Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 14 Қаңтар, 2012 сағат 07:18

Сайын Бөлек. «Оралмандар кінәлі... ал, Құлыбаев президент болады»

Президент Назарбаевтың саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Тимур Құлыбаевтың болашағына қатысты болжамын тағы да жалпақ жұртқа жария етуде. Бұл жолы ол Тимур Асқарұлы алатын алдағы биік асу турасында Лондондағы Чатэм Хаус ұйымында, Батыс саясаткерлері мен сарапшыларының ортасында отырып айтты. Ертісбаевтың Чатэм Хауста не деп ескенін халықаралық «Азаттық» радиосының тілішілерінен білдік. Алдымен аталған ұйым мүшелерімен саяси кеңесшіміздің кездесуіне тоқталайық.

«Чатэм Хауст ұймы осы жолы кездесу барысындағы әңгімені журналистердің құлағына тигізуді құп көріпті» деп жазады  http://www.azattyq.org сайтының қазақ редакциясы. Радио тілшісі Ертісбаевтың өзімен сұхбаттаспаса да Лондон университетіне қарасты Шығыстану және африкатану мектебінің доценті Бавна Давемен тілдесіп қалған көрінеді. Даве ханым «Азаттықтың» тілшісіне Ертісбаевтың Чатэм Хаустке келгенін, Мәжіліс сайлауынан кейін Жаңаөзен оқиғасына тоқталғанын айтып беріпті. Даве ханымның сөзіне қарағанда, Ертісбаев оқиғаға ораламандарды айыпты санаған елдегі пікірін Батысқа барған сапарында айна қатесіз қайталағанға ұқсайды.

Президент Назарбаевтың саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Тимур Құлыбаевтың болашағына қатысты болжамын тағы да жалпақ жұртқа жария етуде. Бұл жолы ол Тимур Асқарұлы алатын алдағы биік асу турасында Лондондағы Чатэм Хаус ұйымында, Батыс саясаткерлері мен сарапшыларының ортасында отырып айтты. Ертісбаевтың Чатэм Хауста не деп ескенін халықаралық «Азаттық» радиосының тілішілерінен білдік. Алдымен аталған ұйым мүшелерімен саяси кеңесшіміздің кездесуіне тоқталайық.

«Чатэм Хауст ұймы осы жолы кездесу барысындағы әңгімені журналистердің құлағына тигізуді құп көріпті» деп жазады  http://www.azattyq.org сайтының қазақ редакциясы. Радио тілшісі Ертісбаевтың өзімен сұхбаттаспаса да Лондон университетіне қарасты Шығыстану және африкатану мектебінің доценті Бавна Давемен тілдесіп қалған көрінеді. Даве ханым «Азаттықтың» тілшісіне Ертісбаевтың Чатэм Хаустке келгенін, Мәжіліс сайлауынан кейін Жаңаөзен оқиғасына тоқталғанын айтып беріпті. Даве ханымның сөзіне қарағанда, Ертісбаев оқиғаға ораламандарды айыпты санаған елдегі пікірін Батысқа барған сапарында айна қатесіз қайталағанға ұқсайды.

- Ертісбаев мырзаның сараптамасында Жаңаөзендегі мәселелер қате көші-қон процесінің шарықтау шегі екендігі айтылды. Сосын ол Жаңаөзен халқының саны соңғы 15-20 жылда Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген мигранттардың себебінен екі есеге жуық өсіп кеткеніне баса назар аударды. Атап айтпаса да оның «мигранттар» деп оралмандарды меңзеп отырғаны әбден түсінікті еді, - дейді Бавна Даве (http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_yertisbaev_in_chatham_house/24450857.html) .

Еңбек мигранттары мен оралмандарды шатастырып шатқаяқтаған Ертісбаев сөзінің соңында Жаңаөзен оқиғасына тікелей қатысы бар адам Құлыбаевтың алдағы (?) президент сайлауына үміткер ретінде қатысуға мүмкіндігі зор деп салыпты.

Қайтеміз, саясат мәселесіндегі бас кеңесшіміздің сиқы - осы. Ол үшін жалдамалы жұмысшы - гастарбайтер де, Атажұртын аңсап оралған қазақ та бір. «Екі қойың бір тиын». Екеуінің арасы жер мен көктей екенінін ұрып тұрған Ертісбаев жоқ. «Оралман»  дегеннің уақытша мәртебе екендігін, Қазақстан азаматтығын алаған соң қандасың өзің қатарлы мемлекеттің толық қанда мүшесі болып табылатынан ескеретін Ертісбаев емес бұл. Барды, балпылдап сөйледі. Сонымен істі тындырдым деген оймен Астанаға қайтты.

