Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3465 0 пікір 30 Желтоқсан, 2011 сағат 06:16

Еркінбек Керімбекұлы. Діни сауат – рухани қауіпсіздіктің кепілі

Жаратылыс заңдылығынан еш нәрсе тысқары шыға алмайды. Қанша ғасырлар өтті күннің батып, таңның атуын, қыс келіп, жаздың кетуін ешкім өзгерте алған емес. Сол секілді өзгермейтін ережелердің бірі - адамзат баласының жер бетінде дінсіз өмір сүрген ғасыры болған емес. Әрине мұнымен бізге «дінсіз адам болса да, дінсіз қоғам болмайды» деген айтулы сөзді растауға тура келеді. Біз қалай болғанда да, адамның әсіресе жастардың бойындағы табиғи діни мұқтаждық - деген мұқтаждықты мойындауымыз керек. Біздің қазіргі кездегі үлкен проблемаларымыздың бірі - осы ақиқатты мойындай алмай жүрміз. Мүмкін бұл қазақ қоғамы кеше ғана атеистік өмірден шыққандықтан болар.

Адам баласы табиғатының құрылымы үш дүниеден тұрады. Тән, нәпсі және рух (жан-дүние). Бұл үшеуінің әрқайсының өз азығы бар. Сол азығын дұрыс жолмен және керекті мөлшерде қамтамасыз етпесе, табиғи өмір сүру жүйесі бұзылып, адам көптеген қолайсыздықтарға душар болады.

«Дін» - сөзі арабтың сөзі. Бас ию, бойсұну, жаза, марапаттау, заң деген мағыналарды білдіреді. Яғни анықтамасына қысқаша тоқталар болсақ, «адамның өзі сенетін ережелер мен пікірлерді ұстана отырып, бойсұнуы». Жалпылама алғанда жоғарыда аталған мағыналардың баршасын да қамтиды.

Жаратылыс заңдылығынан еш нәрсе тысқары шыға алмайды. Қанша ғасырлар өтті күннің батып, таңның атуын, қыс келіп, жаздың кетуін ешкім өзгерте алған емес. Сол секілді өзгермейтін ережелердің бірі - адамзат баласының жер бетінде дінсіз өмір сүрген ғасыры болған емес. Әрине мұнымен бізге «дінсіз адам болса да, дінсіз қоғам болмайды» деген айтулы сөзді растауға тура келеді. Біз қалай болғанда да, адамның әсіресе жастардың бойындағы табиғи діни мұқтаждық - деген мұқтаждықты мойындауымыз керек. Біздің қазіргі кездегі үлкен проблемаларымыздың бірі - осы ақиқатты мойындай алмай жүрміз. Мүмкін бұл қазақ қоғамы кеше ғана атеистік өмірден шыққандықтан болар.

Адам баласы табиғатының құрылымы үш дүниеден тұрады. Тән, нәпсі және рух (жан-дүние). Бұл үшеуінің әрқайсының өз азығы бар. Сол азығын дұрыс жолмен және керекті мөлшерде қамтамасыз етпесе, табиғи өмір сүру жүйесі бұзылып, адам көптеген қолайсыздықтарға душар болады.

«Дін» - сөзі арабтың сөзі. Бас ию, бойсұну, жаза, марапаттау, заң деген мағыналарды білдіреді. Яғни анықтамасына қысқаша тоқталар болсақ, «адамның өзі сенетін ережелер мен пікірлерді ұстана отырып, бойсұнуы». Жалпылама алғанда жоғарыда аталған мағыналардың баршасын да қамтиды.

Ал орыс тілінде қолданылатын сөз «религияны» алатын болсақ, ол: арлы болу, тақуалық, құрмет ету, табыну, киелiлiк, шоқыну деген мағыналарды береді.

Қазіргі кезде біздің тағы бір үлкен қателігіміз, «дін» деген ұғымды осы айтып өткен «религия» деген ұғыммен шатастырып жүрміз. Бұл қоғамның барлық деңгейлерінде кездесетін қателік.

Идеологияға қайсы жүйе болса да терең мән беріп келген. Себебі, идеология арқылы бүтіндей қоғамды басқару мүмкіндігі пайда болады. Өздеріңіз Кеңес одағының да қаншалықты мән беріп, өте мықты азаматтарға тапсырғанын жақсы білесіздер.

