Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 3750 13 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 14:05

Әке-ау, Әнуарды ұмыттыңдар ма?!.  

Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлованың назарына!

Әлемнің алпыс шақты елінде болып, Қазақстанын, қазағын насихаттаған және ол елдерде қазақ тарихына байланысты дерек ести қалса, оны тәптіштеп біліп, жазып алып, еліне, халқына жеткізуге асыққан қаламгер Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына биылғы мамыр айында 90 жыл толды. Талдықорған облысы Үйгентас ауданындағы Қарлығаш ауылында дүниеге келген Әнуар 1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмәмдады. Журналистік қызметін облыстық «Алматинская правда» газетінен бастап, 1955 жылдың наурыз айынан «Литературная газетаның» Қазақстан мен Орта Азиядағы меншікті тілшісі, кейінірек: «Ленинская смена» газеті редакторының  орынбасары; «Правда» гәзетінің Орта Азия мен Қазақстандағы меншікті тілшісі; «Қазақфильм» киностудиясының Бас редакторы; «Қазақ  әдебиеті» газетінің Бас редакторы; 1971- 1979 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы, бұл мерзімде КСРО Жазушылар одағы басқармасының да хатшысы болды. Одан соң: Автор құқығын қорғау жөніндегі Бүкілодақтық ассоцияцияның Қазақ бөлімінің басшысы; Тарихи және мәдени көне ескерткіштерді қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының, Қазақстанның коммерциялық «Таң» теле-радио ассоцияциясының төрағасы болды. Қазақстан Мәдениет қорының төрағасы қызметін атқарды. Республика Жоғарғы Кеңесі депутаттығына төрт   мәрте сайланды.  Жоғарғы Кеңес президиумына бірнеше рет мүше  болды. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайланды. СОКП-ның XXIV және XXV-құрылтайларының делегаты.

Ә. Әлімжанов КСРО-ның Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс комитеті төрағасының орынбасары; Африка халықтарымен достықтың КСРО Ассоциациясы басқармасының, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Азия және Африка жазушылары ассоцияциясы мен  Еуропа мәдениеті қауымдастығының  мүшесі, «Қазақстан-Жапония» халықаралық қоғамының президенті болды. Азия және Африка жазушыларының 1973 жылы Алматыда өткізілген V-конференциясын ұйымдастарды. Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуын атап өтудің  ұйтқысы болды. 1991 жылдың басында Қазақстан Социалистік  партиясының  төрағалығына сайланды.

1991 жылғы қазан айының 29-ынан желтоқсанның 26-сына дейін КСРО Жоғарғы кеңесінің Республикалар кеңесін басқарып, 26-желтоқсанда КСРО-ның ыдырауы туралы декларацияға қол қойды.

Әнекең Қазақстан Ленин комсомолы, Қазақ КСР Мемлекеттік, Халықаралық Дж. Неру атындағы, Агустино Нето атындағы силықтардың, Конго республикасы, «Лотос» журналы силықтарының, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы атанды.

Хикаяттары: «Сумен және жермен елу мың миль» (1962 ж.); «Күнге бет алған керуен» (бұның журналдағы нұсқасын оқып риза болған Мұхтар Әуезов Әнуарді шақырып алып, талабын қуаттап, хикаятына алғысөз жазып, кітап баспасына жолдайды. Кітап 1963-жылы шықты); «Көгілдір таулар» (1964); «Алаулы найза» (1965); «Отрар сиы» (1966);  «Таным» (1993).

Романдары: «Махамбеттің жебесі» (1969); «Жаушы» (1969); «Рудаки тағы» (1974); «Ұстаздың оралуы» (1979); «Адам жолы» (1984). «Жаушы» романы бойынша кинофильм түсірілді.

...Әнекең шет елдерге барғанында бір ғана Қазақстанның емес, Орта Азияның да мәдениеті мен әдебиетінің елшісі, жаршысы болғаны анық. Иə, осынша орасан  зор еңбек сіңірген кемеңгер тұлғаны бүгінде қор қылып отырған адамдар бар! Мəселен Алматы облысы мәдениет басқармасы Əлімжанов туралы жазылған белгілі қаламгер Ғаббас ата Қабышұлының кітабын шығарудан бас тартып, қолақпандай хат жіберіпті. Əлімжановтай қазақтың арадагер ұлын танымайтын, білмейтін, білгісі де келмейтін бұндай мемлекеттік мекеме басшысы мен ұжымына не деуге болады? Осы облыстық мəдениеттегілер қаншама қаражат бөліп, кітаптар шығарып жатыр. Бірақ Әнуар Әлімжанов туралы кітапты керек қылмайды.

Ал облыстың басшысына Əнекеңдей тұлғаның мерейтойы мен кітаптары жайында жақ ашатын адам таппай отырмыз. Баталовтың үстіне батып кіре алатын адам бізде жоқ, басқа ауылда, басқа ортада болмаса...

Əнуар Әлімжанов ұлттық əдебиет пен өнер үшін аз ебек еткен жоқ, соны біле тұра бәрі үнсіз...

Әнекең біреуге қарап сөйлегенде, Жетісудың «әке-ау», «әй, әке» деген сөзін қосып отырады екен. Министр ханымның назарына ұсынып жазған шағын мақаламызда біз де солай дейміз: әке-ау, Әнуарды ұмыттыңдар ма?!.

Ербол Ақшолақов

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373