Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4130 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 07:15

Жүрсін ЕРМАН: Айтысты армияндар еншілеп алса, мен таңғалмаймын

Түркиядағы қандасымыз Әбдікәрім Есбол армяндардың айтысымызға ауыз салып жатқандығын хабарлады. Армения мемлекеті ЮНЕСКО-ға өтініш жазып, «Айтыс өнерін» армян мәдениетіне тән рухани-мәдени мұра ретінде «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары» тізіміне тіркеуін өтініпті.
Жүрсін аға, сіз бұл туралы не айтасыз?

Жүрсін Ерман, ақын:

Армяндарда айтыс жоқ. Ақпарат берген Түркиядағы жігіт жаңылысқан болуы мүмкін. Егер оларда айтыс бола қалса, сонымен бірге біздің айтысымызды еншілеп алса, мен оған еш таңданбас едім. Оның себебі де бар. Қазақ мемлекеті өзінің атамұра өнеріне ие болмаса, оған самарқау, селқос қараса, өзгелер алмағанда қайтсін!? Қазымыз бен қымызымызға немістер қожайындық қылады. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Енді «мәртебелі» кезек айтысқа келіпті.

Жиырма бес жылдан бері әупірімдеп өткізіліп келген айтысты мемлекет өз қамқорлығына алғалы екі жыл болды. Осыған дейін айтысты «өлтірмей» келген - демеушілер, мемлекет емес. Яғни М.Құл-Мұхаммед, Ө.Сәрсенов, А.Ермегияев сынды азаматтардың арқасында аман қалды. Енді мемлекет қарауына алыпты-мыс. Бірақ онысынан ештеңе сезілмейді. Әйтеуір, жылына бір рет өткізіп береді. Оның өзіне жеткілікті мән бергенін көрмедік. Желтоқсанның басында Астанада 3 күндік айтыс өтті. Соған биліктің бір адамы келіп отырды ма?! Оны да қойшы, «Айтысты теледидардан көрсетіп, насихаттаймыз», - деп уәде берген «Қазақстан» телеарнасы әлі «оянар» емес. Тіпті, мүлдем көрсетпейтін түрі бар. Астана қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен 19 желтоқсанда отызға дейінгі жастардың арасында дүбірлі айтыс өткіздік. «Жастық жалыным саған, Тәуелсіз Қазақстан!» деп аталды. Жұртқа жариялауды мойнына алған «Астана» арнасы уәдесінен тайқып, түсіруден бас тартты. Жоғарыдан «Түсірмеңдер!»  деген өктем тапсырма келіпті. Осындай ықыластан кейін не болады бұл айтыс?! Сондықтан, асыл құндылығымызға біреулер қол созса немесе меншігіне айналдырса, оған мен сияқты жеке адамдар жауап бермейді. Ол менің әкемнің мүлкі емес қой.  Мемлекет, үкімет мүшелері қозғалу керек емес пе?! ЮНЕСКО-дағы еліміздің өкілі Олжас Сүлейменов арқылы «тірі» екенімізді, айтыстың төл мұрамыз екендігін айтуымыз керек. Мынау Қытай сондағы 1,5-2 миллион қандасымыздың  мүддесін қорғап, айтысты қазақтың меншігіне өткізу үшін ЮНЕСКО-ға барлық құжаттарын тапсырған. Алайда, сол игі бастаманы Қазақстан әлі ресми түрде қолдаған да жоқ. Айтыскер ақындардың халықаралық одағын құрамыз деп жарты жылдан бері сарсылып жүрміз. Әділет министрлігі ананы бір, мынаны бір сылтауратып, құжаттарымызды қайтара береді. Ең болмаса, сол одақ құрылғанда, ресми түрде қарсы шығатын едік. Өзіміздің министрлігіміз бен үкіметіміз іздемесе, ол кімге керек!? Үкіметіміздің самарқаулығы мен селқостығының, жайбасарлығының кесірінен жаңамен жарысып, өркениетке ілесіп, жаһандану ғасырының өзінде басқа өнерден қалыспай, қоғамға қызмет етіп отырған ең демократияшыл, ең азулы өнердің шетқақпай көріп отырғаны  жұрттың бәріне көрініп отыр. Өз айтысымызды Қазақстанымызда насихаттай алмай жатқанда, өзбектер не қырғыздар алып кетсе де, мен оған пәлендей таң қалмаймын!

Нұрбол Құдайбергенов

http://jasqazaq.kz/post/aitys%D2%9B-auyz-sal%D2%93-armyandar

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1524
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5918