Қазіргі кезеңде елімізде діни ахуалдың күннен күнге күрделеніп бара жатқанын көз көруде. Қазақ қоғамы егемендігін алып, дербес мемлекет бола салысымен, 1992 жылдың басында азаматтардың діни сенім бостандығы турасында қабылданған заң түрлі секталар мен діни топтарға елімізге келіп еркін жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Кеңес одағының тұсында дінге ашық тыйым салынып, құдайсыздыққа мәжбүрлегені белгілі. Қазақ қоғамының жан дүниесі осы кезеңдегі жағдайдың кесірінен белгілі бір деңгейде босап қалды. Қоғамның рухани иммунитетінің әлсіреп тұрған шағын сырттан келген миссионерлер мен діни уағызшылар оп‑оңай пайдаланып кете барды. Себебі, сол кезеңде кеңестік заманнан шыққан қазақ халқының руханияты сын көтермейтін және де түрлі жоспарларды құруға болатын бос алаңқай болатын. Осыдан біраз жылдар бұрын бір кітаптан миссионерлердің үлкен жиналыстарының бірінде болған мынадай әңгімені оқыған едім. Жиналысты басқарып отырған модератор әр тарапқа жіберіп жатқан миссионерлерге: «Сендер баратын елдеріңді өз діндеріңе кіргізу үшін кетіп жатқан жоқсыңдар. Егер олай етсеңдер, сендер оларға үлкен жақсылық жасаған боласыңдар. Сендердің міндеттерің - оларды өздерінің дінін жоғалтқан, ешқандай ұстанымы жоқ мәңгүрттерге айналдыру», ‑ деп тапсырма береді. Еліміздің төріне келіп жұмыс жасап жатқан миссионерлер осындай мақсатпен келіп жұмыс жасап жатыр.

Тәуелсіздік таңымен бірге ата дініміз - Исламға да еркіндік берілді. Әрине халқымыздың жастары тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап дін ілімдерін үйренуге ден қоя бастады. Қазақтың жастары бабаларымыздың жолын қуып ислам елдеріне ілім іздеу үшін сапар шегіп те үлгерді. Сол жастарымыздың исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне ешбір тұрғыдан бөтендігі жоқ тәлімін үйреніп келіп жатқаны баршылық. Десек те, солардың арасында қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығаратын кейбір араб, парсы, пұштун елдерінде тәлім алып келген жастарымыз бар екенін айтпай кетуге болмайды. Қазақты мүшрікке теңейтін араб елдерінен келген ұстаздар да егемендік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің Алматы, Шымкент және еліміздің басқа да қалаларында белсенді жұмыстар жасады.

Қазақ атамыз: «іштен шыққан жау жаман» ‑ дейді ғой. Жоғарыда айтып өткен басқа дінді немесе секталарды уағыздайтын миссионерлерге қарағанда, Исламның атын жамылып келіп жатқан уағызшылардың қаупі күштірек сияқты. Себебі, жалпы қазақтың қаракөздері басқа діннің және діни топтардың уағызына үрке қарайды. Көп жағдайда психологиялық, әлеуметтік, қоғамдық немесе рухани сияқты түрлі проблемаларға душар болып жүрген кісілер басқа дінді уағыздайтын миссионердің құрған тұзағына тұтылуы мүмкін.

Ал сәләфи, хизбут‑тахрир секілді басқа да исламды уағыздап келіп жатқан топтарға иісі қазақтың мұсылмандық болғандықтан, алдануы тез болып жатыр. Әрине бұл мәселе қауіпті. Себебі ақиқат, таухид, тура жол, таза ислам, Құран мен сүннет секілді керемет девиздермен әңгімені бастаған кезде, діни сауаты атеизм мен исламның ортасында қалқып тұрған қазақтың азаматы леп‑лезде осы жалған ұрандардың артында кеткенін білмей қалады.  Исламға қатысты дәстүрлі емес мұндай топтардың таралуының артында үлкен күштер тұрғандай көрінеді.

Мысалыға сәләфилік бағытты алатын болсақ, бұл топ қай қоғамға барса да, нәтижесі сол қоғамды бөліп жарумен, мүшелерінің арасына алауыздық салумен және агрессияны оятуымен көрінеді. Себебі, сәләфизм немесе уахабизм (екі атау болғанымен зат біреу) басқа дін өкілдерін қоя тұрғанда, исламға қатысты бағыттардың ешбірін мойындамайтын, олардың баршасын адасушылар мен тозақыларға теңейтін топ. Міне осы ережемен өмір сүретін бағыттың басқа пікірге агрессиямен қарап, түрлі шараларға баруы табиғи жәйт секілді. Демек, бұл - агрессия мен дөрекілікке негізделген бағыт. Бұған тарихта болған оқиғалар да куә. Сондай‑ақ, соңғы кездерде Батыс өңірінде сәләфилік‑тәкпірлік тәрбиемен сусындаған азаматтардың тарапынан болып жатқан өкінішті оқиғалар бұл қорытындыны растап отыр. Олай дейтінім еліміздегі байсалды сәләфилер тобының белді өкілдері оларды «еврейский немесе американский сәләфилер», ал біз ақиқат жолын ұстанған сәләфилерміз - деп мойындап та жүр екен.

