Нұрлыбай Қошаманұлы. Төтенше Тәуелсіз халықтық Комиссия құрылуы тиіс
Жаңаөзен оқиғасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл оқиғаның туу себептері менің ойымша, мынада:
Мемлекет табысының 80 пайызын қамтамасыз ететін еліміздегі мұнай-газ саласының 75 пайызын шетел компаниялары өз иелігенде ұстауда. Бір ғана Теңіз кенішіндегі Қазақстанның үлесі бар болғаны 10-ақ пайыз. Осылай стратегиялық нысан саналатын бұл кеніш айлағы 2032 жылға дейін шетелдіктерге түпкілікті сатылды. Елде жазылған заңдардан, жазылмаған заңдар биік тұр. Маңғыстау мұнайына қожалық етіп отырған қытайлықтар мен Т.Құлыбаев жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастары туралы заңнаманы орындамай отыр. Маңғыстау мұнайшылары, халқы қосарланған екі жақты қанауға ұшырауда. Олар әлеуметтік жағдайының ауырлығы мен төмен жалақыға наразы.
Биліктің бойын үрей билегені соншалық осы уақытқа шейін олар мұнайшылармен келісім орындығына да отырмады. «Қаражамбас», «Ерсай», «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары 7 ай бойы ереуілге шыққанда «жергілікті билік», «Қазақ Үкіметі» олардың талабын орындаудан бас тартты. Билік, құқық қорғау органдары 7 ай бойы мәселені шешудің орнына, керісінше, қоқан-лоққы жасаумен келді. Оларды осы аралықта талай мәрте сотқа сүйреп, әкімшілік жазалау шараларын қолданды. Жазықсыздан жұмысшылар жұмыстан шығарылды. Ереуілшілер де халық та осының бәрінен әбден титықтады. Әрине, билік тарапынан болған мұнай белден басу халықты ашындырды.

Қазақ халқының Маңғыстаудағы көтерілуі елдегі әділетсіздікке, жемқорлыққа, басынуға қарсылық. Әлеуметтік теңдікті орнықтыру. Бұған дейінгі талаптарында ереуелші мұнайшылар биліктің ұлттық байлыққа деген көзқарасы қатты алаңдаушылық білдіретінін әлденеше рет ескертті. Осы орайда, Маңғыстау халқы мұнайдың тең жартысына ие болып отырған қытайлықтардың үлесін мемлекет иелігіне қайтару керек деп санайды. Олардың бұл талабын кім бұрыс дер екен. Өз несібемізді неге біз ашқарақ қытайдың аранына салуымыз керек. Мұндай ұры қоғамда осы мәселе төңірегінде құрыштай біріксек қана нәтижеге жетеміз.
Оқиға бүгінгі саяси билік өмірлік маңызы бар мәселенің түйінін шешуде қауқарсыз екенін, жағдайды ушықтырмай реттеу қабілетінің жоқтығын тағы көрсетті. Ақ адал жалақысын жемей, халықтық меншікті қайтару жөнінде «сұрау» көтерген жазықсыз халыққа қарсы оқ аттық. Екі жақты әлеуметтік қанаудың тереңдеуі түптің түбінде «қаналушы тап» тарапынан әлеуметтік наразылықтарды тудыратыны - аксиома.
Бір оқырман «Maidan.kz» cайтында психолог А.Маслоу адам қажеттіліктерін ің ішінде мыналарды бөліп көрсететінін келтіріпті: 1) физиологиялық (тағам, су, ұйқы, тұрғын үй, денсаулық және т.б.); 2) қауіпсіздік, болашағына деген сенімділік; 3) қандай да бір қауымдастықта болу (отбасы, компания, достар, ұжым және с.с.); 4) құрметтеу, мойындау; 5) өзін көрсету, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, рухани қажеттіліктер. Жеті айдан бері алаңда тұрған мұнайшылар мұның бәрінен ада болды. Осындай адами қажеттіліктен ада болып, ар-намысына тиген кемсітулердің бәрін басынан өткеріп келді. Демек, себепсіз ештеңе болмайды екен.
Мұның барлығы қазіргі билігі жүргізіп отырған теріс экономикалық саясатының «жемісі». Жағдай бұдан әрі шиеленісе беретін болса елде тұрақсыздық орнығады. Маңғыстау халқының толқуын полициямен, әскермен, қару күшімен тоқтатамын деген ниетті дереу тоқтату керек.
Маңғыстау жұмысшыларының талабы бүгін де, ертең де жалғасын табады. Олар оңды нәтижеге жетпей тынбайды. Олай болса, Маңғыстауда қалыптасқан жағдайға байланысты құрамына саяси партиялар, тәуелсіз кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, шетелдік сарапшылар, европарламент өкілдері, мұнай-газ және өзге де өндіруші салалардың тәуелсіз сарапшылары бар «Төтенше Тәуелсіз халықтық Комиссия» құрылуы қажет.
Ішкі бюджетіміз бар жоғы 50 миллиардтың о жағы мен бұ жағы болса, сыртқы қарызымыз 120 миллиардтан асып жығылды. Бұл қарызды кім қайтарады? Ұрпағымыздың мойнына артып барамыз ба? Алдында айдаған малы жоқ, көк тиын жинағы жоқ, күйі түгілі басында үйі жоқ айтақырда отырған балаларымыз ол қарыздан қалай құтылмақ? Әлде Қазақстанды ту-талақай етіп сұрағанға бөліп береміз бе? Мәскеулік жазушы В Ерофеев: «К нам пришла свобода с бандитским лицом» - деп айтқандай, бізге осындай еркіндік, жалаңқия демократия қажет пе? Ендеше, қашанғы бұғып отыра береміз.