Қажымұқан Ғабдолла. Қазақстан – Казакстан бола ма?
...«Естімеген елде көп» демекші, таяу күндері біз білмейтін қазақтың бір топ тарихшылары, Мұхтар Шахановтың лексиконымен айтсақ, «туфли жалаушылықтың» мүлдем жаңа түрін тауып, жұртшылықты шу еткізді. Олар Қазақ Елін: «Казакстан» деп атайық!» деген ұсыныс-сымақ айтты.
«Казак» сөзінің - ежелгі түрік-монғол тілінен аударғанда «тайпа мен рудан жырақ, өз бетімен көшіп-қонып, нәпақасын тауып жүрген еркін де тәуелсіз жауынгер» дейтін мағынаны білдіретінін дәлелдеуге тырысқан ғалымдар қазіргі орыс казактарының бір заманда «монғол-татар» деп аталып түркі казактарының бір бөлігі болғандығын «еске салды». Сөйтіп, «Бүгінгі қазақтар мен орыс казактары, жалпы, Қазақ Елін мекендейтін барлық ұлттар бірігіп, өздерін «казак» деп атасақ дұрыс болар еді» - деп, сандырақ соқты...
Мұның өзі «кешегі түркілік тамырды аңсау емес, тек кімнің, қайдан шыққандығын анықтап, әркімнің өз қанын білуіне талпынушылық қана» деген бастамашылар, бұл идеяны «қазіргі Қазақстан халқын біріктіретін бірден-бір мықты аргумент» - деп есептейді...
Билік те, басқалар да қарапайым ғана ақиқатты мойындағысы келмейді. Кез келген адам баласының болмысында аса қуатты қарқынмен дамып, алапат күшке ие болған сезім - ұлтшылдық. Адамның ұлтын зорлықпен жойып жіберу қиын, тіпті, солай еткен күннің өзінде де ол адам басы көрге жеткенше, өзінің ұлтын ұмытпайды да, ұмыта алмайды да...

Әрбір есі дұрыс, ақылы бүтін адам өзінің ұлтымен, ұлттық тілімен, тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, әдет-ғұрпымен, салт-санасымен мақтануға құқылы. Айталық, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда миллиондаған қазақ тұрақты тұрып жатыр. Сонда «бастамашыларға» салсақ, сол қазақтардың бірі «қытай», екіншісі «орыс», үшіншісі «өзбек» болып жазылуы керек пе?...
Ендеше, «Атың шықпаса, жер өрте» демекші, отандас ғалымдардың айдың, күннің аманында жер астынан жік шығарғаны несі?!. Біздіңше, бұл - «іштен шыққан шұбар жыландардың» қазақтарға қарсы ұйымдастырған кезекті шабуылы.
Бұл - күллі қазақ зиялыларының арасынан жалғыз өзі ұлтсыздануға атойлап аттанған Мұхтар Шаханов ағамыздың ең басты жан жарасын тырналау, яғни, құйтырқы саясатын ішке тартқан биліктің қазақ ұлтын түбімен жойып жіберуге арналған «Қазақстандық ұлт» деп аталатын жобасының тағы бір айналып соғуы...
...Сөйтсек, әлгі бастамашылар «Аспандау» ғылым-білім қоры» деп аталатын мекеменің ғалымдары көрінеді. Атын естігенде, менің есіме Мыңжан Байжанин досымның бір әңгімесі түсті. Мәкең осыдан бірнеше жыл бұрын «Хабар» агенттігінде қызметте жүргенінде, қазақтың екі өнерпаз жігіті теледидар бағдарламаларына көрінуіне көмектесуін сұрайды. Жігіттің бірі баянда ойнайды екен де, екіншісі, домбыра шертетін көрінеді. Сөйтіп, бірігіп-ұжымдасып, дуэт-топ құрып алған екен. Мыңжан жігіттерден: «Топтарыңның аты қалай?» - деп сұрайды.
Жігіттер қосарлана жауап беріп: «Аспан!» - деп, қойып қалады...
Сонда Мәкең біраз үнсіз тұрып: «Жігіттер, дұрыс қой. Өнер адамы да, қарапайым пенде де әрдайым биікке ұмтылуы керек. Бірақ, ой жеткенімен, қол жетпейтінге тыраштанудың не қажеті бар? « Арыстан айға шауып, мерт болыпты» демей ме, сендер жерге түсіңдер. Хақ Тағала өзекті пендесіне кең байтақ жерді нәсіп еткен. Аспан да, басқаң да -- Алланікі! Жерде отырып, жайғасып сөйлесейік!» - депті...
Сол Мәкең айтпақшы, «Аспандау» ғылым-білім қорының» ғалымдарына «аспандамай жерге түсіңдер!» дегіміз келеді.
«Абай-ақпарат»