Кейбір сарапшылар сәләфизмді байсалды және радикалды деп қарастыру керек деп жатады. Бірақ олар, байсалды сәләфилер өзара бірін‑бірі сабырға шақырып, қолға билікті алайық, содан кейін дінді адасушылардан тазартамыз деп жүргенін білмейтін сияқты. Сондай‑ақ, сол байсалды сәләфилерге әр күні қазақтың бірнеше қарапайым баласы қосылып, байсалды сәләфилердің бірнешеуі радикалдыға айналып жатқанын да қаперден шығармау керек деп ойлаймын. Ағымдағы жылдың тамыз айында Дін істері агенттігінің тарапынан құрылған ақпараттық топтардың жұмыстарынан кейін, еліміздің өңірлеріндегі байсалды сәләфилер белсенді түрде, жатпай-тұрмай қарсы дағуат жасап уағыздарын жүргізіп жатыр деген мәліметтерді де естіп жатырмыз. Сондықтан, бұл идеологияны қанша ажыратып қарағанның өзінде, бірте‑бірте толығымен тамырына балта шабатын шараларды қабылдау керек. Олай болмаса қазақ қоғамының дініне және руханиятына төнген қауіп күшеймесе әлсіремейтіні анық.

Жоғарыда айтып өткен еліміздің мұнайлы батыс өлкесінде болып жатқан қанды оқиғалардың мақсаты - қара байлықтың үстінде тұрған өлкенің шырқын бұзып, соның сылтауымен сыртқы күштер өз ықпалдарын орналастыру секілді. Сыртқы жаудың ұстанатын принципі, «бөліп жар да, билей бер» екені бес енеден белгілі. Демек, осындай жымысқы саясаттың құрбаны - өзіміздің санасы уланып қалған қаракөз бауырларымыз.

Біздің қазіргі кездегі проблемамыз - діни сауатсыздық. Енді бірде діни сауатымыз болса да, ол қате бағытта болып тұр. Діни мәселелерге жауапты қызметкерлердің өзі уахабизм мен ихуан муслиминді бірге қарастырып, ажыратып бере алмай жатады. Халықты аузына қаратып, сөзіне тоқтататын ғұламалары бар Малаизия, Түркия секілді мұсылман елдерінде халықтың бөтен діни бағыттың уағызына еру проблемасы өте сирек байқалады. Себебі, ол елдердің ғұламалары халықтың дұрыс діни сауатын қалыптастырумен бірге, бұрыс бағыттардың қателіктерін ғылыми тұрғыдан халыққа жеткізе білген. Міне осы тұста біздің қоғамға діни сауаты терең, халықты өзіне ерте алатын және оның сеніміне ие бола алатын  ғалымдардың қажет екендігін айта кету керек.

Жоғарыда айтылған ғалымдар мен мамандарды елде оқытып дайындау қажет, шетелге жібермеу керек деген ұсыныстар әр кезде көтеріліп қалады. Бірақ бұлай жасаумен біз алдымызға қойған мақсатты одан ары ұзақтата түсеміз. Себебі, біз шығысқа барып білім алу - Әл‑Фараби, Бұхари, Тирмизи секілді тарихи тұлғалардың салып кеткен сара жолы екенін ұмытпауымыз керек. Демек бұл жолды тыюға болмайды, сондай‑ақ, тыю мүмкін емес те. Егер де біз тыятын болсақ, біріншіден еліміздегі діни мамандардың сапасын төмендетеміз, атап айтқанда исламға қатысты. Екіншіден, араб елдеріне барып білім алғысы келетін жастарымызды заңсыз әрекеттерге итермелейміз. Сондай‑ақ Европа, Америка, Жапония секілді қазаққа қанша қайнаса да сорпасы қосылмайтын елдерге мемлекет арнайы бағдарлама арқылы жастарды дүняуи білім алуға жіберіп жатыр. Керек болса, шаштараздықты ары қарай оқып, терең меңгеру үшін де қазақтың жастары шетел асып жатыр. Ал еліміздің руханиятымен айналысатын дін мамандарын дайындау үшін, сол жастарды араб елдеріне жібермеген жағдайда, мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде әділетсіздік болып, наразылыққа да тап болуы мүмкін. Бұл мәселені тыю емес, реттеу және жүйелеу керек.

