Әзербайжан: Армения келісімді өрескел бұзды!
Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі
Ресей Федерациясының дәнекерлігімен Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өткен кездесуінде қол жеткізілген 2020 жылдың 10 қазан күні сағат 12:00-ден бастап гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Арменияның қарулы күштері бұл келісімді өрескел бұзды.
Атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату режимі күшіне ене салысымен, Армения қарулы күштері Әзербайжанның Агдам және Тертер аудандарын зеңбірекпен атқылады. Содан кейін Армения қарулы жасақтары Әзербайжанның Гадрут және Жәбраил бағытында шабуыл әрекетін жасады (алғашқы шабуылдан бірнеше сағат өткен соң).
Армения қарулы күштерінің Суговшан аумағында армян солдаттарының мәйітін жинап жүрген, ақ ту тігілген санитар машинасын атқылауы нәтижесінде бір медқызметкер ауыр жарақат алды.
11 қазан түні майдан шебінен алыс орналасқан, көлемі бойынша Әзербайжанның екінші үлкен қаласы Гянжа Армения қарулы күштері тарапынан ракеталық шабуылға ұшырады. Шабуыл нәтижесінде 7 азамат қаза тапты, араларында балалар да бар, барлығы 34 адам жарақат алды.
Атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату туралы келісімнен кейін Армения қарулы күштерінің бейбіт тұрғындар мен қалаларға оқ жаудыруы «варварлықтың» айқын мысалы, ал Армения басшылығының атысты тоқтатуға шақыруы екіжүзділік.
Арменияның бейбіт тұрғындарға, үйлерге, азаматтық объектілерге және медициналық қызметкерлерге, Әзербайжанға қарсы агрессия саясаты шеңберінде қасақана оқ жаудыруы бұл елдің халықаралық гуманитарлық құқық және Женева конвенцияларымен бірге халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларды елемейтінін, өз міндеттерін сөзсіз бұзатынын және гуманизмнің негізгі қағидаттарынан мүлдем алыс екенін тағы бір жолы көрсетті.
Армения тарапынан жасалған агрессия актілерін қатаң түрде айыптаймыз және халықаралық қауымдастықты басқыншы ел – Арменияны халықаралық құқық пен халықаралық міндеттерді ұстануына мәжбүрлеу мақсатында батыл қадамдар жасауға шақырамыз.
Аумақтағы ахуал жауапкершілігі Арменияның әскери-саяси басшылығының мойнында.
Statement of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Azerbaijan
Despite the agreement reached during the meeting of the Foreign Ministers of the Republic of Azerbaijan and the Republic of Armenia in Moscow with the mediation of the Russian Federation, to observe a humanitarian ceasefire from 12:00 pm on October 10, 2020, the Armenian armed forces continue to grossly violate the agreement.
Immediately after the establishment of a humanitarian ceasefire, the Armenian armed forces fired on Agdam and Tartar regions of Azerbaijan. A few hours later, Armenian armed forces tried to attack in the direction of Hadrut and Jabrayil.
A medical worker was seriously injured as a result of the shooting by the Armenian armed forces of a sanitary medical vehicle, clearly marked with a white flag, collecting the bodies of Armenian soldiers in the area of Sugovshan.
On the night of October 11, Ganja, the second largest city in Azerbaijan and far beyond the frontline, came under rocket fire by the Armenian armed forces. The attack killed 9 civilians and injured 34 others, including minors.
The shelling of civilians and cities by the Armenian armed forces after the humanitarian ceasefire agreement is another clear example of barbarism and shows that the ceasefire calls of the Armenian leadership are nothing but hypocrisy.
Armenia's deliberate firing on civilians, homes, civilian objects and medical personnel as part of its aggressive policy against Azerbaijan once again demonstrates the country's disregard for fundamental norms and principles of international law, including international humanitarian law and the Geneva Conventions, as well as shows that it is clearly violating its obligations and is far from the principles of humanism.
We strongly condemn these acts of aggression by Armenia and call on the international community to take decisive steps to force the aggressor Armenia to comply with international law and its international obligations.
The full responsibility for the situation in the region lies with the Armenian political and military leadership.
ФОТОБАЯН:
Abai.kz