Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 7099 0 пікір 5 Қаңтар, 2012 сағат 09:45

Светқали Нұржан. Ақындарын қарғап жатыр мына жұрт!

«Ақындар – азғындар, егер олар Алланы зікір етпесе…»
(Аят).
«Ақындар – сатқындар!…»
(Ғаламтордағы пікірлерден).

Бұйырды Алла:
«Жүрегіңді тазала!..» –
Зікір еттім – тартты кәпір жазаға.
Пікір еттім, шүкір еттім сонда да,
Оңғаққа ермей, қарсы тұрдым қазаға.

Тепкісінен, соққысынан не сұмның
Енді ғана енген шағы ед есімнің.
Абай-кектің жасы болып егілдім,
Махамбеттің басы болып кесілдім.
Мағжан менен Міржақып боп шатылдым,
Шәкәрім мен Ілияс боп атылдым…
Өз жұртымнан өле қарғыс естірдей
Не жазығы барын айтшы – Ақынның?!

Оққа мені байламаған тасыр жоқ,
Жоққа мені айдамаған ғасыр жоқ.
Көкмый сұмның үріп ылғи үкімі,
Отқа үйтілдім Абдолла мен Қасым боп.

Елді ойладым ортасында думанның,
Асан-Қайғы тастап кеткен туды алдым.
Мұқағали, Жұмекен боп буландым,
Төлеген мен Жұматай боп уландым.

Сонда да түк мұздамады от-жүрек,
Қанның ізін қымтамадым боқ күреп.
Желтоқсанның алаңында қан қаптым,
Жендеттердің табанында тепкі жеп…

Атсаң-дағы, жатсам да әлі қансырап,
Қайсың маған келіп едің Хал сұрап?
Жаңаөзеннің қатқан қаны үстінде,
Аққан жасым тамшылап тұр, тамшылап!

«Ақындар – азғындар, егер олар Алланы зікір етпесе…»
(Аят).
«Ақындар – сатқындар!…»
(Ғаламтордағы пікірлерден).

Бұйырды Алла:
«Жүрегіңді тазала!..» –
Зікір еттім – тартты кәпір жазаға.
Пікір еттім, шүкір еттім сонда да,
Оңғаққа ермей, қарсы тұрдым қазаға.

Тепкісінен, соққысынан не сұмның
Енді ғана енген шағы ед есімнің.
Абай-кектің жасы болып егілдім,
Махамбеттің басы болып кесілдім.
Мағжан менен Міржақып боп шатылдым,
Шәкәрім мен Ілияс боп атылдым…
Өз жұртымнан өле қарғыс естірдей
Не жазығы барын айтшы – Ақынның?!

Оққа мені байламаған тасыр жоқ,
Жоққа мені айдамаған ғасыр жоқ.
Көкмый сұмның үріп ылғи үкімі,
Отқа үйтілдім Абдолла мен Қасым боп.

Елді ойладым ортасында думанның,
Асан-Қайғы тастап кеткен туды алдым.
Мұқағали, Жұмекен боп буландым,
Төлеген мен Жұматай боп уландым.

Сонда да түк мұздамады от-жүрек,
Қанның ізін қымтамадым боқ күреп.
Желтоқсанның алаңында қан қаптым,
Жендеттердің табанында тепкі жеп…

Атсаң-дағы, жатсам да әлі қансырап,
Қайсың маған келіп едің Хал сұрап?
Жаңаөзеннің қатқан қаны үстінде,
Аққан жасым тамшылап тұр, тамшылап!

Жан жыртығын тамған жаспен тығындап,
Ұнжырғасын езіп, үзіп ұғым жат, –
Туған Тілдің ең ақырғы Демі боп,
Ақын-жүрек шырылдап тұр, шырылдап!..

Жыртық жөргек – жетім жырды бөлеген
Жүрегімнен басқа Саған не берем? –
Қазынасын тонап алған Қазақтың
Хас қарақшы, басты арабшы мен емен!

Зор қылдым ба:
«Ет, деп, мені зиярат!?» –
Қашан Саған келтіріп ем зиянат?
Әбілетке қарғыс айтып отырып,
Әділетке неге етесің қиянат?

Кір жұқтырып алмайын деп атыма,
Тірі жанның қол сұқпадым хақына.
Шатпақшылды шекпенқұмар, шенқұлы,
Шын Шайырдың қоса көрме сапына!

Айтшы, айташым! –
Кімді саттым? Қай жерде?
Бар жазығым – әкелгенім бәйгі елге.
Сенсіз де мен аз таланып жүргем жоқ,
Ғайбат атты бөгелек пен сәйгелге.

Көңіл қалып дос-дұшпанның бәрінен,
У жаладым қу дажалдың кәрінен.
Бар байлығым – жырым еді, бауырым,
Оны кімнен, қашан аяп қалып ем?

Сол байлықтан басқа менен сый күтпе,
Сен қыран да мен түлкі емен, – шүйлікпе!
Шарам қайсы – киелі сөз өтпесе:
Жүрегі – тас, тілегі – нас билікке?!

Сенсіз де мен шеккенім жоқ аз жапа,
Мен де жұтта – жұртта қалған боз бота…
Ақын -жүрек – шырылдаған боз торғай,
Балапанын жұтып жатқан аждаһа.

Хақ жарылқап Атар Таңға жаршы едім,
Өкініш жоқ – сол мұратпен алса өлім.
Сол жүректі нысанаға байласаң, –
Аждаһадан не айырмаң бар сенің?!

Көз, көмейің үңірейіп оқпанша
Атпақпысың – оқпаныңда оқ қалса? –
Жетім жырым, қан-жүрегім – Сенікі,
Атып жерсің!
Асып жерсің, көп болса!..

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565