Бізге қандай Қазақстан керек?
Бүгінгі күні қазақ тілінің болашағы жайлы көптеген пікірталастар өрбуде. Өз ойымызды ортаға салмастан бұрын төмендегі мәліметтерге көз салуды ұсынып отырмыз. Қазақстанның демографиялық ахуалына мән берейік.
1000 адамға шаққанда қазақ, орыс, украин халықтарының табиғи өсімін көрейік.
2009ж 2010ж
Қазақтар 20 адам 20 адам
Орыстар -1 адам -2 адам
Украиндықтар -15 адам -16 адам
Бұдан Қазақстанда еуропалық нәсілдердің табиғи өсімінің төмендеуін көреміз.
Ал енді 1000 адамға шаққанда қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің көрсеткішін қарастырайық:
2009ж 2010ж
Қызылорда 20 адам 20 адам
Жамбыл 18 адам 18 адам
Оңтүстік Қазақстан 23 адам 23 адам
Маңғыстау 26 адам 23 адам
Атырау 20 адам 20 адам
Орташа көрсеткіш: 21 адам 20 адам
Бүгінгі күні қазақ тілінің болашағы жайлы көптеген пікірталастар өрбуде. Өз ойымызды ортаға салмастан бұрын төмендегі мәліметтерге көз салуды ұсынып отырмыз. Қазақстанның демографиялық ахуалына мән берейік.
1000 адамға шаққанда қазақ, орыс, украин халықтарының табиғи өсімін көрейік.
2009ж 2010ж
Қазақтар 20 адам 20 адам
Орыстар -1 адам -2 адам
Украиндықтар -15 адам -16 адам
Бұдан Қазақстанда еуропалық нәсілдердің табиғи өсімінің төмендеуін көреміз.
Ал енді 1000 адамға шаққанда қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің көрсеткішін қарастырайық:
2009ж 2010ж
Қызылорда 20 адам 20 адам
Жамбыл 18 адам 18 адам
Оңтүстік Қазақстан 23 адам 23 адам
Маңғыстау 26 адам 23 адам
Атырау 20 адам 20 адам
Орташа көрсеткіш: 21 адам 20 адам
Осы көрсеткіштерді 1000 адамға шаққанда орыс тілді облыстардың табиғи өсімімен салыстырайық:
2009ж 2010ж
Қостанай 2 адам 2 адам
Шығыс Қазақстан 5 адам 5 адам
Павлодар 6 адам 6 адам
Солтүстік Қазақстан 1 адам 1 адам
Қарағанды 6 адам 6 адам
Орташа көрсеткіш: 4 адам 4 адам
Сондай-ақ қазақ тілді облыстарда табиғи өсімнің абсолютті көрсеткіштерін де көрейік:
2009ж 2010ж
Қызылорда 14000 адам 15000 адам
Жамбыл 19000 адам 19000 адам
Оңтүстік Қазақстан 57000 адам 61000 адам
Маңғыстау 11000 адам 12000 адам
Атырау 10000 адам 11000 адам
Орташа көрсеткіш: 102000 адам 118000 адам
Енді осы көрсеткіштерді орыс тілді облыстардың табиғи өсімінің абсолютті көрсеткіштерімен салыстырайық:
2009ж 2010ж
Қостанай 2000 адам 2000 адам
Шығыс Қазақстан 7000 адам 6000 адам
Павлодар 5000 адам 4000 адам
Солтүстік Қазақстан 800 адам 400 адам
Қарағанды 8000 адам 7600 адам
Орташа көрсеткіш: 23000 адам 20000 адам
Бұл бізде қазақ тілді облыстардың туу және табиғи өсу көрсеткіші орыс тілді облыстарға қарағанда 7 есе, ал 1000 адамға шаққандағы көрсеткіштерде 5 есе жоғары екенін көрсетті. Мәліметтерге сүйенсек, қазақ халқының туу және табиғи өсу көрсеткіші еуропалық халықпен салыстырғанда жоғары екенін де айта аламыз.
Қала халқының өсуі қашанда ауыл тұрғындарының санатына тәуелді. Егер ауыл халқының үлес салмағы күрт кемісе ұлт қартаюы орын алмақ. Себеп, ауылдағы туу көрсеткшінің қаладағыға қарағанда жоғары болуында. Мұндағы қала халқының туу көрсеткіші ұзақ мерзімді кезеңде қала халқының қарапайым санын шығаруға қауқарсыз. Демек, «сырттан құйылу болмаса іште сұйылу болары» сөзсіз.
Ауыл халқының көп бөлігін қазақ халқы құрап отыр. Ауылдық жердегі басым бағыттағы тіл - қазақ тілі.
Жоғарыдай айтылғандай, ауыл халқының қалаға келуіне байланысты, ертелі-кеш Қазақстандағы қала халқының басым бөлігі қазақы және қазақ тілді болмақ. Қазақ тілі - Қазақстан территориясында негізгі қарым-қатынас тіліне айналады. Біздің бағамдауымызша, бұл келесі он-он бес жылдың ішінде орын алары хақ. Осылайша Қазақстандағы қарым-қатынастың негізі саналуға тиіс қазақ тілінің мәселесі айқын табиғи заңдылық күшінде шешілетін болады.
