Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5355 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 07:19

Әлімхан Ермеков мұрасының маңызы

Таяуда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты көрнекті Алаш қайраткері, ғалым, алғашқы математика оқулығы авторларының бірі Ә.Ә.Ермековтің туғанына 120 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстан және  Әлімхан Ермеков мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Ғылыми жиынды ұйымдастырушылар Алаш Орданың және қазақ зиялыларының ұлт тарихындағы, тәуелсіздік пен білім-ғылым бастауындағы миссиясын қайраткер, ғалым Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің мұрасы арқылы зерделеуге талап қылғаны байқалды.

Конференцияға ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әйгілі математик Мұхтарбай Өтелбаев, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі өкіл Асқар Шәкіров, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Алдан Смайыл, Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Әбсеметов, профессорлар Нұрлан Темірғалиев, Амантай Шәріп, Дихан Қамзабекұлы, Зиябек Қабылдинов, Нұржан Боқаев, Қордан Оспанов, Жамбыл Артықбаев, Светлана Ковальская, Жанна Қыдыралина, Гүлнар Мұсабалина, ақын-зерттеуші Бақытжан Тобаяқов т.б. мамандар қатысып, баяндама жасады.

Танымал математиктердің, алаштанушылардың, этнографтардың, тарихшылардың тәуелсіздік үшін күрескен, қазақ жерінің тұтастығын большевиктер көсемі В.И.Лениннің алдында дәлелдей алған азамат-тұлға туралы жан-жақты ойлары елорда зиялыларына, студент қауымына ерекше әсер етті. Бір қызығы, Әлімхан Әбеуұлы Ленинмен кездесуін естелік есебінде жазып кетіпті.

Шара аясында Әлімхан Ермековтің тікелей немересі Олег Мағауияұлы және басқа да Алаш тұлғаларының ішінен Сұлтанбек Қожанұлы, Жәнібек Жанұзақ, Қошке Кемеңгерұлы, Хайретдин Болғанбай ұрпақтары естеліктер айтты. Қайраткер сөзінің түпнұсқа мәтіні хатталған аудиожазба тыңдалынды.

Қарағандымен байланысы бар намазхан ақсақалдар қайраткер бейіті көмірқаланың Михайловское зиратханасында күтімсіздеу және белгісіздеу халде екенін ашына айтты. Олар бұл мазарды тәуелсіздік пен имандылық талабымен қайта бір жаңғыртуды ұсынып отыр.

Ғылыми жиын қорытындысында Алаш қайраткері, алғашқы математиктердің бірегейі Ә.Ә.Ермековтің аты мен еңбегін республика және  елорда көлемінде ұлықтау, еске алу туралы қарар қабылданды.

Мұның ішінде О.М.Ермеков ғылыми-танымдық «Әлімхан Ермеков сайтын» ашатынын мәлім етсе, Еуразия университеті ғалымдары бұл сайтты толтыру мен жүргізуді мойнына алды. Сондай-ақ «Алаш» институты ғалымдары Әлімханның көптомдық шығармалары мен ол туралы естеліктерді жариялауға кірісетінін жеткізді. Елордалық «Тіл және мәдениет» қоғамы мүшелері бір мектептің атын Ә.Ермековке беру туралы ұсыныстарын Астана қаласы әкіміне жолдайтынын хабарлады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295