Ислам әлемінде және араб елдерінде қазақтың дініне қайшы тәлім бермейтін оқу орындары жүздеп саналады. Сондай оқу орындарымен келісім шарттар жасасып, қабілетті және талапты жастарды заңды жолмен жіберіп, оны толық қадағалауға алу керек. Бұл шара мемлекеттің тарапынан Болашақ бағдарламасы секілді арнайы жүйенің аясында іске асуы тиіс. Әрине кейбір сыншылар бұл ұсынысқа қатысты Қазақстан зайырлы мемлекет, сондықтан мұндай діни мәселені қарамағына ала алмайды деп қарсы пікір айтуы мүмкін. Бірақ мемлекет қанша зайырлы болса да, қоғамның құлдырауына жол бермей, алдын алу шараларын қабылдауға міндетті. Діни мамандар мәселесі осындай жолмен Түркия секілді зайырлы мұсылман мемлекетінде шешіліп келе жатыр. Сондай болған жағдайда оқуға кеткен жастар мемлекет және ел алдындағы борышын көбірек сезінері де сөзсіз. Сондай‑ақ, қоғамға жанашыр, қазақтың қамын жейтін діни мамандардың саны мен сапасы да артары даусыз.

Ислам дініне қатысты халықтың сауатын ашуға жұмыс жасап отырған негізгі ресми орын деп мешіттерді айта білеміз. Қазақтың жастары неге басқа топтардың жетегінде кетіп жатыр,? Себебі, мешіттердегі имамдарымыздың сауаты да мәдениеті де өте төмен болып, келген халықты қанағаттандырмай жатады. Сондықтан, имамдардың сауаты мен мәдениетін дамыту шараларын қабылдау керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын сынауды және мазақтауды тоқтатып, осы дәстүрлі ұстаныммен жұмыс жасап жатқан негізгі діни институтқа халықтың сенімін арттыру керек. Еліміздің болашағына жаны ашитын тараптардың баршасы Діни басқарманың саясының астына халықты жинап беруге жұмыла атсалысып жұмыс жасау керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тек формальдық деңгейі мен мәртебесін ғана емес, оның іс жүзіндегі мәртебесін жан‑жақты көтеру қажет. Қазақ қоғамын Діни басқармаға сеніп арқа сүйегенде ғана исламның атын жамылған немесе тарихымыз бен дінімізге түк қатысы жоқ ағымдар мен топтардың жетегінен аман алып қала аламыз. Сонымен қатар, білімді жастарды дұрыс әрі тиімді пайдалану мәселесін қолға алу керек. Білімді мамандарды тиімді және дұрыс пайдаланбау кемшілігі тек мешіттерде ғана емес ғана емес, дінге қатысты мемлекеттік органдардың бөлімдерінде де байқалады.

Қазіргі жастардың арасында белгілі бір топқа қатысты болмаса мұсылман бола алмайтындай түсінік қалыптасты. Халықтың діни сауатын ашумен бірге, қоғамның санасына ешбір топқа қатысы жоқ «қарапайым мұсылман» ұғымын қалыптастыру керек. Себебі біздің қайсыбір қаракөзіміз белгілі бір діни топқа қатысты болса, сол топтың шеңберінің ішінде әрекет етеді. Яғни сол топтың құрылымына бағынышты әрі тәуелді болады. Әрине бұл жағдай оны болашақта түрлі теріс қылықтарға итермелеуі әбден мүмкін. Ал атадан келе жатқан біздің дәстүрлі ұстаным - Ханафи мәзхабы және Матруди мектебі қазақтың баласын тек қазақ қоғамының мүддесіне тәуелді етеді. Міне осы тұста біздің Діни басқарманың рөлі - негізгі рөл болу керек.

Тағы бір айта кететін олқылық, дінге қатысты көп адамдар «Ханафи» мәзхабын ұстанамыз, осы дұрыс мазхаб дегенімен, бұл мазхаб туралы көп нәрсе білмей жатады. «Адам білмегенінің дұшпаны» делінеді ғой. Мұндай кемшіліктің кейде мүйізі қарағайдай ағаларымыздың да басында бар екенін көреміз. Білсе де қате тұстары көп немесе ханафи мазхабына мүлде қайшы пікірлерді айтып, тірліктерді істеп жүргенін көресің. Солардың ішінде имамдар да болып жатады. Біздің жолымыз ханафи мәзхабы екенінде дау жоқ. Бірақ біз ханафилікке қатысты надандыққа жақын қазіргі жағдаймызбен, бұл ұлы мектепке зиянымызды тигізіп, сәләфилердің тарапынан одан ары қаралануға себепші болып жатырмыз. Сондықтан, бұл мектептің қазақ жеріндегі мәртебесін көтеру және дәріптеу үшін негізгі түпнұсқа еңбектерін қазақ тіліне аударып басу, түрлі ағарту шараларын ұйымдастыру керек. Бұл еліміздегі ислам тақырыбының негізгі орындалуы керек шараларының бірі болу тиіс. Біз сонда ғана мынау қабырғасы сөгіліп, ыдырап бара жатқан қазақтың жастарын бір тудың астына біріктіре алатын боламыз.

Шохаев Еркінбек Керімбекұлы

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

Философия кафедрасының оқытушысы,

дінтану магистрі

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282