ деме жар астында» деген қағида қатаң есте болуы керек-ақ! Біздікі қауіптің сөзі...

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379