Жә, делік. Әйткенменде осы Ертісбаев Құлыбаевты неге қайта-қайта «Елбасының мұрагері», «президентіктен үміткер» деп айта береді. Еске түсірейік. Өткен күзде Назарбаев  денсаулығын тексертіп, сәл-пәл сырқаттанып Батыста емделіп келді. Сол кезде Ермұхмет Ертісбаев Тимур Асқарұлы туралы әлгіндей әңгімені бастай жөнелген еді. Артынан онысы ел назарын Назарбаевтың денсаулығынан басқаға бұрудың әрекеті болғанын өзі айтып қойды. «Мұрагер жайындағы болжамыңа жұрт иланып қалды ма?» деп Назарбаев күлді» деген сөз баспасөзде  басқа емес, бас кеңесшінің аузынан тарады. Енді міне, тағы да сол мұрагерлік пен үміткерлік туралы әңгіме. Әңгіменің иесі де сол баяғы кісіміз. Бар пәледен құтқаратын Құлыбаев жөніндегі әңгіме болғанымен тап қазір оның еш қисыны жоқ емес пе? Құлыбаевты құрықтап әкеліп қуып тықсаң да күн тәртібінде тұрған бас тақырыпты өзгерте алмайсың. Ол - Жаңаөзен. Жаңаөзенге қатысты істің ақ-қарасы. Ендеше, Ертісбаевтың «ертегісін» қай қисынға сыйдырсақ жөн болар екен. Мәселе мынада ма деп ойлаймыз. Ол үшін 2007 жылғы мерзімінен бұрын тараған Мәжіліс пен сол кездегі сайлауды еске түсірген дұрыс. Жадымыздағыны жаңғыртып алу үшін мына бір ресми ақпаратты ұсынамыз: «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  Қазақстан Президенті Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін аяқтады».

Үшінші шақырылған Мәжіліс Конституцияға енген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты депутат Нұрбах Рүстемов жасаған мәлімдемеден кейін тарап кеткен еді. Ал, Конституцияда тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттілігі күшейе түскен болатын. Артынан аңғарғанымыздай Ата Заңға енген өзгеріс Рахат Әлиевтің Батысқа кетіп, ат кекілін кесісерінің алдында билікке аса қажет болған көрінеді. Әлиев пен Әблязовтың ақпараттық шабуылынан Елбасын Конституциядан кезекті рет орын алған өзегістер мен толықтырулар қорғап тұр. Бізде тұңғыш перзидент ретінде Назарбаевтың айрықша мәртебесі заңмен ғана емес, Конституциямен де қорғалады. Заңа да, Конституция да, ел ішінің момындығы мен бірлігі де Елбасымыздың еркін қимылдауына кепілдік беріп келеді. Әйткенменде, Назарбаев билігіне қарсы әрекеттер әл-әзірге тиыла қоймайтын сияқты. Ендігі шабуыл «мұрагер әм үміткер» - Құлыбаевтың тарапынан жасалуы ықтимал. Құлыбаев Тимур Асқарұлы - Қазақстандағы ең бай адам. «Форбс» журналы оның жеке қорында 5 млрд доллардан  астам қаржысы барын біліп қойды. Елдегі қаржылы топтар мен мемлекеттік лауазымды қызметтегілер де Асқарұлының айналасына топтасып үлгерген. Шетел инвесторларына да әбден танымал тұлға. Сонысымен де ол қауіпті бәсекелес. Сондықтан, Жаңаөзен оқиғасы осындай арындап тұрған азаматты ауыздықтау үшін керемет ілік болып табылады. Үлкен күйеу Әлиевтің салған әлегіне төзімділік танытып соңында шарт кеткен Назарбаев ортаншы күйеуге қатысты да шалт қимылдауы мүмкін.  Соның алғы шарты ретінде мерзімінен бұрын тараған төртінші Мәжіліс пен  Ертісбаевтың болжамдары деп білеміз. Ел іші томаға тұйық, томпиып алып байи беруді ғана ойлайтын Құлыбаевты емес, саяси амбициясы пісіп-жетілген Құлыбаевты тани түсуі керек. Оның президентке ықпал ететін жан-жақты құрылымдық күшке ие болғанын да халық білуі қажет. Сондай Құлыбаевты ығыстырудың алғашқы әдісі оның болашағына болжам жасап отыруға саятын сықылды. Әйтпесе, саяси кеңесші бекереге сайрамайды ғой. Әне, ол іші күйіп жүрген жұрттың жарасына тұз сепкендей етіп тағы да: «Жаңаөзен оқиғасына оралмандар кінәлі... ал, Құлыбаев президент болады» деді. Неге? Не үшін?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607