Біздің қоғамның кейбір өкілдері әлі күнге дейін қазақ тілін сақтап қалып, қолданыс аясын кеңейту жайлы сөз қозғауда. Алайда бұл мәселе объективті табиғи заңдылық демографиямен шешімін тауып отыр.
Біршама жылдан кейін бұл баршаға айқын болмақ..
Бізді толғандыратын және ұлт алдында тұрған нақты сұрақ келесі: Біз тек қазақ тілінде сөйлейтін Қазақстанды иеленеміз бе, әлде қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде қажетті білім алатын Қазақстанда ма?
Егер біз Қазақстанды тек қазақ тілімен иеленіп, ана тілімізде қажетті білімдер ала алмасақ, біз ұлт ретінде ұтыламыз. Біз тәуелсіз ел ретінде өмір сүруді тоқтатамыз. Мұндай жайлар тарихымыздан белгілі. Кезінде елде барлығы қазақ тілінде сөйлеп, ұлттық дәстүрлерді ұстанған еді. Бұл бірақ көмектеспеді, қайта езгінің астына салды. Ұлтымыздың сондай жағдайға душар болу себебі патшаның саясатынан емес, біздің әлсіздігімізден болатын. Әлсіздерді қашанда ұрған, ұрып жатырда, ұрады да. Бұдан шығатын қорынытынды: белді бекем буып, кінәліні іздеп арыздануды тоқтатып, ұлт ретінде күшею керек.
Егер біз Қазақстанды қазақ тілі үстемдік еткен және ана тілімізде қажетті білім ала алсақ, біз ұлт ретінде ұтамыз. Халықтың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзіміздің өндіріс кешендерімізді салып ұлттық инженерлік-техникалық мектептерімізді қалыптастырамыз.
Қазақ тілінде қажетті білім нәрін бойымызға дарыту үшін бізге ең бастысы барлық маңызды деген экономика, саясат, философия, география, биология, медицина, физика, химия және т.б. салалардағы қазақ тілінің сапалы аудармаларын жасауымыз керек. Бүгінгі таңда тек қазақ тілін білетін адам инженерия, механика және аэродинамика саласында білім деңгейі бойынша неміс, американдық және француздық азаматпен тең келмейді. Себебі, ол осы салаларда қазақ тілінде қажет білім таба алмайды. Сондықтан тек қазақ тілін білетін қазаққа қажетті білім алу үшін басқа тілді меңгеруге мәжбүр. Сол адам ана тілінде сапалы білім алу үшін біздер жоғарыда аталған еңбектердің қазақ тілінде сапалы аудармасын жасауымыз керек. Айтылған барлық еңбек саласындағы аудармалар сол саланың білікті мамандары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Механикалық аударма мәселені шешпейді, тек жұмыс барысын қалыптастырады.
Біз ұлттарды тілдік деңгейде біріктіруіміз керек. Бүгінгі таңда ұлттар тек әкімшілік шара есебінен ғана ұсталып тұр. Бүгінгі күні ұлтымыздың тілдік деңгейде не қазақ тілі, не орыс тілі біріктіре алады. Бұл не қазақ тілі, не орыс тілі барлық этникалық топтар үшін біріктіруші тіл болмақ.
Енді Қазақстанда қандай жағдай қалыптасып жатқанына назар аударып, нәтижесі қайда әкелетініне мән берейік. Бүгінде Батыс және Оңтүстік Қазақстандағы қазақтар орыс тілінде сөйлеспейді. Өз кезегінде орыстар да жаппай қазақ тілінде сөйлемеуде. Дегенмен, жоғарыда айтылған демографиялық жағдай мен қазақ халқының табиғи өсімі ерте ме, кеш пе орыс тілін Қазақстанда қолданыстан шығарады. Сәйкесінше біздер аталған салалар бойынша қазақ тілінде қажетті білімді қалыптастырмасақ, халық лезде деградацияға ұшырайтыны сөзсіз. Себебі халықтың көп бөлігі қазақ тілінде сөйлегенмен, қазақ тідінде инженерия, механика, аэродинамика және медицина салалары бойынша қажетті білімді ала ала алмайды. Бұл Қазақстанды Нигерияға, одан кейін Ауғаныстанға айналдырады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін қазақ тілінде алуға болатын қажетті білім санын және ондағы қазақ тіліндегі қолданыс аясын арттыру керек. Өйтпеген жағдайда біздің ұрпақтарымызға дұрыс медициналық қызметті алуы үшін Еуропаға баруына тура келеді. Немесе мұндай сапарға ақша болмай медицинадан бейхабар дәрігердің қолына өзіңді тапсыруға тәуекел етесің.
«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы
«Абай-ақпарат»